Жетісай қаласындағы басты көшелердің бірі – Мұхтар Әуезов көшесінде жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында бір нүктелік рейдтік іс-шарасы ұйымдастырылды. Аталмыш рейдтің басты мақсаты – жол-көлік оқиғаларының алдын алу, жүргізушілердің құжаттарын тексеру және көлік жүргізу мәдениетін арттыруға бағытталған түсіндірме жұмыстарын жүргізу болды. Іс-шараға Жетісай аудандық полиция бөлімі басшысының орынбасары Нұрсұлтан Елшібаев тікелей ...
Read More »ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТ МҮМКІНДІГІН БАРЫНША ПАЙДАЛАНУЫМЫЗ КЕРЕК
Мемлекетіміздің басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылдың 8 қыркүйегінде Қазақстан халқына арнаған «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу» атты Жолдауында білім беру ордаларында жасанды интеллекттің мүмкіндігін барынша пайдалануға шақырды. Сонымен қатар, Президентіміз Астана қаласында өткен жасанды интеллектіні дамыту жөніндегі кеңестің алғашқы отырысында мұғалімдер көп уақытын алатын ...
Read More »ТӘУЕКЕЛДІҢ ДЕ ӨЗ ОРНЫ БАР…
Бәрімізде қаржыны үнемдеп жұмсау керектігі туралы, ол мәселеде сабырқандылықпен жұмыс істеу керектігін жақсы білеміз. Бірақ… сонда да кейбіріміз соны жақсы біле тұра кейде «бір мәнісі болады!» деп тәуекел ете отырып әрекет етеміз немесе біреудің көңіліне қарап ақкөңілділік жасап, кейіннен сол қылығымызға қатты өкініп жатамыз. Сөз еткелі отырған кейіпкеріміз Қанат та сондай қателіктерге жол біріп, бүгінде өзгелерді ...
Read More »СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ЖОЛ БЕРМЕУДІҢ ЕЛ ҮШІН МАҢЫЗЫ ЕРЕКШЕ
Бүгінгі күні сыбайлас жемқорлықпен күрес – мемлекеттік саясаттың басым бағыттарының бірі. Жемқорлық – елдің дамуына кедергі келтіріп қана қоймай, қоғамның әділдікке, заң үстемдігіне деген сенімін әлсірететін қауіпті құбылыс. Сондықтан да оған қарсы тұру – тек құқық қорғау органдарының ғана емес, барша қоғамның міндеті. Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаев сыбайлас жемқорлықтың мемлекет үшін қаншалықты қауіпті ...
Read More »СЕРІК МАМЫТОВ ӘЛЕУМЕТТІК НЫСАНДАРДАҒЫ ЖҰМЫСТАРДЫҢ БАРЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ
Бүгін Жетісай ауданының әкімі Серік Мамытов қызметтік іссапар аясында Жетісай қаласы мен Қазыбек би, Жаңа ауыл, Ынтымақ және Абай ауылдық округтеріндегі бірқатар әлеуметтік нысандарда жүргізіліп жатқан құрылыстар мен күрделі жөндеу жұмыстарының барысымен танысты. Аудан басшысы С.Мамытов Қазыбек би ауылындағы құрылыс жұмыстары жүріп жатқан мәдениет үйі мен Түркістан мектебі, Жетісай қаласындағы 1500 орындық ...
Read More »ВИЦЕ-МИНИСТР АУДАНЫМЫЗДЫҢ ШАРУАЛАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ
Ауыл шаруашылығы саласының өзекті мәселелерін талқылау мақсатында Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация бірінші вице-министрі Нұрлан Жанұзақұлы Алдамжаров Жетісай ауданына арнайы іссапармен келіп, шаруаларымен кездесті. Сапардың негізгі мақсаты — ағын су тапшылығына байланысты жағдайды талдау, алдағы вегетациялық кезеңге дайындықты пысықтау және ирригациялық инфрақұрылымды жаңарту мәселелері бойынша ұсыныстарды тыңдау болды. ...
Read More »МӘЖІЛІС ДЕПУТАТЫ АСЫҚАТА КЕНТІНДЕ БОЛДЫ
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Темір Қырықбаев жұмыс сапарымен ауданға келіп, Асықата кентіндегі бірқатар әлеуметтік және инфрақұрылымдық нысандардың жұмысымен танысты. Нақты айтар болсақ, «SPORT ASSET MANAGEMENT» қоғамдық бірлестігінің жеке инвестициясы есебінен салынып жатқан заманауи теннис орталығы мен ауыл шаруашылығына маңызды рөл атқаратын «Тәуелсіздіктің 20 жылдығы» каналында болды. Ол аумағы 1 гектарды құрайтын ...
Read More »СЕРІК МАМЫТОВ СУ НЫСАНДАРЫН АРАЛАП, ХАЛЫҚ ПІКІРІН ТЫҢДАДЫ
Жетісай ауданының әкімі Серік Үсенұлы Мамытов тұрғындармен өткен есептік кездесулер мен жеке қабылдауларда көтерілген ауыз су және санитарлық тазалық мәселелеріне байланысты бірқатар елді мекендерді аралап, ауыз су нысандарының жағдайымен танысты. Аудан басшысы бұл сапарында ауыл ақсақалдарымен де кездесіп, халықтың талап-тілегін назарға алды. Аудан әкімінің жұмыс сапары алдымен «Жаңа ауыл» ауылдық округінен ...
Read More »ҚАЗАҚ ТІЛІНІҢ ДАМУЫ – ҰЛТТЫҢ РУХАНИ ТІРЕГІ
Бүгінгі таңда, қазақ тілінің қоғамдағы рөлі күн санап артып келеді. Бұл – бір күнде емес, жылдар бойы үздіксіз еңбек пен ұлтжандылықтың нәтижесі. Қазақша телерадиолар, интернеттегі блогтар мен подкасттар саны күрт көбейіп, қазақ тілді сапалы контент ұсыныла бастады. Бұрын-соңды тек орысша немесе шетел тілдерінде ұсынылатын контенттерді қазір қазақ тілінде де көруге, тыңдауға мүмкіндік бар. Бұл ...
Read More »ЖЕТІСАЙДА «ҚОНЫС АУДАРУ» ЖӘРМЕҢКЕСІ ӨТТІ
«Жұмыс күшінің мобильділігін арттыру үшін ерікті түрде қоныс аударуға жәрдемдесу» бағыты шеңберінде Жетісай ауданында Солтүстік Қазақстан мен Шығыс Қазақстан, Абай, Павлодар, Қарағанды, Ұлытау мен Қостанай облыстарынан келген өкілдердің қатысуымен «ҚОНЫС АУДАРУ» жәрмеңкесі өтті. Аталмыш шараға 311 жергілікті тұрғын қатысып, оның 283-і өздеріне қажетті мәліметтерден құлағдар болды. Республикамыздағы халқы тығыз орналасқан, жұмысшы ...
Read More »
САЙЫПҚЫРАН.KZ Ақпаратты-сараптамалық порталы АҚПАРАТ ӘЛЕМДІ БИЛЕЙДІ!
