20 желтоқсанда Жаратылыстану ғылымдары Академиясының академигі, Қазақстан Республикасының Журналистер Одағының мүшесі, Қазақстан Республикасының “Қазақ тілі” қоғамының басқарма мүшесі, ғылыми-ұстаз, профессор Жамбыл Тобаяқов Ошақбайұлы атындағы зертханалық дәрісхананың ашылу салтанаты өтеді. Ғалым-профессор Жамбыл Тобаяқов 1975 жылы Алматыда энергетика институтында физика факультетінің негізін қалады және 10 жыл бойы басқарған. 1994жылдан бастап өмірінің соңына дейін осы ЖОО-дың ректорының ...
Read More »«ДӘСТҮРЛІ ӘН АЙТУ ӨНЕРІ» БОЙЫНША ШЕБЕРЛІК САБАҒЫ ӨТЕДІ
Роза Бағланова атындағы «Қазақконцерт» мемлекеттік концерттік ұйымы «Балалар филармониясы» жобасы аясында 17 желтоқсан күні сағат 12.00-де «Дәстүрлі ән айту өнері» бойынша шеберлік сабағын өткізеді. Шеберлік сабақтың мақсаты – жас көрермендердің ұлттық құндылық пен мәдени мұраларға деген сүйіспеншілігін дамытуға ықпал ету болып табылады. Сабақтан жас буын – Дәстүрлі ән айту өнерінің қандай ерекшеліктері бар? Оның ...
Read More »ЖАҢА ТҮРКІСТАН – БЛОГЕРЛЕР КӨЗІМЕН!
ДҰРЫСЫ ТҮРКІСТАНҒА БАРУ, КӨРУ КЕРЕК Ғалым Макхамбетов: Түркістан бұрынғы қала емес. Біраз өзгеріс бар. Тарихи шаһарға саяхат ерекше әсер берді. Оның үстіне Өркен Кенжебек мырзамен бірге жүру мен үшін үлкен абырой. Мен түсінбеген дүниелерді «Визит Түркістан» орталығы тереңінен қарапайым тілмен жеткізіп берді. Негізі Түркі жұртының тарихы тереңде. Оны бір постпен немесе сториспен айта салу мүмкін емес. ...
Read More »«ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІК» ІС-ШАРАСЫ БАСТАЛДЫ
Жолаушылар көлігіндегі жол-көлік оқиғаларының алдын алу, сондай-ақ, қоғамдық көліктермен және таксилермен жолаушыларды тасымалдау талаптарының сақталуына бақылауды күшейту мақсатында Алматы қаласында 05 желтоқсан мен 11 желтоқсан аралығында «Қоғамдық көлік» жедел-алдын алу іс-шарасы өткізілуде. «Қазіргі уақытта біздің қызметкерлер, жолаушыларды тасымалдауды жүзеге асыратын автокөлік кәсіпорындары мен жеке кәсіпкерлердің азаматтарды тасымалдау кезіндегі қауіпсіздік талаптарына сәйкестігін тексеріп ...
Read More »КЕЗЕКТІ РЕТ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕРДІ КӨРСЕТУ ЖӘРМЕҢКЕСІ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ
Мақтаарал аудандық полиция бөлімі мен Төтенше жағдайлар бөлімінің қатысуымен ауданымызда кезекті мемлекеттік қызметтер көрсету жәрмеңкесі өтті. Жәрмеңкенің мақсаты – жұртшылыққа мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді ақпараттандыру, оның ішінде электронды түрде көрсетілетін қызметтерді кеңінен насихаттау мен мемлекеттік орган өкілдері тарапынан салалық кеңес беру. Онлайн жүздесу барысында халыққа көрсетілетін мемлекеттік қызметтерді алу тәртібі түсіндіріліп, мемлекеттік ...
Read More »ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚСЫЗ 16 КҮН
Құрметті аудан тұрғындары! 2022 жылдың 25 қарашасы мен 10 желтоқсан күндері аралығында республика аумағында «Әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықсыз 16 күн» акциясы өткізіледі. ҚР ІІМ-нің 2022 жылға арналған операциялық жоспарына сәйкес, сондай-ақ әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықты жою үшін халықаралық күрес күніне орайластырылған, Халықаралық акция шеңберінде және халықты тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу мен оның жолын кесу бойынша қабылданып жатқан ...
Read More »СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ ҚЫЛМЫС ТУРАЛЫ АҚПАРАТТЫ ДА ОСЫ ЖЕРДЕН ТАБУҒА БЛАДЫ
Енді сыбайлас жемқорлық қылмыс туралы ақпаратты eGov.kz порталы мен eGov mobile мобильді қосымшасынан алуға болады. Қызмет онлайн режимінде қолжетімді және тегін көрсетіледі. Жаңа қызметтің көмегімен: азаматтық қызметке кіру кезінде; квазимемлекеттік сектор субъектілеріне жұмысқа орналасу кезінде сыбайлас жемқорлық қылмыстың болуы немесе болмауы туралы мәліметтер алуға болады. Бұған дейін мәліметтерді Қазақстан ...
Read More »ДӘРІГЕРЛЕР ПАЦИЕНТТЕРДІ ТЕГІН ҚАБЫЛДАЙДЫ
ҚР ПІБ Медициналық орталығының жыл сайынғы «Менің сүйікті дәрігерім» акциясы аясында 28 қараша 2 желтоқсан аралығында Медициналық орталығы ауруханасының дәрігерлері көшпелі акциясы аясында Шымкент, Мырзакент, Атакент, Асықата, Жетісай қалаларында пациенттерді (18 жастан бастап) тегін қабылдайды. Акцияның мақсаты – халыққа жоғары технологиялық медициналық көмек көрсетудің қолжетімділігін арттыру. Мамандар тобында: кардиохирург Ерлан Денеев, ...
Read More »EGOV MOBILE МОБИЛЬДІ ҚОСЫМШАСЫНЫҢ КӨМЕГІМЕН 11 МЛН.-НАН АСТАМ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТІЛДІ
Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында өткен баспасөз мәслихаты барысында «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ Басқарма төрағасы Ростислав Коняшкин мемлекеттік қызметтерді смартфон арқылы көрсету бағытында жұмыс нәтижелерімен таныстырды. Мемлекет басшысының Жолдауына сәйкес, 2025 жылға қарай мемлекеттік қызметтердің 100% – ы eGov Mobile мобильді қосымшасында қолжетімді болады. Осы жылдың соңына дейін мемлекеттік қызметтердің 80% -ын «смартфон арқылы көрсетуге» ...
Read More »ЦИФРЛЫҚ ПАСПОРТ EGOV MOBILE ҚОСЫМШАСЫНДА ҚОЛЖЕТІМДІ
EGov Mobile мобильді қосымшасында жаңа цифрлық құжат – «ҚР азаматының паспорты» қолжетімді. Электрондық құжатты тек Қазақстан азаматтары ғана қолдана алады. Цифрлық паспортты eGov mobile қосымшасында жеке куәлікке ұқсас сәйкестендіру үшін пайдалануға болады. Қазіргі уақытта «ҚР азаматының паспорты» цифрлық құжатын Қазақстан Республикасының аумағында ғана пайдалануға рұқсат етіледі. Цифрлық құжатта қате мәліметтер анықталған жағдайда «қате туралы хабарлау» батырмасын басу арқылы тиісті мемлекеттік ...
Read More »