Warning: Trying to access array offset on value of type bool in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-content/themes/jarida/functions/common-scripts.php on line 150
Стамбұлдағы Ататүрік мәдени орталығында (AKM) көрмеге қойылды - САЙЫПҚЫРАН.KZ Ақпаратты-сараптамалық порталы
Home » Business » Стамбұлдағы Ататүрік мәдени орталығында (AKM) көрмеге қойылды

Стамбұлдағы Ататүрік мәдени орталығында (AKM) көрмеге қойылды

           Түрік суретшісі Мелек Зейнеп Булуттың «OpenWork» атты орындаушылық және эксперименттік кеңістіктік инсталляциясы Түрік Республикасының 100 жылдығын мерекелеу шеңберінде Стамбұлдағы Ататүрік мәдени орталығында (AKM) көрмеге қойылды.
            Түркияда алғаш рет ашылған «OpenWork» көрмесі Ататүрік мәдени орталығына Түркия Республикасы Мәдениет және туризм министрлігінің арнайы бастамасымен ұйымдстырылды. Бұған дейін аталған инсталляция Лондондағы Сомерсет Хаус ауласында көрсетілген еді.  Сонымен қатар 2023 жылдың маусымында Лондон дизайн биенналесінде 47 елдің 22 университетінен келген материалдардан таңдалған қоғамдық сыйлықты жеңіп алды. Сондай-ақ, инсталляция Лондон дизайн фестивалінің 20 жылдығына арналған арнайы іріктеуге енгізіліп, Темза жағалауындағы «Лондон көкжиегінде» көрмеге қойылды. «Openwork» сонымен қатар «Лондон дизайн фестивалі-2023» Қызыл кітабында «Соңғы 20 жылдағы ең ықпалды жұмыстар» қатарына енді. Санаттың қазылар алқасының құрамына бірнеше танымал адамдар мен ұйымдар кіреді, соның ішінде Лондон мэрі мен Виктория мен Альберт мұражайы да бар.
           Мелек Зейнеп Булут абстрактілі және нақты тәжірибеге, сондай-ақ мүсіндік кеңістік пен кеңістіктік-инстинктивтік тәжірибені талдауға бағытталған сәулет, мүсін, психология және мінез-құлық ғылымдарын синтездейтін туындылар жасайды. Шығармаларын қоғамдық кеңістікте байланыс пен көріністі қалыптастыру объектісі ретінде орналастыру арқылы суретші өз шығармаларында физикалық және психологиялық өлшемдегі визуалды қабылдауды қамтиды.

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

ЖӘРМЕҢКЕ – ЖҰРТҚА ТИІМДІ БАСТАМА

        ...

ДӘСТҮРЛІ ТАМЫЗ КЕҢЕСІ ӨТТІ

       Мемлекеттік ...

Құрылтай – қоғам үніне құлақ асатын маңызды алаң

        ...

ҚҰРЫЛТАЙДА КӨТЕРІЛГЕН БАСТАМАЛАР ЕЛ ДАМУЫНЫҢ БАҒЫТЫН АЙҚЫНДАЙДЫ

        ...

ҚҰРЫЛТАЙ: ҚОҒАМДЫҚ БАСТАМАЛАРДЫ ІСКЕ АСЫРУДЫҢ ТИІМДІ АЛАҢЫ

        ...

Сайлауға қатысып, ел болашағына өз үлесіңді қос!

       Елдің ...

Алматы облысында онкологиялық көмектің жаңа мүмкіндіктері кеңеюде

Түркітілдес журналистер қорының мүшелері ...

ЖАҢА ОҚУ ЖЫЛЫНА ДАЙЫНДЫҚ ЖАҒДАЙЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ

        ...

Құрылтай сайлауының маңызы

        ...

ҰЛТТЫҚ ЖОБА АЯСЫНДА ЖАҢА ФОРМАТТАҒЫ 217 МЕКТЕП САЛЫНДЫ

       Елімізде ...