Warning: Trying to access array offset on value of type bool in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-content/themes/jarida/functions/common-scripts.php on line 150
ЕНДІ КЕЗЕК ИМПИЧМЕНТКЕ КЕЛДІ - САЙЫПҚЫРАН.KZ Ақпаратты-сараптамалық порталы
Home » Әлемде » ЕНДІ КЕЗЕК ИМПИЧМЕНТКЕ КЕЛДІ

ЕНДІ КЕЗЕК ИМПИЧМЕНТКЕ КЕЛДІ

Жуырда Apple компаниясы, өзінің онлайн-дүкенінен АҚШ-тың қазіргі президенті Дональд Трампты қолдаушылар арасында мол сұранысқа ие  Parler қосымшасын алып тастаған еді. Енді Twitter-де оның парақшасын белгісіз мерзімге жауып тастады. Бұл Трамп жақтстарының Капитолийге басып кіруіне қатысты қолданылған шара ретінде айтылуда.
АҚШ президенті осы әрекеттің салдарынан әдеуметтік желідегі өзінің миллиондаған оқырманынан айырылып қалды. Бұған қосымша оның YouTube пен Instagram-дағы парақшалары да бұғатталды. Д.Трамп бұл әрекеттерге өз наразылығын білдірді. Сондықтан ол амалсыз көмекшілерінің парақшалары арқылы өз жақтастарына өз пікірлерін жеткізуде.
Қазірде БАҚ-та тек Дональд Трамптың өзі ғана емес, бүкіл ел бойынша оны жақтаушыларды да қудалау орын алуда деген ақпараттар пайда болуда. Мысалы «Delta Airlines» компаниясы оны қолдаған екі жолаушыны ұшақтан түсіріп тастағаны туралы бейнеролик әлеуметтік желілерде пайда болды. Сонымен бірге, елдің әр түкпірінде оның жақтаушылары мен қарсыластары митингтерге шығып, бейбіт түрде өзара қырқыса бастаған.
Ал АҚШ президентінің өзіне қаңтардың 12 не 13-де импичмент жариялануы да мүмкін делінуде. Демократтар бұл бағытта қызу жұмыс істеуде. Олар оны 20-шы қаңтарда өтетін Джо Байденнің президенттікке ресми тағайындалу  рәсіміне дейін жүзеге асырғылары келуде. Оларды тіпті Трамптың билікті Байденге беруге дайын екендігі туралы мәлімдемесі де тоқтатпауда.
Серік АМАНОВ,
Алматы.

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

ЖӘРМЕҢКЕ – ЖҰРТҚА ТИІМДІ БАСТАМА

        ...

ДӘСТҮРЛІ ТАМЫЗ КЕҢЕСІ ӨТТІ

       Мемлекеттік ...

Құрылтай – қоғам үніне құлақ асатын маңызды алаң

        ...

ҚҰРЫЛТАЙДА КӨТЕРІЛГЕН БАСТАМАЛАР ЕЛ ДАМУЫНЫҢ БАҒЫТЫН АЙҚЫНДАЙДЫ

        ...

ҚҰРЫЛТАЙ: ҚОҒАМДЫҚ БАСТАМАЛАРДЫ ІСКЕ АСЫРУДЫҢ ТИІМДІ АЛАҢЫ

        ...

Сайлауға қатысып, ел болашағына өз үлесіңді қос!

       Елдің ...

Алматы облысында онкологиялық көмектің жаңа мүмкіндіктері кеңеюде

Түркітілдес журналистер қорының мүшелері ...

ЖАҢА ОҚУ ЖЫЛЫНА ДАЙЫНДЫҚ ЖАҒДАЙЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ

        ...

Құрылтай сайлауының маңызы

        ...

ҰЛТТЫҚ ЖОБА АЯСЫНДА ЖАҢА ФОРМАТТАҒЫ 217 МЕКТЕП САЛЫНДЫ

       Елімізде ...