Deprecated: Function is_staging_site is deprecated since version 3.3.0! Use in_safe_mode instead. in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6031
САЙЛАУҒА БІР КІСІДЕЙ ҚАТЫСАЙЫҚ! - САЙЫПҚЫРАН.KZ Ақпаратты-сараптамалық порталы
Home » Қоғам » Жас буын » САЙЛАУҒА БІР КІСІДЕЙ ҚАТЫСАЙЫҚ!

САЙЛАУҒА БІР КІСІДЕЙ ҚАТЫСАЙЫҚ!

      Санаулы күндерден кейін елімізде Президент сайлауы өтеді. Жаңа Қазақстанды құру деп айтып жатырмыз. Шыны керек, өз басым өзгерістерді қолдауға, қолдан келгенше ел дамуына үлес қосуға дайынмын.  
       Осы жолда Қазақстанды жаңа белеске  шығаратын лайықты тұлғаны Қасым-Жомарт Кемелұлы деп білемін. Елдің сыртқы саясатын да, елдің де ішкі проблемаларын да бір кісідей білетін, халықтың ішінен шыққан, білімділігі бір төбе, мықты стратег. Дипломат, қанша елдің Президенттерінің алдында мінберде елдің позициясын нық қорғағанын көрдік. 7 жылдық бағдарламада барлық саланы толық қамтыды. Жемқорлықпен күресіп жатыр. Халықтың үнін естуге жағдай жасауда. Әр салада үлкен реформалар жасалып жатыр. Оның бәрі уақыт өте нәтижесін береді. Сондықтан, осы өзгерістердің қарқынды жүзеге асуына ел болып атсалысып, Президентімізді қолдайық. Тәуелсіздігімізді нығайтып, елімізді одан әрі өркендету – қазіргі ұрпақтың қасиетті борышы.
      Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың сайлауалды бағдарламасында жастарға барлық мүмкіндік қарастырылды. Ол шәкіртақыны өсіру, білімге, ғылымға мүмкіндік. кәсіпкер жастарды қолдау, жастардың әлеуметтік тұрмысын арттыру, үздік білім ордаларын көбейту, спорт нысандары, заманауи оқу ордалары бәрі бәрі жастардың игілігі үшін жасалады.
      Жаңа елдің болашығы Жастар сіздерсіздер! Ұлтжанды, озық ойлы, мықты жастарымыз көп болсын. Ел болашағы үшін ерінбей еңбек етіп, Қазақстанның атын әйгілейтін ұрпақ өссін. Жаңа Қазақстан жастарын қорғайтын, қолдайтын ел! Әділетті мемлекетті бірге құрайық!
Мейрамбек ХОЖАЕВ,
Жетісай өңірлік мемлекеттік архивінің басшысы.

 

 Материалдың ақысы, ҚР Президентіне кандидатты қолдау штабының есебінен төленді.

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

РӘМІЗДЕР – ҰЛТТЫҚ РУХТЫҢ МӘҢГІЛІК МҰРАСЫ

        ...

«МЕРЕЙЛІ ОТБАСЫ» КОНКУРСЫНА ҚҰЖАТТАР ТАПСЫРУ БАСТАЛДЫ

        ...

ОТБАСЫЛЫҚ ДЕМАЛЫС ҮШІН ТАПТЫРМАС МЕКЕН!

        ...

1 МАУСЫМДА ПРЕЗИДЕНТТІК ЖАСТАР КАДР РЕЗЕРВІНЕ КЕЗЕКТІ ІРІКТЕУ БАСТАЛАДЫ

        ...

ЕЛ МЕРЕЙІНЕ БӨЛЕНГЕН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ САЙЫС

        ...

ЕРКІН КҮРЕСТЕН ҚАДІР РАЯН МЕН БАҚТИЯРҰЛЫ НҰРӘЛИ ЖҮЛДЕЛІ ОРЫНДАРДЫ ИЕЛЕНДІ!

       ЕРКІН ...

Өнерлі балалар арасында ән байқауы өтті

        ...

Семейде өткен дәстүрлі “АБАЙ ОҚУЛАРЫ” байқауының жеңімпаздары анықталды

        ...

«ҒҰМЫРЫ ҒАЗАЛ – АҚЫН…»

        ...

ҚАЗАҚСТАН ҮШІН ТИІМДІ ЭНЕРГИЯ КӨЗДЕРІНІҢ БІРІ

        ...