Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wordpress-seo domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6121
«ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІК» ІС-ШАРАСЫ БАСТАЛДЫ - САЙЫПҚЫРАН.KZ Ақпаратты-сараптамалық порталы
Home » PRESS RELEASE » News » «ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІК» ІС-ШАРАСЫ БАСТАЛДЫ

«ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІК» ІС-ШАРАСЫ БАСТАЛДЫ

        Жолаушылар көлігіндегі жол-көлік оқиғаларының алдын алу, сондай-ақ, қоғамдық көліктермен және таксилермен жолаушыларды тасымалдау талаптарының сақталуына бақылауды күшейту мақсатында Алматы қаласында 05 желтоқсан мен 11 желтоқсан аралығында «Қоғамдық көлік» жедел-алдын алу іс-шарасы өткізілуде.
        «Қазіргі уақытта біздің қызметкерлер, жолаушыларды тасымалдауды жүзеге асыратын автокөлік кәсіпорындары мен жеке кәсіпкерлердің азаматтарды тасымалдау кезіндегі қауіпсіздік талаптарына сәйкестігін тексеріп жатыр. Қаладағы қоғамдық көліктердің техникалық жағдайы мен балаларды тасымалдаумен айналысатын жүргізушілердің жол қозғалысы ережелерін сақтауына ерекше назар аударылуда. Сонымен қатар, заңсыз қайта жабдықталған қоғамдық көліктерді, сондай-ақ техникалық жағдайы мен конструкциясы қозғалыс қауіпсіздігінің белгіленген талаптарына сәйкес келмейтін қоғамдық көліктер мен такси көліктерін пайдалануға тыйым салу шаралары қабылданатын болады. Заңсыз келімсектер мен заңсыз тасымалдаушыларды анықтау мақсатында көші-қон полициясымен бірлесіп транзиттік көліктерді тексеру қамтамасыз етіледі. Алдыңғы шептегі бөлімшелердің жеке құрамы бірнеше рет және жүйелі түрде құқық бұзушылық жасағаны үшін іздеуде жүрген адамдар мен көлік құралдарын анықтау мақсатында барлық тіркеу деректер базасында жүргізушілерді тексеру ұйымдастырылды», — деді, әкімшілік полиция Департаментінде.
         Полицияда, көлікті мас күйінде басқару, көлік құралын жүргізу құқығынан айырылған жүргізушінің басқаруы, сақтандыруы жоқ адамның көлік құралын басқаруы, қарама-қарсы жолаққа шығу, қиылыстар мен жаяу жүргіншілер өткелдерін өту ережелерін бұзу, маневр жасау ережелерін бұзу, апаттық жағдай жасау, ұялы телефонды пайдалану, көлік құралының тоқтау және тұраққа қою ережелерін бұзуы, жолаушыларды және габаритті емес жүктерді тасымалдау ережелерін бұзу, сондай-ақ, көлік құралының санатына сәйкес келмейтін габаритті емес жүктерді тасымалдау және т.б., деректерін анықтауға міндетті түрде баса назар аударылатынын түсіндірді.
Алматы қалалық полиция Департаментінің баспасөз қызметі.

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

РЕСПУБЛИКА КҮНІНЕ АРНАЛҒАН ИНТЕЛЛЕКТУАЛДЫҚ КВИЗ-САЙЫСЫ

        ...

«ҰЛЫ ДАЛА» балабақшасында «Ауыл» партиясының «Бастауыш партия ұйымы» ашылды

       Семей ...

ШЕКАРАДАН БАСТАЛҒАН СЕРІКТЕСТІК: ҚЫТАЙ КӘСІПКЕРЛЕРІНІҢ САПАРЫ НЕНІ КӨРСЕТТІ?

        ...

НҰРАЛХАН КӨШЕРОВ: ТҮРКІСТАН ӨНДІРІСІ ДАМЫҒАН ӨҢІРЛЕР ҚАТАРЫНАН ТАБЫЛАДЫ

        ...

«АГРОХАКАТОН – 2025» ЖАС ҒАЛЫМДАР ЖОБАСЫНДА СЕМЕЙЛІК – “CAMPUS TEAM” КОМАНДАСЫ ЖҮЛДЕГЕР АТАНДЫ

        ...

СЕМЕЙДЕ «АУЫЛ» ПАРТИЯСЫ АБАЙ ОБЛЫСЫ БОЙЫНША ӨҢІРЛІК ФИЛИАЛ АКТИВІНЕ АРНАЛҒАН СЕМИНАР ӨТТІ

        ...

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТКЕ ІРІКТЕУДІҢ ЖАҢА КЕЗЕҢІ

        ...

АБАЙ ОБЛЫСЫНДА «ИННОВАЦИЯЛАР. ТҰРАҚТЫЛЫҚ. БОЛАШАҚ» ХАКАТОНЫНЫҢ ОБЛЫСТЫҚ ІРІКТЕУ КЕЗЕҢІ ӨТТІ

        ...

СЕМЕЙДЕ АЛҒАШ РЕТ ТІКЕЛЕЙ ҚАЛА ӘКІМІНІҢ САЙЛАУЫ ӨТТІ

        ...

ҰСТАЗДАР КҮНІНЕ АРНАЛҒАН ІС-ШАРА

        ...