3 мамырда Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев бала құқықтарын қорғау туралы заңға қол қойды. Осы заңға сәйкес енді билік мессенджерлер мен әлеуметтік желі иелерінен балаларға кибербуллинг деп танылған контентті алып тастауды талап ете алады. Осыған дейін 20 сәуірде ҚР Парламентінің Мәжілісінде осы заң жобасы талқыланып отырғанда, Сенат кибербуллингті анықтау үшін сарапшылар комиссиясын құрып, егер де әлеуметтік ...
Read More »РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БАЙҚАУ БАСТАЛДЫ
Республикалық «Ғани Мұратбаев» атындағы жастар сыйлығын беру жөніндегі конкурстың ЕРЕЖЕСІ Жалпы ережелер Республикалық «Ғани Мұратбаев» атындағы жастар сыйлығы (бұдан әрі – Сыйлық) Қазақстандық патриотизмді арттыруға елеулі үлес қосқан жас дарынды белсенділерді қолдау, Орта Азия мен Шығыс жастарының жалынды жетекшісі, белгілі қоғам қайраткері Ғани Мұратбаевтың ісі мен өнегесін өскелең ұрпаққа дәріптеу, кеңінен насихаттау мақсатында өткізіледі. Сонымен қатар, Сыйлық талантты ...
Read More »440-ДЕН АСТАМ САРБАЗ АНТ ҚАБЫЛДАДЫ
Тәуелсіз еліміздің тыныштығын күзету – ер азаматтар үлесіндегі қастерлі міндет. Бүгін тепсе темір үзетін жігіттер сапқа тұрып, туған Отанының тыныштығын қорғауға салтанатты түрде ант берді. Рәсім ҰҚК Шекара қызметі Алматы облысы бойынша департаментіне қарасты Қарасай ауданы бойынша шекара ауданының Ақжар ықшамауданында орналасқан кәсіби-техникалық және дайындық бөлімінде өтті. Жас жауынгерлер курсынан өтіп ...
Read More »ҚАЛАМГЕРЛЕР МЕН ӨНЕР АДАМДАРЫ – ХАЛЫҚ АЙНАСЫ
NIS халықаралық бакалавриат мектебінде танымал ақын және жазушымен кездесу өтті. NIS халықаралық бакалавриат мектебінде «Даналық бейсенбі» және «Замандастар жырлары» жобалары аясында «Абай» мерейтойлық медалінің иегері, белгілі ақын – Жұлдызай Ысқақ және Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, «Шабыт» халықаралық шығармашыл жастар фестивалінің лауреаты – Алмаз Мырзахметпен кездесу өтті. «Қаламгерлер мен өнер ...
Read More »«…ПАРЫЗЫН ӨТЕ, ОТАННЫҢ!»
ҰҚК Шекара қызметінің Техниканы және қару-жарақтарды жөндеу басқармасында әскер қатарына шақырылушылардың Ант қабылдау рәсімі өтті. Бүгінгі рәсімнің ерекшелігі сол, «Көктем-2022» шақырылымының шарасына жас сарбаздардың ата-ана, туғандары мен достары қатысып, қуаныштарымен бөлісті. Бұл – пандемияның беті қайтып, карантиндік шектеулер алынғаннан кейінгі бірінші өткізіліп отырған дәстүрлі шара. Сондықтан, Ант беру секілді ұлдарының өмірінде ...
Read More »АУДАНДА АЖЫРАСУШЫЛАР САНЫ АЗАЙҒАН
Шардара ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің азаматтық хал актілерін тіркеу саласы бойынша биылғы жылдың басынан бері 673 актілік жазба тіркелген. Оның 456-сы туу туралы, 95-і қайтыс болу туралы, 117-сі неке қию туралы болса 4-і неке бұзу туралы жазбалар. Одан бөлек бір тұрғыннан аты-жөнін ауыстыру бойынша өтініш түскен. «Ауданда өткен ...
Read More »ЖАСТАРЫМЫЗ ТҮРКІСТАННЫҢ ТҮРЛЕНУІНЕ АТСАЛЫСУДА
Мақтаарал ауданының жастары Түркістан қаласының түрленуіне атсалысуда. Аудандық мәслихаттың депутаты, аудандық «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің директоры Сүндет Кенжебаев бастаған мақтааралдық жастар 3 күннен бері 2 мыңнан аса ағаш көшеттерін отырғызды. «Түркістан – күллі түркі әлемінің рухани астанасы болғандықтан, бұл шаһардың түрленуіне, көркейіп дамуына атсалысу бәріміз үшін ортақ парыз. Сондықтан, 400 шақырым жерден ...
Read More »ҚАЗАҚ ӨНЕРІ КҮНІ АТАЛЫП ӨТТІ
Өткен күндері қаламыздың Тәттімбет атындағы өнер колледжінде «Қазақ халқының мұрасы» кітаптар сериясының ұлт құндылықтарын сақтау мен насихаттауға бағытталған Қазақ күнтізбесіндегі 1 сәуір – Қазақ өнері күніне орай лекция – концерт болып өтті. Бұл күн қазақтың дарынды композиторы, дирижер Нұрғиса Тілендінің туған күніне орайластырылып, белгіленді. Осы атаулы датаға орай ұйымдастырылған шарада студенттерге ...
Read More »1 СӘУІР – ҚАЗАҚ ӨНЕРІ КҮНІ
Қадірлі бауырлар! Ұлт құндылықтарын сақтау мен насихаттауға бағытталған Қазақ күнтізбесіндегі 1 сәуір – Қазақ өнері күні болып белгіленген. Бұл күн қазақтың дарынды дирижері, композитор «Аққу», «Әлқисса» сынды күйлердің авторы Нұрғиса Тілендиевтің туған күніне орайластырылып белгіленген. Кезінде Нұрғиса екеуміз бірлесіп «Әкеме» атты әнді жазған едік. Сол ән әлі күнге ...
Read More »ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТ ЖӘНЕ NIS-ПЕН НАУРЫЗ ДӘСТҮРЛЕРІ
Назарбаев Зияткерлік мектептерінде «Жасанды интеллект және мехатроника» Наурыз кездесулері аяқталды. Биылғы жылы көктемгі дәстүрлі ғылыми жобалар байқауы қазіргі заманның ең өзекті басымдықтарының бірі – «Жасанды интеллект және мехатроника» тақырыбына арналды. Қазақ, ағылшын және орыс тілдеріндегі вебинарларға жасанды интеллект, цифрлы технологиялар, робототехника, инженерия, сәулет және экология саласындағы танымал отандық және шетелдік спикерлер қосылды. Олардың қатарында Швейцариядан еуропалық футурист Герд Леонхард, Австралиядан ...
Read More »