Home » Қоғам » ЭКОНОМИСТЕР МЕН МЕНЕДЖЕРЛЕР ЕЛІМІЗДЕ ҮНЕМІ СҰРАНЫСҚА ИЕ

ЭКОНОМИСТЕР МЕН МЕНЕДЖЕРЛЕР ЕЛІМІЗДЕ ҮНЕМІ СҰРАНЫСҚА ИЕ

Қазақстанның әлемнің бәсекеге қабілетті 30 дамыған елінің қатарына кірудегі стратегиялық мақсаты – келешекке арналған технологиялық бағыттарды айқындап, индустриялаудың келесі сатысына өтудің тиімді жолдары мен жаңа жоспарын анықтау болып табылады. Жоғары технологиялық әрі ғылымды қажетсінетін өнімдердің әлемдік нарығында бәсекеге қабілетті болу үшін талай жыл талмай еңбектену керек. «Біз «Білім – Ғылым – Инновациялар» үштігі билеген постиндустрия­лық әлемге қарай жылжып келеміз». Елбасының Назарбаев Университеті студенттері алдында сөйлеген сөздерінен. 2012 жыл, 6 қыркүйек.
 Қазіргі таңда жас мамандарды даярлау үшін барлық мүміндіктер жасалуда. Жаңа технологиялар, оқулықтар, мектептер, университеттер осының барлығы білім саласын нығайту үшін қарқынды дамуда. Әр азаматтың  өзінің жүрегі қалаған мамандығы бар. Қайбір мамандық болмасын өз маңыздылығы, пайдасы мен ерекшеліктері болады. Мамандықтар әлемі өте бай және әралуан. Техникалық прогрестер, әлеуметтік сұраныстар мен көптеген факторлар жаңа мамандықтардың пайда болуына әсерін тиігізіп жатыр.
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ – әлем елдері мойындаған, көшбасшы, сапалы білімнің қайнар көзі. Бүгінде түлеп ұшқан әрбір түлектің кеудесіне үміт отын сеуіп, жүрегіне жылу уялатқан ҚазҰУ-не 86 жыл толды. Талай биікті бағындырған білім ордасында болдашақтың іргетасын берік қалайтын білікті де білімді, жан-жақты мамандар даярланып келеді. Іргетасы 1934 жылы қаланған әл-Фараби атындағы ҚазҰУ баршаның көзайымына айналып үлгерді. Оған дәлел – көз тартар әсем табиғатымен, жанға жайлы жатақханасымен, жаңа технологиялық құрал-жабдықтармен жасақтандырылған оқу корпустарымен, демалыс саябақтарымен айрықша көзге түсетін – ҚазҰУ қалашығы. Оған қоса, барша студенттің талантын, өнерін ортаға салуға мүмкіндік беретін киелі сахна төрі орналасқан Ө.А.Жолдасбеков атындағы Студенттер сарайы алыстан мен мұндалайды.
Мұның бәрі – ерен еңбектің жемісі, жетістіктің айғағы, бірліктің көрінісі.  Ендігі кезекте оқу корпусы, оқу жүйесіне тоқталайық. Әр түрлі мамандық иелерін даярлайтын оқу корпустары жеке-жеке орналасқан. Бүгінгі таңда университет қабырғасында 20 мыңға жуық болашақ кадрлар дәріс алып келеді. Осыған сәйкес оқу ордасында жоғары санатты, тәжірибелі, білімді, еңбегі сіңген профессорлар, доценттер, кандидаттар, ұстаздар әр дәрісін студенттердің қызығушылығын арттыру мақсатында ерекше түрде өткізеді. Сондай-ақ оқулықтармен толық қамтамасыз ететін кітапханада электронды жүйеде де тапсырыс беруге болады. Бұл мүмкіндік студенттердің технологиялық құрылғыларды жетік меңгеруімен қатар, уақытын үнемдеуге көмектеседі. Университетімізде оқу жүйесі Боллон үрдісі бойынша жүзеге асырылады. Әр студент өз логині, паролі арқылы кез келген уақытта оқу үлгерімімен таныс бола алады. Сонымен қатар, қосымша тапсырмаларды, қажетті материалдарды, дәрістің қысқаша сипаттамасын лезде электрондық журнал арқылы көре алады. Сан мүмкіндіктерге толы әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің студенті атану – асқақ мақсат, үлкен бақыт, зор мәртебе. Ұлы Абай атамыз «Сенде бір кірпіш, дүниеге кетігін тап та, бар, қалан» деп уағыз айтпап па еді? Мен өзім аңсаған мамандығыма оқуға түсіп, білім алып жатырмын. Менің таңдаған оқу орным – әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті, оның «Экономика және бизнес жоғары мектебі» факультетіндегі «Мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандығы.
Факультетімізде өз ісінің білгір көптеген ұстаздар қызмет етеді, олар біздің ертең білікті маман болып шығуымызға басты назар аударып отырады. Бүгінгі күні ең қажетті мамандықтар қатары өзгеруіне ешкім таң қалмайды. Жыл сайын жаңа мамандықтар пайда болып, олардың қажеттiлiгі және мәртебесi ауысады. Осыдан бірнеше жыл бұрын социологтардың жүргізген зерттеулері бойынша болашақта ең қажет етілетін таңдаулы 10 мамандық айрықша аталып, бұқаралық ақпарат құралдары арқылы баршаның назарына ұсынылған болатын. Биыл еліміз бойынша мыңдаған талапкер өз жолдарын таңдап, болашақ ел мүддесі үшін білім алуға бет бұрмақ.
Маңызды қадам жасау кезінде мамандық таңдау мәселесі бірінші кезекте екені сөзсіз. Жастарға бағыт-бағдар беруде ата-ана мен ұстаздар қауымының атқарар қызметі зор. Таңдауды қалай жасау керек? Елімізде қандай мамандар тапшы? Сарапшы мамандар даярлаған тізімді болашаққа қадам басқан жастардың бір кәдесіне жарап қалар деген оймен ұсынып отырмыз. Бізге қандай мамандар қажет? Сонымен, болашақта қандай мамандарға сұраныс бар?
Маркетинг мамандары. Маркетолог – ол ең біріншіден компания стратегі. Олардың негізгі міндеті мен мақсаты әр алуан игіліктерді өндіруге және өндірушілер мен тұтынушылардың қызығушылығын қамтамасыз етуге бағытталған жүйені басқару. Бұл кәсіптің иелері негізінен нарықты зерттейді, өнімнің сан алуан түріне қоса көлемін жоспарлайды, бағаларды анықтайды және өткізуді ынталандырады. Маркетинг саласын мықты меңгерген кәсіби мамандар бизнес жоспарлар мен жаңа жобаларды жасайды, кәсіпорынның қаржысын тиімді салудың нұсқаларын ұсынады. Маркетологтар басқару, бизнес, шаруашылық, тіпті мемлекеттік жүйеге де өте қажетті болған. Бүгінгі күні де сұранысқа ие және бұл бағыттағы қажеттілік уақыт өткен сайын күшейе беретіні даусыз. Болашақта өндіруші мен тұтынушының ортасындағы ортақ көзқарастармен тығыз жұмыс жасап жетістікке жетуде бұл мамандардың ерекше орын алатындығы анық.
