Home » Әлеумет » ТАМАҚТАН УЛАНУДЫҢ АУЫР ТҮРІ

ТАМАҚТАН УЛАНУДЫҢ АУЫР ТҮРІ

        Аудан аумағында жыл сайын үйде консервіленген  өнімдерді, яғни үй жағдайында дұрыс консервіленбеген банкаларды пайдаланылуына байланысты «Ботулизм» жағдайлары тіркеледі. Өкінішке орай, ауданымыздағы топырақ, «ботулизм қоздырғышының» спораларымен ластанған. Топырақтан өнген көкөніс өнімдерін пайдаланғанда сақтық шаралары қатаң сақталмаса «Ботулизм» қоздырғышы топырақтан өндірілген өнімдерге еніп, анаэробты жағдайда токсинді шығару арқылы дамиды.
          «Ботулизм» дегеніміз – тағамнан уланудың ауыр түрі, көбіне адам өлімімен аяқталады. Ауру қоздырғышы CL. Botulinum 1986 жылы Голандияның ғалымы Ван Эрменген анықтаған. Бұл микробтар таяқша түрінде ауа жоқ жерде (анаэроб) спора түзгіш болып келеді.
       Ботулизм таяқшаларының 6 түрі бар: А, В, С, Д, Е, Ғ. Ботулизм қоздырғышы қоршаған ортада кеңінен тараған:  топырақта, өзен-көл суларында, өсімдіктерде. Құстар ботулизмнің тарауында маңызды рөл атқарады. Адамдар арасында үй жағдайында консервіленген саңырауқұлақтар, жеміс-жидектер, қақталған балықтан болады.
        «Ботулизм» таяқшасы – ми мен жұлынға әсер ететін шамамен 0,3 мкг токсин. Өлім жағдайы тыныс алу бұлшықеттерінің сал ауруына байланысты болады. Ботулинге қарсы сарысу уақытылы енгізу ғана өлімнен құтқарады. Сондықтан улануға күдік туындаған жағдайда дереу медициналық көмекке жүгіну қажет. Дәрігер келгенге дейін сілтілі ерітінділермен асқазанды шайып, құсқан құсығын, тағам қалдықтарын тексеріп, уланудың себебін анықтап, аурудың одан әрі таралу мүмкіндігін болдырмауға болады.
        Жалпы уланудың белгілері:  іш ауырады, жүрек айнуы, құсу, іш өту, денеде әлсіздік болады. Кейінірек ботулизмге тән белгілері байқалады: көз алдында «туман» «тордың» пайда болуы, қабақтың түсуі, тым әлсіздік, бастың айналуы, тамақтың және ауыз қуысының шырышты қабығының кебірсуі ауруға  тамағында бір зат тұрып қалғандай сезім тудырады, жұтыну  кезінде ауырлық сезіну, дауыстың өзгеруі, сөйлеу қабілетінің бұзылып, дауыстың шықпай қалуы, кейінірек мүлдем жоғалуы, заттың қосарланып көрінуі.
       «Ботулизм»-нің алдын алуға арналған сақтық шаралары:
1.Сапасы күмәнді, мерзімі өткен тағамды жарамдылық мерзімі аяқталуға жақын өнімді тұтінудан бас тарту;
2.Сәйкестікті растау рәсімінен өткен тек декларацияланған тамақ өнімдерін сатып алыңыз. Сүт, балық, ет, ысталған ет сатып алуғаерекше назар аудару керек, өйткені мұндай өнімдерде көбінесе тамақтан уланудың қоздырғыштары болады;
3.Салтанатты іс-шаралар мен еске алу түскі астарын өткізу кезінде етті алдын-ала пісірмеңіз, тағамдар мен үстелді ерте дайындамаңыз.үстелге ұсынылатын барлық нәрсені іс-шаралар басталғанға дейін 1-1,5 сағат бұрын дайындау керек;
4.Шикі өнімдерді дайындауға ұсынылатын нормалар мен температуралық режимдерді сақтау;
5.Әр түрлі өнімдерді жеке беттерге кесу. Мысалы, шикі көкөністер мен етті әртүрлі тақтайларға кесу керек. Өнімдерді үстелге бір-біріне тигізбейтіндей етіп қою керек;
6.Жеке тағамдарды дайындауға көшкен сайын қолды және асхана керек-жарақтарын жуу керек;
7.Егер ауыз судың денсаулыққа қауіпсіздігіне сенім болмаса, оны қайнату;
8.Консервіленген өнімдерді пайдалар алдында токсинді жою үшін 30 минут қайта қайнату керек;
9.Консервілерді қолданар алдында банка тұтастығына, тот пен қақпақтың ісінуіне (бомбаж) назар аудару керек;
10.2% сірке қышқылы барлық маринадтардың яғни консервіленген банкалардың ішінде токсиндердің пайда болуынан қорғайды
11.Келесі қолданар алдында сорпалар мен басқада дайындалған дайын тағамдарды қайта қайнату;
       Қорытындылай келе тамақтан уланудың алдын алу қарапайым, жалпы қабылданған гигиена ережелерді қатаң сақтау, тамақ таңдауға мұқият қарау, жарамдылық мерзімге аса назар аудару. Үй жағдайында қарапайым банкаларды консервілеген кезде міндетті түрде 2 % сірке қышқылын пайдалану керек, ол «Ботулизм» таяқшасы токсинді өлтіреді.
Саламат АШИМОВА,
 Мақтаарал аудандық Санитариялық –эпидемиологиялық қадағалау басқармасының жетекші маманы.

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

СУ ТАСҚЫНЫНАН ЗАРДАП ШЕККЕН АЙМАҚТАРҒА 1,3 МИЛЛИАРД ТЕНГЕ БӨЛДІ

        ...

Туризмді одан әрі дамыту туралы сөз қозғалды

        ...

КНИГУ БРИТАНСКОГО БИЗНЕСМЕНА ОБ ОТНОШЕНИИ РУССКИХ И КОЧЕВНИКОВ В НАЧАЛЕ XXВЕКА ПЕРЕВЕЛИ ДЛЯ КАЗАХСТАНЦЕВ

        ...

КНИГУ БРИТАНСКОГО БИЗНЕСМЕНА ОБ ОТНОШЕНИИ РУССКИХ И КОЧЕВНИКОВ В НАЧАЛЕ XXВЕКА ПЕРЕВЕЛИ ДЛЯ КАЗАХСТАНЦЕВ

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ-ТӘЖІРИБЕЛІК КОНФЕРЕНЦИЯ

        ...

КӘСІПОРЫНДАР 7540,4 МЛН. ТЕҢГЕНІҢ ӨНІМІН ШЫҒАРҒАН

     Мақтаарал ауданының ...

«23 сәуір ұлттық егемендік және балаларды қорғау күні» аталып өтті

        ...

22 СӘУІР – АЛТЫН АДАМ КҮН!

Алтын адам алтын тұлға ...

ӘЛЕУМЕТТІК ЖАУАПКЕРШІЛІКТІҢ ЖАРҚЫН ҮЛГІЛЕРІН КӨРСЕТІП КЕЛЕДІ

        ...

САЯХАТТЫҢ ТӘРБИЕЛІК МӘНІ ДЕ ЗОР БОЛДЫ

        ...