Warning: Trying to access array offset on value of type bool in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-content/themes/jarida/functions/common-scripts.php on line 150
ЖЕКЕ ҚҰРАМ АРАСЫНДА ЖЕМҚОРЛЫҚ ЖОҚ - САЙЫПҚЫРАН.KZ Ақпаратты-сараптамалық порталы
Home » PRESS RELEASE » ЖЕКЕ ҚҰРАМ АРАСЫНДА ЖЕМҚОРЛЫҚ ЖОҚ

ЖЕКЕ ҚҰРАМ АРАСЫНДА ЖЕМҚОРЛЫҚ ЖОҚ

        Жақында Алматы қалалық мәслихатының депутаты Бекбол Батыржанұлы Рамазан мен Алматы қаласы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы департамент маманы Рашид Болатұлы Супуғалиев Алматы қаласы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты мекеме қызметкерлерімен кездесу өткізді. Кездесу барысында жеке құрам арасында сыбайлас жемқорлыққа жол бермеу мәселесі талқыланды.
       Жемқорлыққа қарсы әрекеттің бірі – Қазақстан Президенті Қ-Ж. Тоқаевтың бастамасымен жемқорлыққа қатысты қолданылатын жазаның қатаңдатылғаны. Соның бірі – сотталған жемқорларға қатысты мерзімінен бұрын шартты түрде босатудың күші жойылғаны. Сыбайластыққа қарсы күресті күшейту мақсатында өткізілген жиында ел дамуына нұқсан келтіретін кеселдің алдын алуға Алматы қаласы бойынша ҚАЖД қарасты мекеме қызметкерлері де өзіндік үлес қосып келе жатқаны тілге тиек болды.
          «Жеке құрам арасында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу жұмыстарын тұрақты түрде жүргізу өз нәтижесін беруде. Жұмыс барысында біз ең алдымен сыбайлас жемқорлыққа апаратын себептерді анықтай отырып, қызметкерлерді адал жұмыс істеуге шақырамыз. Бүгінде қылмыстық-атқару жүйесі саласының қызметкерлері де аталған салада қызмет өткерудің артықшылықтарына ие болуда. Қызметкерлерге жоғары басшылық тарапынан көрсетіліп отырған қамқорлықтың нәтижесінде жеке құрам арасындағы жемқорлық фактілері де жыл сайын азайып келеді»-деді кездесуде сөз сөйлеген Алматы қаласы бойынша ҚАЖД бастығының орынбасары әділет полковнигі Е.Ұзақов.
Гүлнар МАҒЗҰМОВА,
Алматы қаласы.

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

ЖӘРМЕҢКЕ – ЖҰРТҚА ТИІМДІ БАСТАМА

        ...

ДӘСТҮРЛІ ТАМЫЗ КЕҢЕСІ ӨТТІ

       Мемлекеттік ...

Құрылтай – қоғам үніне құлақ асатын маңызды алаң

        ...

ҚҰРЫЛТАЙДА КӨТЕРІЛГЕН БАСТАМАЛАР ЕЛ ДАМУЫНЫҢ БАҒЫТЫН АЙҚЫНДАЙДЫ

        ...

ҚҰРЫЛТАЙ: ҚОҒАМДЫҚ БАСТАМАЛАРДЫ ІСКЕ АСЫРУДЫҢ ТИІМДІ АЛАҢЫ

        ...

Сайлауға қатысып, ел болашағына өз үлесіңді қос!

       Елдің ...

Алматы облысында онкологиялық көмектің жаңа мүмкіндіктері кеңеюде

Түркітілдес журналистер қорының мүшелері ...

ЖАҢА ОҚУ ЖЫЛЫНА ДАЙЫНДЫҚ ЖАҒДАЙЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ

        ...

Құрылтай сайлауының маңызы

        ...

ҰЛТТЫҚ ЖОБА АЯСЫНДА ЖАҢА ФОРМАТТАҒЫ 217 МЕКТЕП САЛЫНДЫ

       Елімізде ...