Home » Business » БАТЫРЛАР ШЫҚҚАН БАСҚАРМА

БАТЫРЛАР ШЫҚҚАН БАСҚАРМА

         2023 жылдың 1 тамызында ҚР ҰҚК Шекара қызметі Алматы облысы бойынша департаментіне қарасты Райымбек ауданы бойынша шекара басқармасының құрылғанына 55 жыл толды. Жауынгерлік Даңқ жолдарынан сүрінбей өткен әскери ұжым өзінің төл мерекесін лайықты қарсы алды.

          Осыдан 55 жыл бұрын Шонжы деген атаумен қабырғасы қаланған шекара отрядында кімдер қызмет атқармады? Мемлекеттік шекараға бөгде қолдың сұғылмауын қамтамасыз етумен қатар, Ұлы Отан соғысы мен Ауған соғысының сұрапыл жылдарында ерліктің ұмытылмас үлгісін көрсете білді. Отан қорғау жолындағы жанқиярлық ерлігі мен қайсарлығы үшін орден, медальдармен марапатталса, Олардың ішінен аты аңызға айналған генерал-лейтенант М.Меркулов Кеңес Одағының Батыры атағына ие болды. Матвей Кузьмич Меркулов Ұлы Отан соғысына дейін басқарған «Есекартқан» шекара заставасы ол кезде Пржевальский шекара отрядына қарайтын…
         Негізі, Шонжы шекара отряды ашылғанға дейін «Баянкөл», «Нарынқол», «Қостөбе», «Текес», «Сүмбе», «Есекартқан», «Күркілдек», «Ойқарағай» шекара заставалары Пржевальск шекара отрядының құрамында болса, «Көлжат», «Геопартия» «Қайырған» шекара заставалары сол кездегі Панфилов шекара отрядына бағынатын. Құрылысы 1967 жылдан басталған су жаңа шекара отрядын Қазақстанның Тәуелсіздігі жылдарында Шекара қызметінің Т.Стамбеков бастаған ең мықты сардарлары басқарды. Лейтенант А.Заманбеков басқарған «Есекартқан» шекара заставасында «Қазақфильм» киностудиясы 70-ші жылдары «Шатқалдағы шекара» фильмін түсірді. Екімыңыншы жылдардың басында бұл заставаға Кеңестер Одағының Батыры, ұзық жылдар Қызыл Тулы Шығыс шекара округін басқарған генерал-лейтенант М.Меркуловтың есімі беріліп, аңыз шекарашы мәңгілік ұлықталды.

          Алдымен ту көтеріліп, Әнұранымыз орындалған соң, алғашқы сөз кезегін алған ҰҚК Шекара қызметі Алматы облысы бойынша департаменті бастығының орынбасары полковник Д.Федорченко департамент бастығының құттықтауын оқыған соң ұжымға өзгеше картинаны сыйға тартты. Бұл – атып келе жатқан күнді туған жердің шетіндегі шекаралық бақылау мұнарасында қарсы алған шекарашы бейнеленген.
          Мерекеге орай, Алматы қаласынан ат арылтып жеткен командирлердің бірі отставкадағы генерал-майор Марат Мажитов шекарашы ардагерлердің «Застава тарландары» республикалық қоғамдық бірлестігінің атынан құттықтау және бағалы сыйлықты тарту етті. Сондай-ақ, шекара басқармасының ұжымын аудан әкімі Ш.Нурахунов, Ұйғыр аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің бастығы подполковник С.Ғаппаров сынды қонақтар құттықтап, әріптестеріміздің ел шебіндегі қызметтеріне алғыс білдірді.

        Рәсім соңында қонақтар басқарманың Жауынгерлік Даңқ жолдарынан сыр шертетін мұражайда болып, құнды жәдігерлерді тамашалады. Бұдан әрі, салтанатты жиын аудандық мәдениет үйінде өткен мерекелік концертке ұласты.
        Иә, қазақ халқында аманатқа қиянат жасамайтын, керісінше адалдық танытып, оны ар-намыстың биік шыңына бағалайтын терең дәстүр қалыптасқан. Бұл – сабақтастық. 55 жылдық тарихы бар, ел шебінде ізі сайрап жатқан шекарашыларымен дараланатын Райымбек ауданы бойынша шекара басқармасы да бабалар аманаты мен келешек ғаламаты үшін аянбай тер төге беретін болады.
Запастағы подполковник Тамара ДӘУЛЕТБАЕВА,
«Ақпарат саласының үздігі» төсбелгісінің иегері.

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

КНИГУ БРИТАНСКОГО БИЗНЕСМЕНА ОБ ОТНОШЕНИИ РУССКИХ И КОЧЕВНИКОВ В НАЧАЛЕ XXВЕКА ПЕРЕВЕЛИ ДЛЯ КАЗАХСТАНЦЕВ

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ-ТӘЖІРИБЕЛІК КОНФЕРЕНЦИЯ

        ...

КӘСІПОРЫНДАР 7540,4 МЛН. ТЕҢГЕНІҢ ӨНІМІН ШЫҒАРҒАН

     Мақтаарал ауданының ...

«23 сәуір ұлттық егемендік және балаларды қорғау күні» аталып өтті

        ...

22 СӘУІР – АЛТЫН АДАМ КҮН!

Алтын адам алтын тұлға ...

ӘЛЕУМЕТТІК ЖАУАПКЕРШІЛІКТІҢ ЖАРҚЫН ҮЛГІЛЕРІН КӨРСЕТІП КЕЛЕДІ

        ...

САЯХАТТЫҢ ТӘРБИЕЛІК МӘНІ ДЕ ЗОР БОЛДЫ

        ...

ШЕТЕЛДЕГІ ЗАҢСЫЗ ДІНИ БІЛІМ АЛУ

        ...

ТАРТЫНА ТҰРСАҚ, ТУЫСҚАН!

        ...

Эвакуацияланғандар жатақханаларға көшірілді

        ...