Warning: Trying to access array offset on value of type bool in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-content/themes/jarida/functions/common-scripts.php on line 150
Шардарада «Жастар» аллеясы ашылды - САЙЫПҚЫРАН.KZ Ақпаратты-сараптамалық порталы
Home » PRESS RELEASE » News » Шардарада «Жастар» аллеясы ашылды

Шардарада «Жастар» аллеясы ашылды

         Бүгін, 27 қазанда Қазақстанның Экологиялық қорының бастамасымен Түркістан облысының Шардара қаласында «Жастар» аллеясының ашылу салтанатты шарасы өтті.
Өңір экологиясына маңызы зор экошара барысында 100-ден астам ағаш түбі отырғызылып, шағын сәулеттік пішін орнатылды.

Биылғы Балалар жылына арнайы орнатылған шағын сәулеттік пішін келер ұрпақ санасында экомәдениет қалыптастыру кемел болашағымыздың кепілі дегенді білдірсе керек. Себебі қазіргі тәрбие — ертеңнің көрінісі, ал ол көріністің қалай болары сіз бен біздің қолымызда.
Аллеяның дәл осы өңірде ашылуы кездейсоқ емес. Шардара – Арал өңірінің қазақстандық бөлігінің экологиялық қолайсыз аумағында орналасқан қала. Ал көшеттері бар аллея тұрғызу арқылы аймақтың экологиялық жағдайын жақсартуға, қала тұрғындарының денсаулығын сақтау және нығайту үшін қолайлы жағдайлар жасауға, қаланың экологиялық жағдайы мен эстетикалық келбетін жақсартуға, экологиялық мәдениет пен экологиялық сананы тәрбиелеуге мүмкіндік береді.
Аллеяның ашылу салтанатына Шардара қаласы әкімдігінің өкілдері, депутаттар, ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі және Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының өкілдері, Қазақстан экологиялық қорының қызметкерлері, табиғатты қорғауды мақсат тұтқан түрлі ұйымдар, жергілікті белсенді жастар мен мектеп оқушылары қатысты.
       Атап өтетіні, бұл шара «Жастар арасында экологиялық мәдениетті нығайту жөніндегі шаралар кешенін әзірлеу және іске асыру» гранттық жобасы аясында ҚР Ақпарат және әлеуметтік даму министрлігі мен Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының қолдауымен ұйымдастырылды.
Меруерт АБДАЛИЕВА.

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

Әрбір дауыс – жауапкершілік, әрбір таңдау – болашаққа қосылған үлес

        ...

ЖАҢА ҚОНЫС ИЕЛЕРІНЕ ПӘТЕР КІЛТТЕРІ ТАБЫСТАЛДЫ

        ...

ЕРІКТІ ҚОНЫС АУДАРУҒА МЕМЛЕКЕТТІК ҚОЛДАУ КҮШЕЙТІЛДІ

        ...

ҚҰРЫЛТАЙ САЙЛАУЫ ЖӘНЕ ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЖАҢА САЯСИ МОДЕЛІ: ҚОҒАМ НЕ ҰТАДЫ?

       Қазақстан ...

РУХАНИ МҰРАНЫ ҰЛЫҚТАҒАН ТАҒЫЛЫМДЫ КЕЗДЕСУ

        ...

ӨЗ ТАҢДАУЫҢ – ӨЗ БОЛАШАҒЫҢ!

       Ағымдағы ...

МЕМЛЕКЕТТІК КӨРСЕТІЛЕТІН ҚЫЗМЕТТЕР БОЙЫНША I ЖАРТЫЖЫЛДЫҚТА АТҚАРЫЛҒАН ЖҰМЫС ҚОРЫТЫНДЫСЫ

        ...

ӨЗ ТАҢДАУЫНДЫ ЖАСА!

       Әрбір ...

ӘРБІР ДАУЫС МАҢЫЗДЫ, ӘРБІР ТАҢДАУ ҚҰНДЫ!

        ...

ЖАС ҰРПАҚТЫҢ ЖАРҚЫН БОЛАШАҒЫНА БАҒЫТТАЛҒАН МАҢЫЗДЫ ҚАДАМ

        ...