Warning: Trying to access array offset on false in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-content/themes/jarida/functions/common-scripts.php on line 150 І Халықаралық көктемгі мектеп Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да өтеді - САЙЫПҚЫРАН.KZ Ақпаратты-сараптамалық порталы
Home » Business » І Халықаралық көктемгі мектеп Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да өтеді

І Халықаралық көктемгі мектеп Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да өтеді

       «Жасанды интеллект дәуірі: Баспа ісі, медиа және дизайн» – І Халықаралық көктемгі мектеп Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да өтеді.
        2025 жылдың 17-18 сәуірінде Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті журналистика факультетінің «Баспагерлік-редакторлық және дизайнерлік өнер» кафедрасы Ұлттық кітап күніне орай «Жасанды интеллект дәуірі: Баспа ісі, медиа және дизайн» атты І Халықаралық көктемгі мектеп ұйымдастырады.
       Ресми серіктестер: ҚР Ұлттық кітап палатасы, Қазақстан дизайнерлер одағы, «Qazaq Gazetteri» ЖШС, «Түркітілдес журналистер қоры» ҚҚ, «Шалқар» радиосы.
       Ауқымды шараға Қазақстан мен шетелден (Бангладеш, Әзірбайжан, Тәжікстан, Қытай, Моңғолия, Ресей) келген студенттер, магистранттар, докторанттар, ЖОО оқытушылары, БАҚ өкілдері мен баспа саласының мамандары қатысады. Көктемгі мектеп аясында халықаралық ұйым өкілдері мен саланың танымал мамандары шеберлік сыныптар өткізеді.
         Курс спикерлері қатарында – ҚР Ұлттық кітап палатасының директоры Әділ Қойтанов, «Атамұра» корпорациясының президенті Рақымғали Құл-Мұхаммед, журналист Қайнар Олжай, «Мазмұндама» баспасының директоры Шыңғыс Мұқан және өзге де медиа, баспа, дизайн саласының білікті мамандары бар. Қатысушыларға 72 сағаттық сертификат беріледі.
        Көктемгі мектептің негізгі бағыттары — медиа мәтінді редакциялау технологиялары, медиадизайндағы жаңашылдық, кітап индустриясындағы жасанды интеллект, фактчекинг және ақпаратты верификациялау, медиаэтика және медиасауаттылық, Digital журналистика.
        Көктемгі мектеп барысында, жазушы, баспагер, этнограф Зейнолла Сәніктің 90 жылдығына арналған дәстүрлі «Сәнік оқулары» аясында студенттер мен магистранттар арасында республикалық байқау өтеді. Байқау жеңімпаздарына Зейнолла Сәнік атындағы арнайы шәкіртақы табысталады.
       Байқауға материалдар 2025 жылдың 13 сәуіріне дейін қабылданады. Байқау қорытындысы 15 сәуірде жарияланады.
        Әдемі МҰСАБЕК,
Т.Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық Өнер академиясы, Медиажурналистика мамандығының 3-курс студенті.

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

ОБЛЫС ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ МАҢЫЗДЫ НЫСАНДАРДЫҢ ЖҰМЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ

        ...

СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

        ...

ЖАҢА БИЗНЕС-ИДЕЯЛАР ҮШІН ГРАНТТАРҒА ҚҰЖАТТАР ҚАБЫЛДАНУДА

        ...

ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ – ОРТАҚ МІНДЕТ

       Мақтаарал ...

2026 ЖЫЛДЫҢ БАСЫНАН БЕРІ 69 МЫҢНАН АСТАМ ҚАЗАҚСТАНДЫҚ СУБСИДИЯЛАНАТЫН ЖҰМЫС ОРЫНДАРЫНА ОРНАЛАСТЫРЫЛДЫ

        ...

АУЫЛҒА КЕЛГЕН МАМАНДАРҒА МЕМЛЕКЕТТІК ҚОЛДАУ КӨРСЕТІЛЕДІ

        ...

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ ТУРАЛЫ ЖАҢА ЗАҢ: ТИІМДІ БАСҚАРУҒА БАСТАР ҚАДАМ

        ...

ӘРБІР ТАМШЫ АҒЫН СУДЫ ҮНЕМДІ ЖҰМСАЙЫҚ!

        ...

БІЛІМ МЕН ТІЛ – ҰЛТ БОЛАШАҒЫНЫҢ БЕРІК ТІРЕГІ

       Еліміздің ...

ЗАЩИЩЕНЫ ПРАВА ГОСУДАРСТВЕННЫХ СЛУЖАЩИХ

        ...