Home » Әлемде » ЕҢ СУЫҚ КҮН

ЕҢ СУЫҚ КҮН

Ресейлік ауа райын болжаушылар бүгіннен бастап, арктикалық ауаның келуінен  елдің еуропалық бөлігінде нағыз қыстық ауа-райы орнайды деп, өз қуаныштарын жасыра  алмауда. Бұл құбылыс Ресей үшін қалыпты саналғанмен, әлемнің кейбір елдері үшін жағдай қуантарлық дәрежеде болмай тұр.
LADbible,  2021 жылдың 8 қаңтарын  – Испания тарихындағы «Ең суық күн» деп жариялады. Бұл күні Леонның солтүстік-батысында 1874 метр биіктікте орналасқан Вега-де-Лиордес метеостанциясында Цельсий бойынша ең төменгі температура -35,8 °C тіркелген еді. Егер бұл деректі елдің Ұлттық метеорологиялық агенттігі растаса, ол жаңа рекорд ретінде тарихта қалады. Бұған дейінгі бұл Испаниядағы ең суық температураның ресми рекорды 1956 жылы тіркелген болатын. Сондағы  температура Цельсий бойынша -32 °C болған еді.
Ал, AFP  болса, Қытайдың астанасы Бейжіңде 7 қаңтарда солтүстік-батыстан соққан желдің әсерінен ауа-райы соңғы 50 жылдық деңгейге дейін төмендеп, Цельсий бойынша минус 19,6 градусты құрады деп хабарлады. Бұл көрсеткіш 1969 жылғы суық ауа райының алдыңғы жергілікті рекордын басып озды.
Пекин тұрғындары үшін мұндай суық ауа райы қалыпты құбылыс емес. Себебі, мұндағы қаңтардың орташа температурасы Цельсий бойынша минус 3,4 градуст құрайды. Сондықтан да жергілікті тұрғындар әлеуметтік желілердегі әдеттен тыс суыққа шағымдануда.
Ғаламдық климаттың өзгеру идеясын ұстанатындар, алдағы уақытта әлемде жаз уақытында аптап ыстықтар, ал қыс кезінде  қақаған аяздардың жиілейтінін ескертіп, сақтық шараларын жүзеге асыруға шақыруда.
Серік АСАНОВ, Алматы.

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

Туризмді одан әрі дамыту туралы сөз қозғалды

        ...

КНИГУ БРИТАНСКОГО БИЗНЕСМЕНА ОБ ОТНОШЕНИИ РУССКИХ И КОЧЕВНИКОВ В НАЧАЛЕ XXВЕКА ПЕРЕВЕЛИ ДЛЯ КАЗАХСТАНЦЕВ

        ...

КНИГУ БРИТАНСКОГО БИЗНЕСМЕНА ОБ ОТНОШЕНИИ РУССКИХ И КОЧЕВНИКОВ В НАЧАЛЕ XXВЕКА ПЕРЕВЕЛИ ДЛЯ КАЗАХСТАНЦЕВ

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ-ТӘЖІРИБЕЛІК КОНФЕРЕНЦИЯ

        ...

КӘСІПОРЫНДАР 7540,4 МЛН. ТЕҢГЕНІҢ ӨНІМІН ШЫҒАРҒАН

     Мақтаарал ауданының ...

«23 сәуір ұлттық егемендік және балаларды қорғау күні» аталып өтті

        ...

22 СӘУІР – АЛТЫН АДАМ КҮН!

Алтын адам алтын тұлға ...

ӘЛЕУМЕТТІК ЖАУАПКЕРШІЛІКТІҢ ЖАРҚЫН ҮЛГІЛЕРІН КӨРСЕТІП КЕЛЕДІ

        ...

САЯХАТТЫҢ ТӘРБИЕЛІК МӘНІ ДЕ ЗОР БОЛДЫ

        ...

ШЕТЕЛДЕГІ ЗАҢСЫЗ ДІНИ БІЛІМ АЛУ

        ...