Home » PRESS RELEASE » News » МЕРЕЙТОЙЛЫҚ БАЙҚАУ РЕСПУБЛИКА САРАЙЫНДА ӨТЕДІ

МЕРЕЙТОЙЛЫҚ БАЙҚАУ РЕСПУБЛИКА САРАЙЫНДА ӨТЕДІ

        «Жас қанат – 2024» 30-шы мерейтойлы республикалық жас орындаушылар байқауының қатысушылары қанаттарын қомдап, бізге әсер сыйлауға дайындалып жатыр.
          Биыл ересектер мен балалар арасындағы байқау қатысушылары елден ерек. Байқау 6,7 және 8 маусымда Алматыдағы Республика сарайының сахнасында өтеді. Былтырғыдай сарайдың фойесінде «Жас қанат балалар» және «Азия дауысы» сурет көрмелері болады.
«Жас қанат – 2024» ересектер мен балалар байқауына қатысушылардың тізімі анықталды. Биыл өтінімдер былтырғыдан әлдеқайда асып кетті! «Жас қанатқа» 75, «Жас қанат. Балалар» байқауына 130 өтініш түсті. Және ол өтініштер Қазақстанның түкпір-түкпірінен келді. Іріктеу комиссиясына әр номинация бойынша үздіктерді анықтау өте қиын болғаны рас.
         «Азия дауысы» қоғамдық қорының президенті Ирина Ковыряконың айтуынша, биылғы конкурсанттардың барлығы сайдың тасындай іріктелген. «Әр байқауда біз қызықты, ерекше орындаушыларды табамыз. Бірақ бұл жолы дарынды жастар көп болғандықтан ең лайықтысын таңдау оңайға соқпады», дейді, Ирина Ковыряко. Естеріңізге сала кетейік, «Жас қанаттың» арқасында отандық эстрадада талай жұлдыз жанған еді. Олардың қатарында Димаш Құдайберген, Медеу Арынбаев, Ерлан Көкеев, Нұрлан Абдуллин, «Үркер» тобы, Бақыт Шадаева, Жанар Дұғалова, Мәдина Сәдуақасова, Құрмаш Маханов, Сәкен Майғазиев, Гауһар Қаспақова, Алтынай Жорабаева, Жанна Орынбасарова, Нұрлан Албан, Бейбіт Қорған, Гүлнұр Оразымбетовалар болды.
         Өткен жылдың басты ерекшелігі – байқауға қатысушылардың оркестрмен өнер көрсетуі – биыл да өзгеріссіз қалды! Сонымен қатар, көрнекті дирижер Александр Беляков жетекшілік ететін AlJazz эстрадалық-симфониялық оркестрі ашылу салтанатын сүйемелдейді. Биылғы жылдың басты ерекшелігі, «Жас қанат. Балалар» байқауында белгілі композитор, дирижер, өңдеуші Илья Башкатовтың жетекшілігіндегі оркестр жұмыс істемек. Өткен жылы ересектер арасындағы байқауда конкурсанттарды оркестрмен сүйемелдеген Илья Башкатов бізге берген сұхбатында осы ынтымақтастықты жалғастыруға дайын екенін айтты. Ол «Жас қанат» көпшіліктің талғамын қалыптастыруға көмектесетін жоба деп санайды. Биыл оның оркестрінің балалармен жұмыс істеуі өте қызықты тәжірибе болмақ.
        Енді бас кейіпкерлеріміз, «Жас қанат – 2024» қатысушыларымен танысайық!
1. АДЕЛЬ БІРЖАНОВА, АСТАНА, 16 жас
2. КАМИЛЯ САҒЫМБАЙ, ҚАСКЕЛЕҢ, 16 жас
3. ДИЛНАЗ АМАНГЕЛДИЕВА, АҚТӨБЕ, 16 жас
4. АНДРЕЙ СЕРГЕЕВ, ТЕМІРТАУ, 24 жас
5. ЗАМАН ЕСҚАРАНОВ, ОРАЛ, 23 жас
6. ДӘУЖАС ОРАЗБЕК, ШЫМКЕНТ, 22 жас
7. ДАНА МӘЖИТОВА, АҚҚЫСТАУ, 21 жас
8. ТРИО «LADIES», АҚТАУ, құрамында: ҚАРЛЫҒАШ САДЫҚОВА, Ақтау, 23 жас, АНЭЛЬ ҚАЙЫРБЕК, Павлодар, 25 жас, АРУЖАН ҚҰСЫМОВА, Ақтау, 23 жас.
9. АСЫЛ ЖОМАРТОВ, ТАРАЗ, 24 жас
10. КӘМИЛА ТАЛҒАТОВА, ӨСКЕМЕН, 22 жас
11. АЙЛУН ЗАУШЕВА, ТАРАЗ, 16 жас
12. АЯНА ТӨЛЕНОВА, АСТАНА, 17 жас
13. ЕРМАХАН БАҒДАУЖАС, ЛИСАКОВСК, 21 жас
14. АЯКӨЗ АРАЛБАЙҚЫЗЫ, ҚЫЗЫЛОРДА, 20 жас
15. АҚНИЕТ СЕЙФУЛЛАҚЫЗЫ, ТАЛДЫҚОРҒАН, 24 жас
16. СЕРЖАН БАБАХАН, АЛМАТЫ, 27 жас
17. МАХАМБЕТӘЛИ ӘБІЛДӘ, ПЕТРОПАВЛ, 25 жас
«Жас канат. Балалар» қатысушылары:
1.ДАВИД ЧАРЛИН, АЛМАТЫ, 13 жас
2. ҚӘУСАР БЕКБОСЫН, ШЫМКЕНТ, 11 жас
3. СОФИЯ БАЛҒАЗИНА, АЛМАТЫ, 13 жас
4. АЖАР ӘБДІШЕВА, ҚАРАҒАНДЫ, 10 жас
5. ИЛАРИЯ ЛУБИНСКАЯ, СЕМЕЙ, 10 жас
6. АҢСАР АБДРАХМАН, ҚАРАҒАНДЫ, 13 жас
7. КУАНЫШ БАЙМҰХАМБЕТОВ, АЛМАТЫ, 11 жас
8. ТОҒЖАН АЗАТБЕК, ӨСКЕМЕН, 9 жас
9. АЗАТ СҮНДЕТБЕК, АЛМАТЫ, 13 жас
10. АЙМАУЫТ МАЙДАН, АЛМАТЫ, 12 жас
11. ЕҢЛІК ТӘЖІБЕК, ТЕМІРЛАН, 8 жас
12. РИАНА БАГАУТДИНОВА, АЛМАТЫ, 12 жас
13. ІНЖУ ЕСІМЖАН, ТАЛДЫҚОРҒАН, 12 жас
14. НИКОЛЬ КОМ, АСТАНА, 9 жас
15. АЙЛИН ТИМУРҚЫЗЫ, АЛМАТЫ, 9 жас
16. МӘДИ НҰБОЛАТҰЛЫ, АЛМАТЫ, 13 жас
17. «АРМАН-АЙ» ТОБЫ, АЛМАТЫ
жетекші Айгүл Адиханова
Құрамында 5 адам:
ДАЛИДА ЕСКЕНДІР – 10 жас
АЯНА РАХЫМХАН – 11 жас
НҰРГЕЛДІ ПАЙЗЫКЕН – 10 жас
ЖАНЕЛЬ ҚАБЫЖАН – 9 жас
АҚЖАН ШАЛАБЕК – 13 жас
       Естеріңізге сала кетейік, «Жас қанат» – әлеуметтік жоба (байқау қатысушылары оған тегін қатысады) болып табылады. Байқау Алматы қаласы әкімдігінің қамқорлығы мен қолдауымен жүзеге асуда.
       Ресми газеттер: «Almaty aqshamy» мен «Вечерний Алматы»
      Ақпараттық қолдау: «1 канал «Евразия», «НТК», RadioCitу, «Деловой Казахстан», Zakon.kz, «Новое поколение», Nege.kz, Caravan.kz,        «Московский комсомолец», Zhatpa.kz, DALA INSIDE телеграмы, Түркітілдес журналистер қоры мен «Қазақстандық пресс-клуб».

