Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wordpress-seo domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6121
ДАРЫННЫҢ ДАРАБОЗДАРЫ ҮМІТТІ АҚТАДЫ - САЙЫПҚЫРАН.KZ Ақпаратты-сараптамалық порталы
Home » PRESS RELEASE » ДАРЫННЫҢ ДАРАБОЗДАРЫ ҮМІТТІ АҚТАДЫ

ДАРЫННЫҢ ДАРАБОЗДАРЫ ҮМІТТІ АҚТАДЫ

        Тарыдай болып кірген күннен бастап мектеп қабырғасында сіздің еркелігіңізді көтеретін де, қателіктеріңізді кешіретін де, сабақ бере отырып сүйіспеншілікке баурайтын да, махаббатқа тәрбиелейтін де, өмір сүрудің қыр-сырын үйрететін де ұстаздар қауымы. Таудай болып шыққан күніңізде де талабыңызға тілекші болып отыратын тағы да осы ұстаз.
       Ұстаздардың еңбегін ұлы ететін өздері емес, шәкірті. Білім нәрімен сусындатып, үйретуден талмаған ұстаздың сан жылдар бойғы еңбегінің жемісі – аяулы әрі білімді шәкірт. Білім бәйгесінен оза шауып, мыңнан тұлпар, жүзден жүйрік келген шәкірт үшін ұстаздың қуанышы сіз бен бізге елестетуге келмейтін сезім.
        Осыдан 10 жыл бұрын жұмысын бастаған «Жетісай ауданының мамандандырылған «Дарын» мектеп-интернаты» өткен оқу жылын керемет көрсеткіштермен тәмамдаған болатын.
        «Мұғалім еңбегінің жемісі жылдар өте келе өз нәтижесін береді» деген қағидаға сүйене отырып еңбек ететін білім ұясынан қанат қаққан 54 бітірушінің 14-і «Алтын белгі» иегері атанса, 17 түлек «Үздік аттестат» алған. Ұлттық бірыңғай тестілеуге де 100 пайыз қатысып, орташа балл 115,6 болған.
        Тағы бір мақтанарлық жағдай – мектеп бітіруші 54 түлектің 52-сі мемлекеттік грант иегері атанып отыр.
        Айта кетейік, аталмыш мектеп-интернатын 10 ішінде аяқтаған 345 оқушының 328 түлегі мемлекеттік білім грант иегері атанса, 138 бітіруші «Алтын белгі», 68 бітіруші «Үздік аттестат» алған.
Түлектерінің 44-і Халықаралық университеттерде, 12-сі шет елдердің жоғары оқу орындарында, 176 бітіруші ұлттық университеттерде, 117 шәкірті мемлекеттік университеттерде білім алып, оқуды аяқтағандары өз мамандықтары бойынша жұмыс жасауда.
««Дарын» мектеп-интернатының дамуы мен көркеюі, білім сапасының артуы мектеп ұжымының, ұстаздарымыздың біргелікте жұмыс жасауының арқасы деп білемін. Мектебіміздің, шәкірттер мен ұстаздарының алар асуы, шығар шыңы әрқашан жоғары болып, еліміздің өркендеуіне қосар үлесі мол екеніне сенемін» дейді «Жетісай ауданының мамандандырылған «Дарын» мектеп-интернаты» КММ директоры Көбейбек Алиев.
         Білікті басшының бастамасымен мектеп ұжымы да өскелең ұрпақ тәрбиелеудегі өрелі жұмыстары және мемлекеттің гүлденуі жолындағы абыройлы істерінде толымды табыстарға қол жеткізіп, қызығы мен шыжығы қатар жүретін ұстаздық жолдарында өрлеу мен өсуге жете беретіндіктеріне сенімді.
Бауыржан НАЙМАНОВ, 
Жетісай ауданы.

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

РЕСПУБЛИКА КҮНІНЕ АРНАЛҒАН ИНТЕЛЛЕКТУАЛДЫҚ КВИЗ-САЙЫСЫ

        ...

«ҰЛЫ ДАЛА» балабақшасында «Ауыл» партиясының «Бастауыш партия ұйымы» ашылды

       Семей ...

ШЕКАРАДАН БАСТАЛҒАН СЕРІКТЕСТІК: ҚЫТАЙ КӘСІПКЕРЛЕРІНІҢ САПАРЫ НЕНІ КӨРСЕТТІ?

        ...

НҰРАЛХАН КӨШЕРОВ: ТҮРКІСТАН ӨНДІРІСІ ДАМЫҒАН ӨҢІРЛЕР ҚАТАРЫНАН ТАБЫЛАДЫ

        ...

«АГРОХАКАТОН – 2025» ЖАС ҒАЛЫМДАР ЖОБАСЫНДА СЕМЕЙЛІК – “CAMPUS TEAM” КОМАНДАСЫ ЖҮЛДЕГЕР АТАНДЫ

        ...

СЕМЕЙДЕ «АУЫЛ» ПАРТИЯСЫ АБАЙ ОБЛЫСЫ БОЙЫНША ӨҢІРЛІК ФИЛИАЛ АКТИВІНЕ АРНАЛҒАН СЕМИНАР ӨТТІ

        ...

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТКЕ ІРІКТЕУДІҢ ЖАҢА КЕЗЕҢІ

        ...

АБАЙ ОБЛЫСЫНДА «ИННОВАЦИЯЛАР. ТҰРАҚТЫЛЫҚ. БОЛАШАҚ» ХАКАТОНЫНЫҢ ОБЛЫСТЫҚ ІРІКТЕУ КЕЗЕҢІ ӨТТІ

        ...

СЕМЕЙДЕ АЛҒАШ РЕТ ТІКЕЛЕЙ ҚАЛА ӘКІМІНІҢ САЙЛАУЫ ӨТТІ

        ...

ҰСТАЗДАР КҮНІНЕ АРНАЛҒАН ІС-ШАРА

        ...