Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wordpress-seo domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6131
МАҚТАЛЫ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНІҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ - САЙЫПҚЫРАН.KZ Ақпаратты-сараптамалық порталы
Home » Билік » МАҚТАЛЫ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНІҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

МАҚТАЛЫ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНІҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

         Мақталы ауылдық округіндегі ескірген электр бағаналарын жаңарту, округтің ішкі көшелерін орташа жөндеуден өткізу бағыттары бойынша жұмыстарды күшейту, тұрғындардың өмір сүру сапасын жақсартуға айрықша көңіл бөлініп, округтің инфрақұрылымын дамыту мәселесіне ерекше назар аударылады.
         Жетісай ауданының әкімі Мұрат Болатұлының төрағалымен өткен жиында Мақталы ауылдық округінің өзекті мәселелері ортаға салынды. Атқарылған жұмыстар сараланып, өзекті мәселелердің шешу жолдары ұсынылды.
           Жиынға аудан әкімінің орынбасарлары мен аппарат басшысы, бөлім басшылары мен тиісті сала мамандары қатысты.
          Мақталы елді мекенінің ауыз су жүйелерін қайта құру нысаны бойынша 2022 жылға бюджеттен 112,2 млн теңге қаржы қаралған. Мердігер «KolsayStroy» ЖШС мекемесіне құрылыс-монтаж жұмыстарын мерзімінде орындаудан кешіккені үшін 600,0 мың теңге тұрақсыздық айыппұлы салынған. Қазіргі таңда құрылыс жұмыстары жалғасын табуда. Аяқталу мерзімі келісім шартқа сәйкес 2022 жылдың қараша айы.
         Шолпанқұдық елді мекенін электр энергиясымен қамтамасыз ететін 0,4 кВ әуе желілері бағаналарымен қоса 2,4 шақырым «ОңтүстікЖарықТранзит» ЖШС-гі мекемесінің инвестициялық жобасы аясында 2025 жылы толықтай жаңартылады.
         2022 жылы Мақталы елді мекеніндегі ішкі көшелерге «Ауыл – Ел бесігі» бағдарламасы бойынша 11,07 шақырымды құрайтын 13 көшеге орташа жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарланған. Жалпы құны 188 млн 536 мың теңге.
        Айта кетейік, аудан әкімі Мұрат Болатұлының Мақталы ауылдық округінің тұрғындарымен кездесуі 16 маусым күні сағат 10:00-де №61 Ғ. Мұратбаев атындағы ЖОМ ғимаратында өтеді.
Бауыржан НАЙМАНОВ,
Жетісай ауданы.

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ – ҚАЗАҚҚА ТӘН ҚАСИЕТ

     Қазақстанда 15 ...

ШЕКАРАШЫЛАРМЕН ӨТКЕН БІР КҮН

        ...

ЗАМАНАУИ ЖАСТАРДЫҢ ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫ

        ...

ӘЖЕ – ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕНІҢ ҚАЙНАР КӨЗІ

       №10 ...

ӘКЕ ТӘРБИЕСІ – АДАЛ АЗАМАТ БЕЙНЕСІ

        ...

БРАКОНЬЕРЛІК – ЭКОЖҮЙЕМІЗГЕ ТӨНГЕН ҮЛКЕН ҚАТЕР

       Бүгінгі ...

ҰСТАЗ — АҚЫН ОБЛЫС ӘКІМІМЕН КЕЗДЕСУГЕ ҚАТЫСТЫ

        ...

АҚИЫҚ АҚЫН МҰҚАҒАЛИ МАҚАТАЕВҚА АРНАЛҒАН ӘДЕБИ КЕШ ӨТТІ

        ...

ИНФОРМАТИКА САБАҒЫНДА ОҚУШЫЛАРДЫ БІР САНАУ ЖҮЙЕСІНЕН ЕКІНШІ САНАУ ЖҮЙЕСІНЕ ТИІМДІ АЙНАЛДЫРУҒА ДАҒДЫЛАНДЫРУ

Компьютерде қолданылатын санау жүйелері ...

Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясының жобасы жарияланды

Конституциялық реформалар жөніндегі комиссия ...