Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wordpress-seo domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6131
ЖЕТІСАЙ АУДАНЫНДА ЗАМАНАУИ БАЛАБАҚША АШЫЛДЫ - САЙЫПҚЫРАН.KZ Ақпаратты-сараптамалық порталы
Home » PRESS RELEASE » ЖЕТІСАЙ АУДАНЫНДА ЗАМАНАУИ БАЛАБАҚША АШЫЛДЫ

ЖЕТІСАЙ АУДАНЫНДА ЗАМАНАУИ БАЛАБАҚША АШЫЛДЫ

       Жетісай ауданы, Шаблан Ділдәбеков ауылдық округіне қарасты Сайлау елді мекенінде заман талабына сай «Жарқын шақ» бөбекжай балабақшасы ел игілігіне пайдалануға берілді. Екі қабатты ғимаратта жас өскіндерді сапалы тәрбиелеп, ой өрістерінің өсуіне, яғни, білімді болып ержетуіне, осы заманның үлгі жақтары түгел жасалған. Балабақша ішіндегі балалар ойын алаңына да ерекше көңіл бөлінген. Өйткені, мекеменің басты бағыты – бүлдіршіндерге тек тәрбие беріп қана қоймай, олардың спортпен айналысуына да баса назар аудару болып табылады.
        Балабақшаның салтанатты ашылу рәсіміне келген қонақтар балабақша ішін аралап, бөлмелерімен танысты. Әр бөлме балалардың жас ерекшеліктеріне қарай жабдықталған. Мұнда 2 жастан 6 жасқа дейінгі балалар қабылданады.
         «Өздеріңіз куә болып отырсыздар, бүгін бүлдіршіндерге есігін айқара ашқан бөбекжай заманауи үлгіде жабдықталған. Бөлмелері кең, жылы әрі жарық. Әрбір топта 20 бала бар. Алдағы уақытта осындай әсем ғимаратта бүлдіршіндер алаңсыз зейіндерін арттырып, тиісінше білікті педагогтар балғындарға тағылымды тәлім-тәрбие береді деп ойлаймын. Бала – біздің болашағымыз. Бұған дейін де тек жақсы жағынан аты шығып келген ұжымға, тәуелсіздіктің тұтқасын берік ұстап, ел ертеңін ойлайтын саналы, отансүйгіш азамат тәрбиелеу бағытында әрі қарай да еңбек етуге сәттілік тілеймін» деді шараға арнайы қатысқан Ш.Ділдәбеков ауылдық округінің әкімі Қанат Тілеуов.
        «Бұл балабақшаның басты ерекшелігі – бүлдіршіндерге тек тәрбие беріп қана қоймай, олардың спортпен, музыкамен айналысуына да баса назар аударылған. Одан бөлек бал тілді балғындарды қазақы салт-дәстүр, әдет-ғұрыпқа баули отырып ұлттық құндылықтарымызды ұлықтау көзделуде.
Мұнда кішкентайлардың денсаулығы – басты назарда. Дәрігерлер бөбектерді күн сайын тексеріп отырады. Бөбекжайдан білімдар әрі саналы ұрпақ шығару жолында аянбай еңбек ететін боламыз» дейді балабақша құрылтайшысы Қалдарбек Үсенов.
          Жергілікті тұрғындардан 25 адамды тұрақты жұмыспен қамтып отырған «Жарқын шақ» бөбекжай балабақшасында 25 адам тұрақты жұмыспен қамтылған, 6 топ жұмыс істейді. Алдағы уақытта қосымша топтар ашып, бүлдіршіндер мен тәжірибелі тәрбиешілердің санын арттыру жоспарланып отыр.
Бауыржан НАЙМАНОВ,
Жетісай ауданы.

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

«ҚАЗАҚ ТІЛІН ОҚЫТУДЫҢ ЗАМАНАУИ ӘДІСТЕРІ» ТАҚЫРЫБЫНДА ҒЫЛЫМИ-ӘДІСТЕМЕЛІК СЕМИНАР ӨТТІ

        ...

ҰЛТТЫҚ БАСЫЛЫМ КҮНІ

        ...

МЫСЛИ ТЕРЗАЮТ НОЧАМИ…

ЕРІК ҚАЙРАТБЕКҰЛЫ ОМАРҒАЛИЕВ. Абай ...

«АБАЙ» ЖУРНАЛЫНЫҢ ОҚЫРМАНДАРЫНА ҮНДЕУ!

         ...

ТІЛДІ ДАМЫТУ, МӘДЕНИЕТ ПЕН РУХАНИЯТТЫ НЫҒАЙТУ, АҚПАРАТ САЛАСЫН ӨРКЕНДЕТУ – ЖАҢҒЫРУДЫҢ ӨЗЕГІ

        ...

Не прошли мимо: как войсковой наряд помог потерявшемуся школьнику

        ...

Бейжай қалмады: әскери жасақ адасып қалған оқушыға көмек көрсетті

        ...

«АРАЙЛЫ КҮНІМ — АЗАТТЫҚ!» ЖАС АҚЫНДАР АЙТЫСЫ

     2025 жылдың ...

МӘДЕНИЕТ САЛАСЫНЫҢ ЖЫЛ ҚОРЫТЫНДЫ ЖИЫН-СЕМИНАРЫ МЕН МЕРЕКЕЛІК ШАРАСЫ ӨТТІ

        ...

«ЖАС ҰРПАҚ ЖӘНЕ АБАЙ МҰРАСЫ» ТАҒЫЛЫМДЫ ФОРУМЫ ӨТТІ

        ...