Home » Денсаулық » ҚОҒАМДЫҚ МОНШАҒА ҚОЙЫЛАТЫН ГИГИЕНАЛЫҚ ТАЛАПТАР

ҚОҒАМДЫҚ МОНШАҒА ҚОЙЫЛАТЫН ГИГИЕНАЛЫҚ ТАЛАПТАР

Адам терісі өзінің астыңғы қабатына орналасқан май, тер бездерінен бөлінетін заттардан, шаң тозаңнан үнемі кірлейді. Содан барып әлгі май және тері бездерінің көздері бітеліп қалады, соның салдарынан организмнің тері арқылы тыныс алысы нашарлайды, оның үстіне кір теріні әртүрлі ауруларға шалдықтандары.
Адам денесінің тазалығын мезгілімен суға түсіп, шомылу арқылы сақтап отыруға болатындығы баршамызға белгілі.
Моншаның адам организміне тигізетін пайдасы ежелден белгілі. Моншаға түсу, әсіресе температурасы 45-50 градус тіпті одан да жоғары, ылғалдығы 90-95 процентке жететін буда отыру адам организмінде едәуір өзгерістер тудырады. Бу бөлмесінде отырған адамның температурасы 38 градусқа дейін көтерілуі мүмкін, соның нәтижесінде қатты терлеп, терісінің көздері ашылады, дененің кірі тез кетіп, жақсы тазарады. Моншада адамның тыныс алу мен жүрегінің соғуы жиілеп, қан қысымы төмендейді. Алайда, бұл көпке созылмайды, моншадан шыққаннан кейін 10-15 минут ішінде олар қайтадан өз қалпына келеді. Ескеретін бір жай қызуы 50 градустан асатын бу бөлмесінде 10 минуттан артық болу адам денесін қатты қыздырып жібереді. Сондықтан моншаға түскенде қан қысымы жоғары, жүректері дімкес адамдардың буға баруына болмайды.
Ауылдық жерде моншаны қай жерге орналастыру керек? Ең алдымен ол көршілес тұрғын үйлерден оншалықты қашық болмауға тиіс. Алайда тұрғын үйлердің айналасын ластамас үшін моншаны салу үшін алдымен аудандық ТКҚСҚББ-сы мамандарымен кеңес алу қажет.
Монша салған кезде ойланатын тағы бір жауапты мәселе – одан шыққан суды қайда жіберу мәселесі. Өйткені моншадан шығатын суда сабын көбігі, әртүрлі бактериялар мен органикалық түрлі қосылыс заттар болады, оның үстіне монша суы құйылған жер тез иістеніп кетеді. Сол себептен моншасуын оған арнайы бөлінген жерге жіберіп, тұндырып зарарсыздандыру керек.
Монша ішіндегі ауа қатты ылғалданатын оның үстіне тез ластанатын болғандықтан, оның ауасын үнемі тазартып отыру қажет.
Тазалық дұрыс сақталмаған жағдайда монша жұқпалы тері ауруларын тарататын орынға айналуы мүмкін. Ауру жұқтыратын микробтар моншаның лас суында, еденінде, отырғыштары мен шылапшындарында болады. Сондықтан монша ішін үнемі залалсыздандыру ерітінділерімен ұқыпты жуып зарарсыздандырып отыру қажет. Сондай-ақ, монша қызметкерлерге жергілікті емдеу-сауықтыру мекемелердегі белгіленген уақытында дәрігерлік тексеруден өтіп отыруға міндетті.
Б.МЫҢБОСЫНОВ,
Мақтаарал аудандық  СЭББ-ның
жетекші  маманы

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

КНИГУ БРИТАНСКОГО БИЗНЕСМЕНА ОБ ОТНОШЕНИИ РУССКИХ И КОЧЕВНИКОВ В НАЧАЛЕ XXВЕКА ПЕРЕВЕЛИ ДЛЯ КАЗАХСТАНЦЕВ

        ...

КНИГУ БРИТАНСКОГО БИЗНЕСМЕНА ОБ ОТНОШЕНИИ РУССКИХ И КОЧЕВНИКОВ В НАЧАЛЕ XXВЕКА ПЕРЕВЕЛИ ДЛЯ КАЗАХСТАНЦЕВ

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ-ТӘЖІРИБЕЛІК КОНФЕРЕНЦИЯ

        ...

КӘСІПОРЫНДАР 7540,4 МЛН. ТЕҢГЕНІҢ ӨНІМІН ШЫҒАРҒАН

     Мақтаарал ауданының ...

«23 сәуір ұлттық егемендік және балаларды қорғау күні» аталып өтті

        ...

22 СӘУІР – АЛТЫН АДАМ КҮН!

Алтын адам алтын тұлға ...

ӘЛЕУМЕТТІК ЖАУАПКЕРШІЛІКТІҢ ЖАРҚЫН ҮЛГІЛЕРІН КӨРСЕТІП КЕЛЕДІ

        ...

САЯХАТТЫҢ ТӘРБИЕЛІК МӘНІ ДЕ ЗОР БОЛДЫ

        ...

ШЕТЕЛДЕГІ ЗАҢСЫЗ ДІНИ БІЛІМ АЛУ

        ...

ТАРТЫНА ТҰРСАҚ, ТУЫСҚАН!

        ...