«Менеджмент» мамандығы бойынша. Кәсіпорынды талдау және басқару бойынша зерттеу жұмыстарын жүргізу үшін, еркін кәсіпкерлік қызмет жағдайында басқарушылық шешімдерді қабылдау үшін дағдыларды меңгерген маман. Менеджмент магистрі мемлекеттік құрылымдарда, экономикалық құрылымдарда, басқару жүйесінің ұйымдастыру бөлімшелерінде, салааралық кешендерде, басқару органдарында жұмыс істей алады. Логистика мамандары. Мемлекеттердің ашық экономикасы әлемдік нарыққа кіріккен сайын жүк тасымалына қажетті кәсіби логисттерге талап артады. Логистика – тауар жылжу үрдісінде материалдық және ақпараттық ағын теориясы мен практикасы. Табысты мансапқа жету үшін логистке сараптамалық ақыл және жүйелі ойлау, интуиция, қиын жағдайлардан тез шыға білу, адамдармен қарым-қатынас әдеттері қажет. Тағылымды тәәжірибесіз тағы болмайды. Олар математика мен техниканы жетік меңгеріп, қолданыстағы заңнаманы білуі қажет. Бизнес қағидаларын түсінген жөн. Көптеген кәсіпкерлер жақсы логист болып тек тауарлар мен жүктерді шахмат тақтайындағы пішіндерді қозғалту дарындалығы бар ойыншы ғана бола алатынына сенімді. Өнімдерді шетелге шығару мен ішке кіргізуде, халықаралық және ішкі тұтынушыларды іздеуді жоғарғы сапада атқаратын мамандар тапшы болғандықтан, дәл қазір әлемдік нарыққа шығуда осал тұстарымыздың жоқ еместігін жасырудың қажеті жоқ.
Кім болам? «Кім болам?» деген сауал кез-келген жеткіншектің көкейінен орын алады. Мамандардың айтуынша, ен­ді он жылдан кейін мал шаруашылығы мен аграрлық шаруашылықтың тізгінін ұстар маман таппай қалуымыз мүмкін. Ал біздегі жоғары оқу орындарындазамантала­бы­насайқаржы, кеден, салық саласының ма­­ман­дары даярлануда. Бұл мамандықты таңдайтындар саны артып, бір орынға отыз адамнан таласып жүр. Ал, шындап келгенде, еліміз мұн­дай мамандарға зәру емес. Осы орайда қажеттілік туындатқан кәсіпке икемделіп кеткен абзал. Қазақ еліне қажет мамандықтар. Сарапшы мамандардың пікірінше бүгінде елімізде маркетолог, web-дизайнер, химик, ақпараттық технолог, өнеркәсіп саласының мамандары жетіспейді.
Астроном, астрофизик, механик, геодезист картогроф сынды басқа да мамандарға еліміз аса зәру. Бұл мамандықтарды таңдаушылар қатары жоқтың қасы, сәйкесінше қажеттілік жыл санап артып келеді. Қазіргі таңда заманауи технологиялардың сан түрі шығарылуда. Ғажайып ғарыш әлемін де адамзат баласы зерттеу үстінде.  Яғни, төрткүл дүние техникаға телмірген заман болды. Осыған байланысты еліміз экономиканың басты бағдары болып отырған мұнай-газ және энергетикалық салаға ерекше назар аударып отыр. Бренд-менеджер. Ерекше аумақтардағы мәдени шараларды виртуалды кеңістік толтыруға жауап беретін маман. Бұл мамандық иесі кез келген туристік қызметтегі шаралардың жарық, дыбыс, ақпараттық насихатталуына жауап береді. Қысқасы, көңіл көтеруге жағдай жасайтын универсал маман. Менеджмент саласы. Менеджмент экономиканың барлық салаларында кездеседі. Сонысымен де бір бағыттан екінші бағытқа қызмет ауыстырып кете береді. Болашақта менеджмент саласын өзгерістер күтіп тұр. Тайм-брокер. Қызметкерлердің бос уақытын сататын маман иелері. Яғни саладағы мамандардың бос уақытын басқаратын маман. Қарапайым тілде айтсақ, офистегі маманның бос уақытын кеңседе өткізбеуіне жағдай жасашы және сол арқылы ақша табатын маман.
Сонымен бірге тайм-брокер өзге елдердің клиенттері мен жұмыс жасайды.Трендвотчер-форсайтер. Экономиканың әртүрлі секторындағы жаңа тенденцияларды бақылайтын маман. Саясат пен мәдениеттегі тұлғалардың, жалпы қоғамның жаңа дүниелерге көзқарасын есепке түсіретін мамандық.
Корпоративтік антрополог.  Бұл маман иесі ірі компаниялардағы инновациялық өнімдерді антропологиялық тәсілдер арқылы анықтайтын адам. Бұл қызметті ІТ саласындағы компаниялар, әсіресе Intel мен Nokia компаниялары сәтті қолданып жүр. Қаржы секторы. Қаржы айналымын реттейтін экономикадағы бұл салада еңбек ететіндердің де жалақысы жоғары. Бірақ, бұл қаржы қызметінен бастау алатындықтан келешекте мамандықтар әлемінен бірте-бірте ығысып, жойылып кетеді. Себебі бүгінде қаржы нарығында краудфандинг пен краудинвестинг бағыттары өте қарқынды дамуда. Дегенмен бұл салада да бірнеше жаңа мамандықтар бар. Мультивалюталы аудармашы. Дәстүрлі, несиелік, баламалы валюталарға айырбастау жүйелерін ұйымдастыратын маман. Виртуалды валюталарды реттейді.
Зейнетақы жоспарын әзірлеуші. Зейнетақы қорларына және басқа да қаржы құралдарына кіріс деңгейіне, кәсіптік қызметтің түріне, өмір салты мен кәрілік көзқарасына байланысты жеке инвестициялардың үлгісін әзірлейтін маман. Яғни зейнетке дейін қаржы жинауға жәрдем беретін мамандықтар.
А.СМАГУЛОВ,
 э.ғ.к., доцент әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дің «Менеджмент»  кафедрасының оқытушысы.