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

Перчатку Головкина и мяч Елены Рыбакиной выставят на аукционе в Алматы

Аукцион состоится 1 июня.  ...

«ХАЛЫҚ ЗАҢГЕРІ» АКЦИЯСЫ ӨТТІ

        ...

ЖЕТІСАЙЛЫҚ ҚАУЫНДАР РЕСЕЙГЕ ЖӨНЕЛТІЛУДЕ

        ...

«ӘРУАҚҚА ТАҒЗЫМ» ІС-ШАРАСЫ ӨТЕДІ

        ...

Бизнесіңізді қолдау үшін 5 миллион теңге жеңіп алыңыз

       Assyltas ...

Получи 5 000 000 тенге на поддержку своего бизнеса

        ...

Атаулы әлеуметтік көмек алуға өтінімді енді мобильді қосымшада «АӘК алу» қызметтері арқылы беруге болады

        ...

ЖЫЛЖЫМАЙТЫН МҮЛІК ПОРТАЛЫ АРҚЫЛЫ ӨТІНІШ БЕРУГЕ БОЛАДЫ

        ...

АТҚАРЫЛҒАН ЖҰМЫСТАРДЫҢ БАРЫСЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ

        ...

СОТРУДНИЧЕСТВО КАЗАХСТАНА И СИНГАПУРА: НОВЫЙ ВЕКТОР РАЗВИТИЯ IT-СФЕРЫ

        ...