Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the jetpack-social domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6121

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wordpress-seo domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6121
ҰЛТТЫҢ ҰЛЫ ҰСТАЗЫ – АХМЕТ БАЙТҰРСЫНОВ - САЙЫПҚЫРАН.KZ Ақпаратты-сараптамалық порталы
Home » Қоғам » ҰЛТТЫҢ ҰЛЫ ҰСТАЗЫ – АХМЕТ БАЙТҰРСЫНОВ

ҰЛТТЫҢ ҰЛЫ ҰСТАЗЫ – АХМЕТ БАЙТҰРСЫНОВ

          Биыл еліміз қазақ халқының біртуар ұрпағы, Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдық мерейтойын атап өтуде. Ол әдебиеттанушы, ұлы ойшыл, публицист, саясаткер, ғалым, ұйымдастырушы және өз халқының дамуына қызығушылық танытқан қоғам қайраткері болды.​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​
 ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ Бар ғұмырын халық жолына арнаған Ахмет Байтұрсынұлы халықтың тілі мен өзіндік мәдениеті қалыптасқанда ғана елдің ертеңі жарқын боларына үлкен сенім білдірді. Ұлт болмысын сақтап қалу үшін әрбір салаға өлшеусіз үлес қосты.​ ​ ​
 ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​Ахмет Байтұрсынұлы –​ ұлттың​ ұстазы, халық жанашыры. Оның артында қалдырған еңбектері, келешек ұрпақтың аманаты, жемісі. Бүгінгі ұрпақ Ахмет Байтұрсынұлыбастаған Алаш азаматтарына қарап бой түзейді. Оның өмір жолы ауыр да, азапты болды. Аласапыран кезеңде Алаш жұртына түзу жол көрсетіп, дөңгеленген дүниеден қазақтың өз үлесін алып беруді көздеді. Көкірек көзі ашық, көңілі көлдей қазақ жастары Ахмет атамыздың артынан еріп, ақылын тыңдап, автономия құрды. Ахмет Байтұрсынұлының басшылығымен​ қазақзиялылары қазақтың шекарасын бекітіп, керегесін кеңейтіп, әдебиетінің іргесін қалады.​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​
​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ Талай жанның өміріне шуақ болып шашылып, талай жанның шамшырағын жағуға ықпал еткен азамат, тек білім саласында орасан тер төгіп қана қоймай, баспа саласының дамуына да үлкен көмегін тигізді. Тұңғыш, жалпыұлттық «Қазақ» газетінің жарыққа шығуына да түрткі болған, дәл осы Ахмет Байтұрсынов болатын.​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​
​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ А.Байтұрсынұлының әр еңбегі бүгінгі ұрпақтың болашағы үшін жазылған. Бар ғұмырын ұлтының болашағы үшін қиған, өз кіндігінен тараған ұрпағы болмаса да, әр қазақ баласы кішкене болсын білім мен өнер үйренсін деп, ауыр да азапты, қамшының сабындай ғұмырын ғылым жолына, ұлт жолына арнаған Ахмет Байтұрсынұлы – біздер үшін идеал тұлға!​
Мөлдір БАЛХАШОВА,
Жетісай аудандық «Тілдерді оқыту және дамыту орталығы» КММ-нің әдіскері.

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

«АБАЙ ТОЙЫ» ЖОҒАРЫ БАҒАЛАНДЫ

        ...

ОРАЛДА «AUYL FEST. ҚОЙ ШАРУАШЫЛЫҒЫ – 2025» БІРІНШІ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ФЕСТИВАЛІ ӨТТІ

        ...

СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ЖОЛ БЕРМЕУДІҢ ЕЛ ҮШІН МАҢЫЗЫ ЕРЕКШЕ

        ...

СЕМЕЙДЕГІ «САҢЫРАУЛАР ҚОҒАМЫНДАҒЫ» «БАСТАУЫШ ПАРТИЯ ҰЙЫМЫНЫҢ» МҮШЕЛЕРІ ЖИДЕБАЙҒА САПАРЛАП БАРДЫ

       2025 ...

«ҮЛКЕНГЕ – ҚҰРМЕТ»: СЕМЕЙДЕ МҮГЕДЕК ШЕБЕРГЕ КӨМЕК КӨРСЕТІЛДІ

        ...

ТЕГЕУРІН ТӨЗІМ ИЕСІ ОЛ – «ТЕМІРЖОЛШЫ»

        ...

Абайдың 180 жылдығында – текті әулеттен шыққан Жетісайдың қызы «Жеті қазынаға» енді

        ...

ЖЫР ЖОЛЫНДАҒЫ ЖҰМБАҚ ЖОЛ

        ...

ДАНА АБАЙДЫҢ 180 ЖЫЛДЫҚ МЕРЕЙТОЙЫ – КЕҢ КӨЛЕМДЕ ТОЙЛАНДЫ

        ...

ТАРИХИ ТҮЙЕМОЙНАҚТАҒЫ «ЭТНО-АУЫЛҒА» САПАР

        ...