Warning: Trying to access array offset on value of type bool in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-content/themes/jarida/functions/common-scripts.php on line 150
ПРОФЕССОР ЖАМБЫЛ ТОБАЯҚОВ АТЫНДАҒЫ ЗЕРТХАНА-ДӘРІСХАНА АШЫЛАДЫ - САЙЫПҚЫРАН.KZ Ақпаратты-сараптамалық порталы
Home » PRESS RELEASE » News » ПРОФЕССОР ЖАМБЫЛ ТОБАЯҚОВ АТЫНДАҒЫ ЗЕРТХАНА-ДӘРІСХАНА АШЫЛАДЫ

ПРОФЕССОР ЖАМБЫЛ ТОБАЯҚОВ АТЫНДАҒЫ ЗЕРТХАНА-ДӘРІСХАНА АШЫЛАДЫ

      20 желтоқсанда Жаратылыстану ғылымдары Академиясының академигі,  Қазақстан Республикасының Журналистер Одағының мүшесі, Қазақстан Республикасының “Қазақ тілі” қоғамының басқарма мүшесі, ғылыми-ұстаз, профессор Жамбыл Тобаяқов Ошақбайұлы атындағы зертханалық дәрісхананың ашылу салтанаты өтеді.
      Ғалым-профессор Жамбыл Тобаяқов 1975 жылы  Алматыда энергетика институтында физика факультетінің негізін қалады және 10 жыл бойы басқарған. 1994жылдан бастап өмірінің соңына дейін осы ЖОО-дың ректорының тәрбие ісі жөніндегі проректоры қызметін атқарды. Ол педагог ретінде физика және энергетика саласындағы көптеген ізбасар тәрбиелеп, ғылым саласының өркендеуіне үлес қосты. Өмірін ғылымға арнаған ғалымның 100-ден астам ғылыми еңбегі, ондаған кітабы, монографиясы, сөздігі бар. Академиктің атында Алматы қаласында көше және Алматы облысы Кербұлақ ауылында мектеп бар.
      Биыл өзі еңбек еткен Алматы Энергетика және байланыс университетінде зертхана-дәрісхана ашылғалы отыр. Оқу бөлмесі соңғы технологиялармен, Жамбыл Ошақбайұлының өмірі мен қызметінен хабар беретін стендтермен жабдықталған.
      Артында өшпес ғылыми мұра қалдырған физик-ғалымның атын мәңгілікке ұлықтау мақсатында ашылған зертхана-дәрісхананың ашылу салтанатына шақырамыз.
       Ұйымдастырушылар: Ғарыштық инженерия кафедрасы, Телекоммуникация және Ғарыштық инженерия институты.
Байланыс үшін: +7 701 111 3716,  Әлия ТОБАЯҚОВА.

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

ЖӘРМЕҢКЕ – ЖҰРТҚА ТИІМДІ БАСТАМА

        ...

ДӘСТҮРЛІ ТАМЫЗ КЕҢЕСІ ӨТТІ

       Мемлекеттік ...

Құрылтай – қоғам үніне құлақ асатын маңызды алаң

        ...

ҚҰРЫЛТАЙДА КӨТЕРІЛГЕН БАСТАМАЛАР ЕЛ ДАМУЫНЫҢ БАҒЫТЫН АЙҚЫНДАЙДЫ

        ...

ҚҰРЫЛТАЙ: ҚОҒАМДЫҚ БАСТАМАЛАРДЫ ІСКЕ АСЫРУДЫҢ ТИІМДІ АЛАҢЫ

        ...

Сайлауға қатысып, ел болашағына өз үлесіңді қос!

       Елдің ...

Алматы облысында онкологиялық көмектің жаңа мүмкіндіктері кеңеюде

Түркітілдес журналистер қорының мүшелері ...

ЖАҢА ОҚУ ЖЫЛЫНА ДАЙЫНДЫҚ ЖАҒДАЙЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ

        ...

Құрылтай сайлауының маңызы

        ...

ҰЛТТЫҚ ЖОБА АЯСЫНДА ЖАҢА ФОРМАТТАҒЫ 217 МЕКТЕП САЛЫНДЫ

       Елімізде ...