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

Туризмді одан әрі дамыту туралы сөз қозғалды

        ...

КНИГУ БРИТАНСКОГО БИЗНЕСМЕНА ОБ ОТНОШЕНИИ РУССКИХ И КОЧЕВНИКОВ В НАЧАЛЕ XXВЕКА ПЕРЕВЕЛИ ДЛЯ КАЗАХСТАНЦЕВ

        ...

КНИГУ БРИТАНСКОГО БИЗНЕСМЕНА ОБ ОТНОШЕНИИ РУССКИХ И КОЧЕВНИКОВ В НАЧАЛЕ XXВЕКА ПЕРЕВЕЛИ ДЛЯ КАЗАХСТАНЦЕВ

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ-ТӘЖІРИБЕЛІК КОНФЕРЕНЦИЯ

        ...

КӘСІПОРЫНДАР 7540,4 МЛН. ТЕҢГЕНІҢ ӨНІМІН ШЫҒАРҒАН

     Мақтаарал ауданының ...

«23 сәуір ұлттық егемендік және балаларды қорғау күні» аталып өтті

        ...

22 СӘУІР – АЛТЫН АДАМ КҮН!

Алтын адам алтын тұлға ...

ӘЛЕУМЕТТІК ЖАУАПКЕРШІЛІКТІҢ ЖАРҚЫН ҮЛГІЛЕРІН КӨРСЕТІП КЕЛЕДІ

        ...

САЯХАТТЫҢ ТӘРБИЕЛІК МӘНІ ДЕ ЗОР БОЛДЫ

        ...

ШЕТЕЛДЕГІ ЗАҢСЫЗ ДІНИ БІЛІМ АЛУ

        ...