Home » Business » КӘСІПОРЫНДАР 7540,4 МЛН. ТЕҢГЕНІҢ ӨНІМІН ШЫҒАРҒАН

КӘСІПОРЫНДАР 7540,4 МЛН. ТЕҢГЕНІҢ ӨНІМІН ШЫҒАРҒАН

     Мақтаарал ауданының 2024 жылдың қаңтар-наурызындағы  экономикалық-әлеуметтік көрсеткіштері.          
    Өнеркәсіп. Мақтаарал ауданы кәсіпорындары (шағын, қосалқы кәсіпорындар, үй шаруашылығы секторын қоса алғанда) 2024 жылдың қаңтар-наурызында  кәсіпорындар қолданып жүрген бағамен 7540,4 млн. теңгенің өнімін шығарып, өнімнің нақты көлем индексі бойынша өткен жылдың осы мерзімімен салыстырғанда  94,1 % құрады.
           Ауыл шаруашылығы. 2024 жылдың қаңтар-наурызында  Мақтаарал ауданы бойынша ауыл шаруашылығы өнімдерінің жалпы көлемі 4094,6 млн. теңгені (қолданыстағы бағамен ) құрады, бұл 2023 жылмен салыстырғанда нақты көлем индексі 101,0 % болды. Оның ішінде өсімдік шаруашылығы бойынша 751,2 млн. теңге, мал шаруашылығы бойынша 3342,2  млн. теңгені құрады.
           Сауда. Мақтаарал ауданы бойынша көтерме сауда 1556,8  млн. теңгені құрап өткен жылдың тиісті кезеңіне 101,2 %, бөлшек сауда тауар айналымы 1347,1 млн. болып өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда  103,6  % болды.
            Еңбек рыногы. Мақтаарал ауданы бойынша 2023 жылдың төртінші тоқсанында ірі, орта және шағын кәсіпорындар, мекемелер мен ұйымдардағы жұмыс істейтін қызметкерлердің есепті саны 13,3 мың адамды құрады.
2023 жылғы  төртінші тоқсанына  қызметкерлерге есептелген орташа  айлық атаулы жалақы 248815 теңгені құрап, бұл 2022 жылғы төртінші тоқсанына қарағанда 110,1 % құрады.
        Демографиялық процестер. 2024 жылдың 1 қаңтар-наурызында Мақтаарал ауданындағы халық саны 129471 мың адам, халықтың табиғи өсімі 458  адам, туу – 571  адам,  қайтыс болғандар  113  адам. Тиісті кезеңде некеге тұрғандар- 131  отбасы,  ажырасқандар-25. Осы кезеңде көші-қон бойынша келгендер – 1250 адам, кеткендер – 1963 адам.
         Тұрмыс деңгейі. 2024 жылғы қаңтар-наурызға Мақтаарал ауданы бойынша ең төмен күнкөріс деңгейінің шамасы, орта есеппен 2024 жылғы ақпаны мен салыстырғанда  0,2 % артық  және  40 671 теңгені құрап отыр.
Р.АЙДАРОВ,
Мақтаарал аудандық Статистика басқармасының басшысы.

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

САЯХАТТЫҢ ТӘРБИЕЛІК МӘНІ ДЕ ЗОР БОЛДЫ

        ...

ШЕТЕЛДЕГІ ЗАҢСЫЗ ДІНИ БІЛІМ АЛУ

        ...

ТАРТЫНА ТҰРСАҚ, ТУЫСҚАН!

        ...

Эвакуацияланғандар жатақханаларға көшірілді

        ...

КИЕЛІ МЕКЕН: ЖЕТІСУДА ТАЗАЛЫҚ АКЦИЯСЫ ЖАЛҒАСУДА

        ...

ОРТАЛЫҚ АЗИЯДАН КЕЛГЕН МЕДИЦИНАЛЫҚ ОҚУ ОРЫНДАРЫНЫҢ СТУДЕНТТЕРІНЕ ҚАЗАҚСТАН ОҚУТУ ЖҮРГІЗУДЕ

        ...

ИНСУЛЬТ ДЕГЕНІМІЗ НЕ?

       Бас ...

БІЗДІҢ ҰЛАНЫМЫЗ АЙТУЛЫ БАЙҚАУДА ЖҮЛДЕГЕР АТАНДЫ!

        ...

МЕЙІРГЕР – МЕДИЦИНАНЫҢ ЖАҢА МОДЕЛІ

        ...

ТЫНЫС ЖӘНЕ ЖҮРЕК ЖҰМЫСЫНЫНҢ ТОҚТАУЫНДАҒЫ КӨМЕК

        ...