Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wordpress-seo domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6131
ВАКЦИНАЦИЯ – ЖҰҚПАЛЫ АУРУЛАРДЫҢ АЛДЫН АЛУДЫҢ ЕҢ ТИІМДІ ШАРАСЫ - САЙЫПҚЫРАН.KZ Ақпаратты-сараптамалық порталы
Home » Әлеумет » ВАКЦИНАЦИЯ – ЖҰҚПАЛЫ АУРУЛАРДЫҢ АЛДЫН АЛУДЫҢ ЕҢ ТИІМДІ ШАРАСЫ

ВАКЦИНАЦИЯ – ЖҰҚПАЛЫ АУРУЛАРДЫҢ АЛДЫН АЛУДЫҢ ЕҢ ТИІМДІ ШАРАСЫ

      Жаңа туылған бала өмірінің алғашқы айларында анасынан плацента арқылы қабылдаған антиденелер көмегімен көптеген жұқпалардан қорғаныста болады. Ал баланың өз денесі антиденелерді аурулар қоздырғыштармен кездескен кезде немесе егуден (прививка) кейін ғана түзеді.
      Өкінішке орай, бүгінгі күні балалар мүгедектігіне немесе олардың өліміне әкеп соғатын аурулар көптеп кездеседі. Олардың арасындағы ең қауіптілері:
 — сал ауруы;
 — қызылша;
 — күл;
 — көкжөтел;
 — сіреспе;
 — туберкулез;
 — вирусты гепатит «В»;
 —  эпидемиялық паратит.
    Бұл аурулардың алдын иммунизация арқылы алуға болады.
Иммунизация негізінде адамға аурудың қоздырғышы болып табылатын микроорганизмнің әлсіреп немесе өлтірілген түрлерінен жасалынған вакцина енгізіледі. Мұндай вакциналар әдетте иньекциялар арқылы немес ауыз арқылы енгізіледі. Вакцина көмегімен бала ағзасы антиденелер түзеді; бірақ бұл кезде ауру пайда болмайды. Соның арқасында бала иммунитетке ие болып, келешекте сондай кеселдерден қорғаныста болады.
     Бүгінгі таңда кеңейтілген иммунизация бағдарламасы (РПИ) Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының бастамасы болып табылады; оның негізгі мақсаты – бүкіл әлемдегі балаларды қауіпті ауруларға қарсы иммунизациялау. Осы бағдарламаның нәтижесінде қазіргі күнде әлемнің көптеген елдерінде жас балалар түрлі кеселдерден қорғалып отыр.
    Егер де  балаларыңыз егулер алмаған болса, онда  тұрғылықты жерлеріңіздегі емдеу мекемелеріңізге барып, оларға қажетті егулерді  жасауға кеңес береміз.
А.АБИЛДАЕВА,
Мақтаарал аудандық СЭББ-тің бас маманы.

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

«ЖАС ҰРПАҚ ЖӘНЕ АБАЙ МҰРАСЫ» ТАҒЫЛЫМДЫ ФОРУМЫ ӨТТІ

        ...

«ТӘУЕЛСІЗДІК КҮНІ» — ҰЛТТЫҢ ҰЛЫҚ МЕРЕКЕСІ!

        ...

«ЕҢБЕК АДАМЫ» КЕЙІПКЕРІ: АҒА МЕЙІРБИКЕНІҢ ЕҢБЕК ЖОЛЫ – ЖАСТАРҒА ӨНЕГЕ!

        ...

АЯГӨЗ АУДАНЫНДА «АУЫЛ» ПАРТИЯСЫНЫҢ МЕДАЛЬДАРЫ ТАБЫСТАЛДЫ

        ...

АУЫЛДЫҚ МЕКТЕП КІТАПХАНАСЫНДА «КІТАПҚА — ЕКІНШІ ӨМІР СЫЙЛА» АКЦИЯСЫ ӨТТІ

        ...

«ТАРИХ ТАРТУЫ — ТӘУЕЛСІЗДІК» КВИЗ САЙЫСЫ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ

        ...

«АУЫЛ» ПАРТИЯСЫНЫҢ БЕЛДІ МҮШЕСІ ВИЦЕ-МИНИСТРДЕН МАРАПАТ АЛДЫ

        ...

«ҮЛКЕНГЕ – ҚҰРМЕТ» АКЦИЯСЫ ӨТТІ

        ...

«ЕҢБЕКҚОРЛЫҚ ЖӘНЕ КӘСІБИЛІК» ИДЕОЛОГЕМАСЫ НЕГІЗІНДЕ ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ ӨТКІЗІЛДІ

        ...

«АУЫЛ» ПАРТИЯСЫ (АОБӨФ) ТӨРАҒАСЫ — «ОЙШІЛІК» АУЛЫНДА БОЛДЫ

        ...