Home » Ауыл шаруашылығы » ТҮРЛІ ЗИЯНКЕСТЕРГЕ ҚАРСЫ КҮРЕС ЖҰМЫСТАРЫ ТОЛАСТАМАҚ ЕМЕС

ТҮРЛІ ЗИЯНКЕСТЕРГЕ ҚАРСЫ КҮРЕС ЖҰМЫСТАРЫ ТОЛАСТАМАҚ ЕМЕС

        Ерте көктемнен қара күзге дейін шаруалары тынбай еңбек етіп, негізгі табысы ауылшаруашылығы саналатын аграрлы аймақ – Жетісайдың шаруалары егістікке бау-бақша мен мақта дақылының тұқымын себеді. Биылдың өзінде 49,5 мың гектарға ақ алтын еккен жетісайлық диқандар мол өнім алуға ниетті. Әйтсе де, өнім көлемін арттыруға ауа-райының қолайсыздығы салдарынан түрлі зиянкестердің санының күрт өсуі кедергі келтіріп отыр. Егістіктерді құрт-құмырсқалардан қорғау, шығын көлемін азайту, зиянкестердің кеңінен таралуының алдын алу мақсатында аудан атқамінерлері Абай ауылдық округінде шаруалармен бас қосып, жиын өткізді.
         Аудан әкімі Мұрат Қадырбек төрағалық еткен басқосуға аудандық мәслихат хатшысы Алихан Утанов, аудандық ауылшаруашылығы мен жер қатынастар бөлімінің басшысы, «Қазсушар» РМК Жетісай аудандық өндірістік бөлімшесінің басшысы Орынбасар Тастанов, Түркістан облысы биоагент өндірушілер қауымдастығының төрағасы Пердебек Абдразахов, болжамдар әдістемелігі орталығы Түркістан облысы Жетісай аудандық филиалының басшысы Қайрат Досаев, Ж.Жиембаев атындағы Қазақ өсімдік қорғау және карантин ғылыми зерттеу институты Түркістан облыстық филиалы мамандары, биофабрикалар мен биолаборотория басшылары, «Syngenta» компаниясының Түркістан, Қызылорда облыстарындағы жауапты өкілі Нұржау Әбдіғаппаров пен «AgroSad» ЖШС мамандары, «Мақта және бақша ауыл шаруашылығы тәжірибе станциясы» ЖШС басшысының орынбасары Амандық Қостақов, ауылдық округ әкімдері мен жауапты мамандары, шаруа қожалық иелері қатысты.
         Жиын барысында Мұрат Болатұлы тұрғындардың денсаулығын сақтау, экологиялық таза өнімдерді тұтыну, қоршаған ортаның экологиялық жағдайының таза болуына аса зор көңіл бөлу керектігін айтып, шаруаларға зиянкестермен күресу үшін биологиялық тәсілді пайдалануға шақырды.

Сала мамандарының айтуынша бүгінгі күнде мақта көбілегінің бірінші ұрпағы аудан көлеміндегі мақта дақылына үлкен қауіп төндіріп тұр. Сондықтан, шаруалар бірінші кезекте бірігіп өзінің егістік алқаптарының басында және арық-атыздардың бойында орналасқан арамшөптерді шауып, өндеу жұмыстарын жүргізу қажеттігін жеткізді. Сәуір айының екінші он күндігінде шыққан мақта көбелегі арық-атыз бен жол бойларындағы арамшөптерде көбейіп, маусым айының бірінші он күндігінде мақта дақылына өте бастайды. Әрбір мақта көбелегі 2500-3000-ға дейін жұмыртқа тастап, бір ай көлемінде өмір сүреді, қойылған жұмыртқалардан үш күннен соң дернәсілдер пайда болып, әрбір дернәсіл алты жас өмір сүреді. Өмір сүру дәуірінде мақта қозасының дамуына үлкен зиян тигізіп, өнімділікті төмендетеді. Мақта көбелегінің ең қауіпті ұрпағы көбелектері шілде айының бірінші онкүндігінде ұшып, оның алғашқы дернәсілдері шамамен 13-15-17 шілде күндері шыға бастайды. Осыған орай биолаборатория материалдары (трихограмма, гобробракон, алтынкөз) мен сенімді, лицензиясы бар компаниялардың («Syngenta», «AgroSad» ЖШС) дәрі-дәрмектерін дұрыс пайдаланып, зиянкестерге қарсы күрес шараларын ұйымдастыруы керек. Экономикалық зиян шегінен асқан жағдайда ғана пестицидтерді қолдануды ұсынды.

         Сонымен қатар, шаруаларға мемлекет тарапынан беріліп жатқан жеңілдіктердің әрбір бағыты бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, қойылған сұрақтарға толыққанды жауаптар берілді.

Жиын соңында Нұржау Оразханұлы шаруаларға «Syngenta» компаниясының зиянкестерге күрес тәсілдері мен мемлекет тарапынан беріліп жатқан жеңілдіктерді алу жолының нұсқаулықтарын үлестіріп берді.

       Айта кетейік, қазіргі таңда аудан көлемінде шаруалар үшін 3 биофабрика мен 13 биолаборатория өз қызметін атқарып жатыр. Мақта дақылын зиянкестерден қорғау және өнімділікті арттыру мақсатында 29 мың гектар алқапта биологиялық әдіспен, 15 мың гектарға химиялық әдіспен өңдеу жұмыстары жүргізілген.
Бауыржан НАЙМАНОВ, 
Жетісай ауданы.

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

КЕЗДЕСУДЕ БІРШАМА МАҢЫЗДЫ МӘСЕЛЕЛЕР ҚОЗҒАЛДЫ

        ...

БЕЛЬГИЯЛЫҚ «ENABEL» ДАМУ АГЕНТТІГІМЕН ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ ПЕРСПЕКТИВАЛАРЫ

        ...

ТЕМІРҚАЗЫҚ СЫНДЫ ЖҰЛДЫЗ ТҰЛҒА

        ...

ҚЫРЫҚҚАБАТ ӨНІМІ ЭКСПОРТТАЛУДА

        ...

СУ ТАСҚЫНЫНАН ЗАРДАП ШЕККЕН АЙМАҚТАРҒА 1,3 МИЛЛИАРД ТЕНГЕ БӨЛДІ

        ...

Туризмді одан әрі дамыту туралы сөз қозғалды

        ...

КНИГУ БРИТАНСКОГО БИЗНЕСМЕНА ОБ ОТНОШЕНИИ РУССКИХ И КОЧЕВНИКОВ В НАЧАЛЕ XXВЕКА ПЕРЕВЕЛИ ДЛЯ КАЗАХСТАНЦЕВ

        ...

КНИГУ БРИТАНСКОГО БИЗНЕСМЕНА ОБ ОТНОШЕНИИ РУССКИХ И КОЧЕВНИКОВ В НАЧАЛЕ XXВЕКА ПЕРЕВЕЛИ ДЛЯ КАЗАХСТАНЦЕВ

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ-ТӘЖІРИБЕЛІК КОНФЕРЕНЦИЯ

        ...

КӘСІПОРЫНДАР 7540,4 МЛН. ТЕҢГЕНІҢ ӨНІМІН ШЫҒАРҒАН

     Мақтаарал ауданының ...