Deprecated: Function is_staging_site is deprecated since version 3.3.0! Use in_safe_mode instead. in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6031
ЖАУЫНГЕРЛІК КЛУБ АШЫЛЫП, ОБЛЫСТЫҚ БІРІНШІЛІК ӨТТІ - САЙЫПҚЫРАН.KZ Ақпаратты-сараптамалық порталы
Home » PRESS RELEASE » ЖАУЫНГЕРЛІК КЛУБ АШЫЛЫП, ОБЛЫСТЫҚ БІРІНШІЛІК ӨТТІ

ЖАУЫНГЕРЛІК КЛУБ АШЫЛЫП, ОБЛЫСТЫҚ БІРІНШІЛІК ӨТТІ

           Спорт – денсаулық кепілі. Ал, дені сау адам ғана болашағынан үміт күттіретін қоғамның толыққанды мүшесі бола алады.
          Мемлекет басшысының Қазақстан халқына жолдауындағы бұқаралық спортқа, дене тәрбиесіне және балаларға басымдық беріп, әр аудан орталықтарында спорт алаңшалары мен спорттық ғимараттардың санын арттыру жайындағы тапсырмаларын жүзеге асыру мақсатында Жетісай ауданында тағы бір заманауи спорт ғимараты қолданысқа берілді.
       Аудан жастарына грепплинг, бокс, күрес, ММА және панкратион сынды спорттың аралас жекпе-жек түрлерін үйрететін «MUHAMMAD ALI» жауынгерлік клубының салтанатты ашылу рәсіміне Жетісай ауданы әкімінің орынбасары Әшірбай Тасов, халықаралық дәрежедегі төреші, даңқты балуан Бақыт Жаңбырбаев пен Жетісай ауданы №1 БЖСМ директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Ерлан Райымбердиев, аудандық «Жастар ресурстық орталығы» КММ басшысы Нұрлыбек Мутаев, «Alash pride grand prix» жеңімпазы Бағдос Олжабай мен жекпе-жек спортынан халықаралық дәрежедегі спорт шебері Махсуда Джаппарова сынды спорт майталмандары мен жанашырлары, қала тұрғындары қатысты.
          Ұлттық жекпе-жек спорт түрінен Түркістан облысының аға жаттықтырушысы Азиз Анетов пен жекпе-жек спортынан халықаралық дәрежедегі спорт шебері Махсуда Джаппарова, «Жетісай спорт клубының» жаттықтырушысы, жекпе-жектен халықаралық дәрежедегі спорт шебері Рауан Жолдас жаттықтыратын орталықта жекпе-жек спортына қызығатын жастар да, ересектер де шұғылдана алады. Бір мезетте 200 спортшының жаттығу жасауына мүмкіндік қарастырылған.
          Клубтың салтанатты ашылу рәсімінен соң Түркістан облысы ұлттық спорт жекпе-жек федерациясының президенті Азиз Анетов пен Жетісай ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің ұйымдастыруымен «Жастар – есірткіге қарсы» ұранымен Түркістан облысының ашық біріншілігі өтті.
         Жастар арасында қазақтың жекпе-жек спорт өнерін кеңінен тарату, әлемдік деңгейде мәртебесін көтеру және рухани байлыққа, салауатты өмір салтын насихаттау, патриоттық тұрғыда тәрбиелеу, жастар арасында нашақорлыққа қарсы дағдыны қалыптастыра отырып қылмыс пен құқықбұзушылықтардың алдын алу мақсатында ұйымдастырылған шараға 2000 – 2003 жылы туылған жастар 53, 57, 61, 66, 70, 75, 80+ келі салмақ дәрежелері бойынша өзара мықтыларды анықтады.
        Бабы мен бағы қатар шауып, қарсыластарынан басым түскен жеңімпаз спортшылар ұйымдастырушылардың дипломдарымен, бағалы сыйлықтарымен марапатталды.
Бауыржан НАЙМАНОВ,
Жетісай ауданы. 

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

РӘМІЗДЕР – ҰЛТТЫҚ РУХТЫҢ МӘҢГІЛІК МҰРАСЫ

        ...

«МЕРЕЙЛІ ОТБАСЫ» КОНКУРСЫНА ҚҰЖАТТАР ТАПСЫРУ БАСТАЛДЫ

        ...

ОТБАСЫЛЫҚ ДЕМАЛЫС ҮШІН ТАПТЫРМАС МЕКЕН!

        ...

1 МАУСЫМДА ПРЕЗИДЕНТТІК ЖАСТАР КАДР РЕЗЕРВІНЕ КЕЗЕКТІ ІРІКТЕУ БАСТАЛАДЫ

        ...

ЕЛ МЕРЕЙІНЕ БӨЛЕНГЕН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ САЙЫС

        ...

ЕРКІН КҮРЕСТЕН ҚАДІР РАЯН МЕН БАҚТИЯРҰЛЫ НҰРӘЛИ ЖҮЛДЕЛІ ОРЫНДАРДЫ ИЕЛЕНДІ!

       ЕРКІН ...

Өнерлі балалар арасында ән байқауы өтті

        ...

Семейде өткен дәстүрлі “АБАЙ ОҚУЛАРЫ” байқауының жеңімпаздары анықталды

        ...

«ҒҰМЫРЫ ҒАЗАЛ – АҚЫН…»

        ...

ҚАЗАҚСТАН ҮШІН ТИІМДІ ЭНЕРГИЯ КӨЗДЕРІНІҢ БІРІ

        ...