Home » Билік » Шақыру учаскесіне ер азаматтарды тіркеу жұмысы қашан жүргізіледі?

Шақыру учаскесіне ер азаматтарды тіркеу жұмысы қашан жүргізіледі?

Қазақстан Республикасының 2012 жыл 16 ақпандағы №561-IV «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» Заңына, Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2017 жыл 24 қаңтардағы №28 «Әскери міндеттілер мен әскерге шақырылушыларды әскери есепке алу қағидалары туралы» Әскери міндеттілер мен әскерге шақырылушылар:
Жетісай және Мақтаарал аудандарының қорғаныс істері жөніндегі біріктірілген бөлімінде Шақыру учаскесіне ер азаматтарды тіркеу жұмысы 2021 жылдың 11 қаңтары мен 2021 жылдың 31 наурызы күндері аралығында жүргізіледі.
Әскери міндеттілер мен әскерге шақырылушыларды әскери есепке алуды олардың тұрғылықты жерлері бойынша жергілікті әскери басқару органдары (бұдан әрі –  аудандағы қорғаныс істері жөніндегі республикалық мемлекеттік мекемелері)   жүзеге асырады, ал олар жоқ елді мекендерде әскери есепке алуды кенттердің, ауылдардың (селолардың), ауылдық (селолық) округтердің әкімдері қамтамасыз етеді.
Тіркелу жылы он жеті жасқа толатын Қазақстан Республикасының ер азаматтары әскерге шақыру учаскелеріне тіркелуге жатады.
Азаматтар әскерге шақыру учаскелеріне тіркеу кезінде әскери қызметке жарамдылық дәрежесін белгілеу үшін Әскери-дәрігерлік сараптаманы жүргізу қағидаларында айқындалған тәртіппен медициналық комиссиядан өтеді.
Азаматтар, олардың жұмыс (оқу) орындарын, атқаратын лауазымы мен орташа жалақысын сақтай отырып, әскерге шақырылуға дейінгілерді әскери есепке қоюға байланысты міндеттерді орындау үшін қажетті уақытта жұмыстан (оқудан) босатылады.
Кенттің, ауылдың (селоның), ауылдық (селолық) округтің әкімдері, сондай-ақ әскери міндеттілер және әскерге шақырылушылар жұмыс істейтін ұйымдардың басшылары өз құзыреті шегінде:
1) әскери міндеттілерді және әскерге шақырылушыларды, оларды жергілікті әскери басқару органдарына шақырылғаны туралы хабардар етуге;
2) әскери-есептік құжаттарында аудандағы қорғаныс істері жөніндегі республикалық мемлекеттік мекемелерінің әскери есепке алғаны туралы белгілері болған кезде әскери міндеттілерді және әскерге шақырылушыларды тұрғылықты жері бойынша тіркеуді жүзеге асыруға;
3) аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) тиісті аудандағы қорғаныс істері жөніндегі республикалық мемлекеттік мекемелеріне әскери міндеттілердің, әскерге шақырылушылардың және әскер жасына дейінгілердің сандық және сапалық құрамын растайтын құжаттарды беруге;
4) әскер жасына дейінгілерге тіркеу жүргізген және азаматтарды әскери қызметке әскерге шақырған кезде басқа жергілікті жерлерден аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) аудандағы қорғаныс істері жөніндегі республикалық мемлекеттік мекемелеріне азаматтарды жеткізуді қамтамасыз етуге міндетті.
Аудандағы қорғаныс істері жөніндегі республикалық мемлекеттік мекемелері өз құзыреті шегінде мемлекеттік мекемелердің, ұйымдардың, әскери міндеттілер мен әскерге шақырылушылардың Әскери есепке алу қағидаларын сақтауына бақылауды жүзеге асыруға міндетті.
Ішкі істер органдары өз құзыреті шегінде әскери міндеттілікті орындаудан жалтарған адамдарды іздестіруді жүзеге асыруға міндетті.
Азаматтарды тұрғылықты жері бойынша тіркеу және тіркеу есебінен шығару туралы мәліметтер ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергiлiктi әскери басқару органдарына мемлекеттік органдардың мемлекеттік ақпараттық жүйелерінің өзара іс-қимыл жасауын қамтамасыз ету арқылы беріледі – делінген.
Жоғарыда аталған талаптардың сақтауына бақылауды Мақтаарал аудандық қорғаныс істері жөніндегі республикалық мемлекеттік мекемесі жүзеге асыру кезінде орын алған құқық бұзушылықтар бойынша Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің тиісті баптарына сай жауапкершілікке тарту шараларын қарастырады.
Атап айтқанда, меншiк нысанына қарамастан, ұйым басшысының немесе азаматтарды әскери есепке алу жұмысына жауапты басқа да лауазымды адамының аудандық қорғаныс істері жөніндегі республикалық мемлекеттік мекемесінің шақыруы туралы азаматтарға хабарламауы, әскери есепте тұрған немесе тұруға мiндеттi тұрақты тұрып жатқан азаматтар құрамындағы өзгерiстер туралы мәлiметтердi аудандық қорғаныс істері жөніндегі республикалық мемлекеттік мекемесіне уақтылы бермеу, әскери мiндеттiлер, шақырылушылар мен азаматтар туралы мәлiметтердi хабарламау, азаматтардың әскери есепке алу жөнiндегi мiндеттерiн орындамауы, медициналық тексеруден немесе жиындардан  жалтару, әскери есепке алу құжаттарын қасақана бүлдiру немесе жоғалту, әскери қызметке даярлықтан жалтару себептері әкімшілік құқық бұзушылық негіздеріне алып келіп, әкімшілік жазаға тарту іс-материалдары қозғалады.
Н.С.ДҮЙСЕБАЕВ,
 Жетісай және Мақтаарал  аудандарының қорғаныс
істері жөніндегі біріктірілген  бөлімі бастығының м.у.а.

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

КНИГУ БРИТАНСКОГО БИЗНЕСМЕНА ОБ ОТНОШЕНИИ РУССКИХ И КОЧЕВНИКОВ В НАЧАЛЕ XXВЕКА ПЕРЕВЕЛИ ДЛЯ КАЗАХСТАНЦЕВ

        ...

КНИГУ БРИТАНСКОГО БИЗНЕСМЕНА ОБ ОТНОШЕНИИ РУССКИХ И КОЧЕВНИКОВ В НАЧАЛЕ XXВЕКА ПЕРЕВЕЛИ ДЛЯ КАЗАХСТАНЦЕВ

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ-ТӘЖІРИБЕЛІК КОНФЕРЕНЦИЯ

        ...

КӘСІПОРЫНДАР 7540,4 МЛН. ТЕҢГЕНІҢ ӨНІМІН ШЫҒАРҒАН

     Мақтаарал ауданының ...

«23 сәуір ұлттық егемендік және балаларды қорғау күні» аталып өтті

        ...

22 СӘУІР – АЛТЫН АДАМ КҮН!

Алтын адам алтын тұлға ...

ӘЛЕУМЕТТІК ЖАУАПКЕРШІЛІКТІҢ ЖАРҚЫН ҮЛГІЛЕРІН КӨРСЕТІП КЕЛЕДІ

        ...

САЯХАТТЫҢ ТӘРБИЕЛІК МӘНІ ДЕ ЗОР БОЛДЫ

        ...

ШЕТЕЛДЕГІ ЗАҢСЫЗ ДІНИ БІЛІМ АЛУ

        ...

ТАРТЫНА ТҰРСАҚ, ТУЫСҚАН!

        ...