Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wordpress-seo domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6121
ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ-ТӘЖІРИБЕЛІК КОНФЕРЕНЦИЯ - САЙЫПҚЫРАН.KZ Ақпаратты-сараптамалық порталы
Home » PRESS RELEASE » News » ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ-ТӘЖІРИБЕЛІК КОНФЕРЕНЦИЯ

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ-ТӘЖІРИБЕЛІК КОНФЕРЕНЦИЯ

         2024 жылдың 12 сәуірінде Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің 90 жылдығына орай ЮНЕСКО-ның Журналистика және коммуникация кафедрасының ұйымдастыруымен, Алматы қаласындағы ЮНЕСКО Өңірлік кеңсесінің қолдауымен Халықаралық Фараби форумы аясында «Тұрақты даму мақсатында халықаралық журналистиканы оқыту модельдері» (МТIJ) атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өткізілді.
        Конференция жұмысын журналистика факультетінің деканы Темірғали Көпбаев факультеттегі тұрақты даму саласындағы білім берудің жай-күйіне тоқталуымен ашты. Қазақстандағы БҰҰ Ақпараттық бюросының басшысы, БҰҰ жаһандық коммуникациялар департаментінің өкілі Властимил Самек әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін 90 жылдық мерейтойымен құттықтап, университеттің БҰҰ-ның тұрақты даму бойынша «Академиялық ықпал» UNAI Жаһандық хабына жетекшілік ету мерзіміне 10 жыл толғанын ерекше атады.
         Алматы қаласындағы ЮНЕСКО Өңірлік кеңсесінің коммуникация және ақпарат бөлімінің маманы Сергей Карпов Өңірлік кеңсе атынан кафедраның тұрақты дамудың 4.7., 16.10 мақсаттары бойынша Коммуникацияны дамыту Халықаралық бағдарламасымен бірлескен қызметіне алғыс білдірді. ЮНЕСКО-ның семинарлар сериясына тоқталды. Қазіргідей сандық, мультимедиялық интерактивті коммуникациялық технологиялар дәуірінде халықаралық деңгейде журналистер дайындау, оқу бағдарламаларының сапасы аса өзекті мәселеге айналды.
         Конференцияда талқыланған тақырыптар: журналистік білім берудің жаңа бағыттары, медиапедагогика – болашақтың дағдылары; журналистиканың посткәсіби әлемі: оқу бағдарламаларын бейімдеу; көші-қон және босқындар тақырыбын көрсетуге арналған білім беру бағдарламаларының алгоритмі, қазіргі халықаралық журналистика: тәуекелдер мен мүмкіндіктер, заманауи медианың технологиялары мен әлеуметтік құндылықтары: өзгерістер тәуекелдері т.б.
          Қазақ ұлттық университеті қызметінің басым бағыттары,  білім беру қызметінің сапасын арттыру, ғылыми-зерттеу және инновациялық қызметті дамыту, жаңа ақпараттық технологияларды енгізу анықталды.
         Аталған шараға Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі Алматы қаласындағы өкілдігінің Саяси ынтымақтастық басқармасының басшысы Алмаша Аренова, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Тұрақты даму бойынша Пан Ги Мун институтының директоры Жансая Исаева, Алматы Азаматтық Альянсының төрағасы, Алматы қаласы Қоғамдық кеңесінің мүшесі Қайыржан Абдыхалықов, Санкт-Петербург мемлекеттік университетінің журналистика және бұқаралық коммуникациялар жоғары мектебінің профессоры, с.ғ.д., саясаттанушы Илья Быков, Түркітілдес Журналистер қоры Президенті Нәзия Жоямергенқызы, Avrupa Media Holding (Ұлыбритания) құрылтайшысы, журналист Ватан Өз, Сиань Цзяотун университетінің Жаңа медиа журналистика мектебінің профессоры Фэн Ву,  Интер-Медиа Брюссель қоғамдық қорының (Түркия) құрылтайшысы, журналист Юсуф Джинал, Пенза мемлекеттік университетінің доценті, ф.ғ.к. Галина Зуева (Ресей), «Молдова-1» қоғамдық телеарна редакциясының бас редакторы Людмила Барба (Молдова Республикасы) кәсіби журналистер даярлаудағы өзекті мәселелерді қозғады.
Анар ҚАЛИБЕКҚЫЗЫ,
әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, ЮНЕСКО-ның журналистика және коммуникация
кафедрасының аға оқытушысы.

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

РЕСПУБЛИКА КҮНІНЕ АРНАЛҒАН ИНТЕЛЛЕКТУАЛДЫҚ КВИЗ-САЙЫСЫ

        ...

«ҰЛЫ ДАЛА» балабақшасында «Ауыл» партиясының «Бастауыш партия ұйымы» ашылды

       Семей ...

ШЕКАРАДАН БАСТАЛҒАН СЕРІКТЕСТІК: ҚЫТАЙ КӘСІПКЕРЛЕРІНІҢ САПАРЫ НЕНІ КӨРСЕТТІ?

        ...

НҰРАЛХАН КӨШЕРОВ: ТҮРКІСТАН ӨНДІРІСІ ДАМЫҒАН ӨҢІРЛЕР ҚАТАРЫНАН ТАБЫЛАДЫ

        ...

«АГРОХАКАТОН – 2025» ЖАС ҒАЛЫМДАР ЖОБАСЫНДА СЕМЕЙЛІК – “CAMPUS TEAM” КОМАНДАСЫ ЖҮЛДЕГЕР АТАНДЫ

        ...

СЕМЕЙДЕ «АУЫЛ» ПАРТИЯСЫ АБАЙ ОБЛЫСЫ БОЙЫНША ӨҢІРЛІК ФИЛИАЛ АКТИВІНЕ АРНАЛҒАН СЕМИНАР ӨТТІ

        ...

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТКЕ ІРІКТЕУДІҢ ЖАҢА КЕЗЕҢІ

        ...

АБАЙ ОБЛЫСЫНДА «ИННОВАЦИЯЛАР. ТҰРАҚТЫЛЫҚ. БОЛАШАҚ» ХАКАТОНЫНЫҢ ОБЛЫСТЫҚ ІРІКТЕУ КЕЗЕҢІ ӨТТІ

        ...

СЕМЕЙДЕ АЛҒАШ РЕТ ТІКЕЛЕЙ ҚАЛА ӘКІМІНІҢ САЙЛАУЫ ӨТТІ

        ...

ҰСТАЗДАР КҮНІНЕ АРНАЛҒАН ІС-ШАРА

        ...