Home » Жаңалықтар » БҰЛ АДАМЗАТТЫҢ ДАМУЫНДАҒЫ ТАРИХИ КЕЗЕҢ!

БҰЛ АДАМЗАТТЫҢ ДАМУЫНДАҒЫ ТАРИХИ КЕЗЕҢ!

       БҰҰ, 15 қараша. Жер бетіндегі адамдар саны 8 миллиардқа жетті, деп хабарлады сейсенбіде ТАСС, Бүкілдүниежүзілік ұйымның баспасөз қызметінің мәлімдесіне сүйене отырып.
        Біріккен Ұлттар Ұйымының халық қоры (UNFPA) – «Бұл адамзаттың дамуындағы тарихи кезең»,- деп қуанышты түрде хабарлағанмен, алайда бұдан кейін әлем халқының санының өсімі біртіндеп төмендейді деп жайсыз болжамдарын да жасауда. Осы қордың таратқан мәлімдемесі бойынша – егер Жер халқын 1 млрд.-қа ұлғайту үшін 12 жыл қажет болса, адамзат саны 9 млрд.-қа тек 2037 жылға қарай жетсе, 2080 жылдарға қарай 10,4 миллиардқа ғана  жетеді екен.
        Бұл жайға басты себеп, бүгінгі таңда Жер халқының үштен екісі – туу деңгейі төмен аймақтарда тұрады және планета халқының өсуі негізінен кедей елдерде, атап айтқанда Сахара шөлінің оңтүстігінде орналасқан Африка мемлекеттерінде кездеседі. Бұған қосымша Жер бетінде орын алып жатқан түрлі соғыстар, жыл өткен сайын саны артып бара жатқан үлкен табиғи және техногендік апаттар, қатерлі індеттер адам санының өсуіне өз әсерін тигізуде.
         Жыл өткен сайын жарамды ауыз су қорлары мен табиғи байлықтар көлемінің азаюы, егістікке және жайылымдыққа жарамды жер көлемдерінің азаюын есепке ала отырып, кейбір сарапшылар осы 8 миллиард халықты өзін асырауға планетамыздың шамасы жете ме екен деп алаңдай да бастады.
       Осындай қауіп-қатерден адамзатты сақтандыру үшін UNFPA-ның өкілдері «Әлемдік қауымдастық әлем алдында тұрған қиындықтарды жеңілдету және тұрақты даму мақсаттарына жету үшін дәлелденген тиімді шешімдерді іздеуі керек» деп мәлімдеді.  Сондай-ақ, «Әлемді қауіпсіз, орнықты және инклюзивті ету» мақсатында халықты қолдау жөніндегі тиісті бағдарламаларға да инвестицияларды ұлғайту қажет екенін атап өтті.

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

САЯХАТТЫҢ ТӘРБИЕЛІК МӘНІ ДЕ ЗОР БОЛДЫ

        ...

ШЕТЕЛДЕГІ ЗАҢСЫЗ ДІНИ БІЛІМ АЛУ

        ...

ТАРТЫНА ТҰРСАҚ, ТУЫСҚАН!

        ...

Эвакуацияланғандар жатақханаларға көшірілді

        ...

КИЕЛІ МЕКЕН: ЖЕТІСУДА ТАЗАЛЫҚ АКЦИЯСЫ ЖАЛҒАСУДА

        ...

ОРТАЛЫҚ АЗИЯДАН КЕЛГЕН МЕДИЦИНАЛЫҚ ОҚУ ОРЫНДАРЫНЫҢ СТУДЕНТТЕРІНЕ ҚАЗАҚСТАН ОҚУТУ ЖҮРГІЗУДЕ

        ...

ИНСУЛЬТ ДЕГЕНІМІЗ НЕ?

       Бас ...

БІЗДІҢ ҰЛАНЫМЫЗ АЙТУЛЫ БАЙҚАУДА ЖҮЛДЕГЕР АТАНДЫ!

        ...

МЕЙІРГЕР – МЕДИЦИНАНЫҢ ЖАҢА МОДЕЛІ

        ...

ТЫНЫС ЖӘНЕ ЖҮРЕК ЖҰМЫСЫНЫНҢ ТОҚТАУЫНДАҒЫ КӨМЕК

        ...