Warning: Trying to access array offset on value of type bool in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-content/themes/jarida/functions/common-scripts.php on line 150
Құлсарыда су тасқынынан зардап шеккендерге өтемақы төлей бастады - САЙЫПҚЫРАН.KZ Ақпаратты-сараптамалық порталы
Home » Business » Құлсарыда су тасқынынан зардап шеккендерге өтемақы төлей бастады

Құлсарыда су тасқынынан зардап шеккендерге өтемақы төлей бастады

        Halyk Bank және «Халық» қоры Құлсарыда су тасқынынан зардап шеккендерге өтемақы төлей бастады.
        «Халық» қайырымдылық қоры Halyk Bank-пен біріге отырып, Атырау облысы Құлсары қаласындағы су тасқынынан зардап шеккен тұрғындарға атаулы қаржылай көмек көрсете бастады. Қордың негізін қалаушы, белгілі меценат Тимур Құлыбаев 31,4 млрд теңге аударды.
        «Су тасқынынан зардап шеккендерге жанашырлық танытамын. Алғашқы күндерден бастап біз су тасқынынан зардап шеккен аймақтарға көмек көрсетіп келеміз. Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың басшылығымен біз барлық қиындықты бірге жеңетінімізге сенімдімін», – деді Тимур Құлыбаев.
         Айта кетейік, бұл көмек Құлсары тұрғындарының жеке үйлерін қалпына келтіруге бағытталып отыр. Келтірілген залалға тәуелсіз сарапшылар баға береді. Тізімді әкімдіктердің жедел штабы зардап шеккендерден алынған өтініштер негізінде дайындайды.
         Еске сала кетейік, осыған дейін «Халық» қоры мен Halyk Bank өз қаражатынан Ақтөбе, Қостанай, Батыс Қазақстан, Ақмола, Атырау, Қарағанды, Солтүстік Қазақстан, Түркістан, Алматы, Павлодар, Ұлытау және Абай облыстарындағы су тасқынынан зардап шеккендерге көмек көрсету үшін қызметкерлердің бір күндік жалақысын қосқанда 1 млрд. 445 млн. теңге бөлген болатын. Сонымен қатар, «Халық» қорының негізін қалаушы Тимур Құлыбаев Атырау облысын қалпына келтіруге қосымша 30 млрд теңге бөлу туралы шешім қабылдады. Осылайша, су тасқынынан зардап шеккендерге 31,4 млрд. теңгеден аса ақша бөлінді.

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

ЖӘРМЕҢКЕ – ЖҰРТҚА ТИІМДІ БАСТАМА

        ...

ДӘСТҮРЛІ ТАМЫЗ КЕҢЕСІ ӨТТІ

       Мемлекеттік ...

Құрылтай – қоғам үніне құлақ асатын маңызды алаң

        ...

ҚҰРЫЛТАЙДА КӨТЕРІЛГЕН БАСТАМАЛАР ЕЛ ДАМУЫНЫҢ БАҒЫТЫН АЙҚЫНДАЙДЫ

        ...

ҚҰРЫЛТАЙ: ҚОҒАМДЫҚ БАСТАМАЛАРДЫ ІСКЕ АСЫРУДЫҢ ТИІМДІ АЛАҢЫ

        ...

Сайлауға қатысып, ел болашағына өз үлесіңді қос!

       Елдің ...

Алматы облысында онкологиялық көмектің жаңа мүмкіндіктері кеңеюде

Түркітілдес журналистер қорының мүшелері ...

ЖАҢА ОҚУ ЖЫЛЫНА ДАЙЫНДЫҚ ЖАҒДАЙЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ

        ...

Құрылтай сайлауының маңызы

        ...

ҰЛТТЫҚ ЖОБА АЯСЫНДА ЖАҢА ФОРМАТТАҒЫ 217 МЕКТЕП САЛЫНДЫ

       Елімізде ...