Home » Әдебиет » СӨЗДІҢ САЛМАҒЫ

СӨЗДІҢ САЛМАҒЫ

       Заман ұстараның жүзіндей мың құбылып тұр. Жаһандану деген жалмауыз желкеден қарауылдайды. Әлем келбеті әлемтапырақ. Ненің не екенін жастар түгілі үлкендердің өзі түсінуден қалған. Тәуелсіздік алған жылы дүниеге келгендердің өзі отызды алқымдады. Алда – қырық! Дегенмен, біз әлі де оларды баласынамыз. Елдің алдына шығып, кешегі өткен абыз ақсақалдар сияқты суырылып сөз айтуға жарайтындарды аға буын арасынан іздейміз. Бірақ, олар аз. 
       Жасы келіп қалған адам жұрт алдына шыққанда біз одан елдің сөзін естігіміз келеді. Отбасы, ошақ қасының әңгімесін емес, жеке басының жағдайын емес, ел болашағы не болады деген алаңжар сөздері көпшілік жүрегіне жол тартпай жатады. Елдің сөзін айтып жүрген үлкендеріміз жоқ емес, бар, бірақ, саусақпен санарлықтай ғана.
        Қазіргі қазақтың ар-ұяты неге тапталып жатыр? Жемқорлық, парақорлық, сыбайластық, жершілдік, рушылдық неге асқынып барады? Аузы дуалы ақсақалдар, зиялы қауым өкілдері елдің алдына шығып, неге осы өзекті мәселелерді айтпайды? Рас, бірлі-жарымы айтқансиды, өкініштісі сол, мінберге шығып сөйлегенде тыңдап отырып өзің ұяласың. «Ел ақсақалы», «ел құрметтісі», «ауыл биі», «төбе биіміз» деп әспеттеп алға шығарғанда олардың көбісі Арға табынбай, Барға табынып қор қылады. Бұл жердегі Барымыз – қолында бишігі барлар мен ірілі-ұсақты мекеме басшылары, қалтасы қалыңдар.
      Әрине, қоғам қайраткері  заманының талабына сай өз бойына рухани азықты молынан алуы тиіс. Кешегі Төле би, Қазыбек би, Әйтеке би өздерінің ақыл-парасаттарымен, білік-білімдерімен ел алдында беделге ие болды. Олардың сөздерінің салмағы ұлт тағдырымен өлшенді. Оларға би атағын ешқандай билік берген жоқ. Мұндай атаққа өз пайым-парасаты, ақылы мен білімі арқасында ие болды.
      Міне, жыл басындағы басты оқиға – Жаңаөзендегі наразылық шеруі әлі де солығын баса алмай тұр. «Биміз», «батырмыз», «ел құрметтісіміз», «қаламгерміз», «ақсақалдар кеңесінің төрағасымыз», «анаумыз», «мынаумыз»  дегендер қайда жүр? Неге олар наразы топтың алдына барып: «Ау, ағайын! Мұның мәнісі мынадай!» деп сөз сөйлеп, оларды ақылға шақырмайды?
       Келешегіміз қайтсе жарқын болады? Ел бірлігін қайтсек сақтаймыз? Тәуелсіздіктің қадірін қазақ жете түсіне алды ма? Осы сауалдарға жауап беретін абыз ақсақалдарымыз бен зиялы қауым өкілдері ел алдына шығарда әуелі өз бастарының адалдығына да бір сәт ой жүгіртіп алса артық болмас еді. Біз алдымызға Мәңгілік Ел боламыз деп мақсат қойған халықпыз. Бұл ұғым көктен түскен жоқ. Кешегі Асан Қайғы Жерұйық іздеп өтті емес пе? Бабаларымыз қолынан найзасы мен қылышы түспей азаттық аңсап өтті емес пе? Бабалар арманы – ұлттың арманы! Мұны әрбір жастың бойына сіңіру өзін зиялымын деген  көзі ашық әр адамның басты борышы! Жалаң айқай, бос даурығумен елді алдай алмайсыз. Ісің мен сөзің қабысып тұрғанда ғана ел сізге сенеді. Соңыңыздан ілеседі.
       Елдің арманын айтатын Адамда сөз салмағы болуы керек! Сөзінің салмағы жоқ адам – ғаріп адам. Біз толық адамды (Абай) сондықтан әлі де іздеумен келеміз.
        Ойланып көрелікші, отбасындағы сөзіміздің салмағы қандай? Көпшілік алдындағы сөзіміз өтімді ме? Жұрт сізді қаншалықты тыңдайды? Соңынан кісі ілестіре алатын адам ғана мәселе туындағанда  жарқырап ел алдына шыға алмақ.
        Қане, кім бар екен?..
Сабырбек ОЛЖАБАЙ.

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ-ТӘЖІРИБЕЛІК КОНФЕРЕНЦИЯ

        ...

КӘСІПОРЫНДАР 7540,4 МЛН. ТЕҢГЕНІҢ ӨНІМІН ШЫҒАРҒАН

     Мақтаарал ауданының ...

«23 сәуір ұлттық егемендік және балаларды қорғау күні» аталып өтті

        ...

22 СӘУІР – АЛТЫН АДАМ КҮН!

Алтын адам алтын тұлға ...

ӘЛЕУМЕТТІК ЖАУАПКЕРШІЛІКТІҢ ЖАРҚЫН ҮЛГІЛЕРІН КӨРСЕТІП КЕЛЕДІ

        ...

САЯХАТТЫҢ ТӘРБИЕЛІК МӘНІ ДЕ ЗОР БОЛДЫ

        ...

ШЕТЕЛДЕГІ ЗАҢСЫЗ ДІНИ БІЛІМ АЛУ

        ...

ТАРТЫНА ТҰРСАҚ, ТУЫСҚАН!

        ...

Эвакуацияланғандар жатақханаларға көшірілді

        ...

КИЕЛІ МЕКЕН: ЖЕТІСУДА ТАЗАЛЫҚ АКЦИЯСЫ ЖАЛҒАСУДА

        ...