Home » PRESS RELEASE » News » ШЕКАРАШЫЛАР АНТ ҚАБЫЛДАДЫ

ШЕКАРАШЫЛАР АНТ ҚАБЫЛДАДЫ

      ҰҚК Шекара қызметі Алматы облысы бойынша департаментінің сапына алынған «Күз-2022» шақырылымының сарбаздары Отан алдында Анттарын қабылдады. Аталған департаменттің Райымбек ауданы бойынша шекара басқармасында өткен рәсімге  500-ге тарта сарбаз бен олардың алыстан ат арылтып жеткен ата-ана, туған-туыстары мен достары қатысты.

       Жылдағы дәстүрге сай, биылғы рәсімге де сарбаздар үлкен дайындықпен келді. Мұнда әскери өмірдің әліппесімен танысып, саптық дайындықтарын шыңдаған соң, ер азаматтардың өмірінде бір-ақ рет болатын маңызды оқиға – Отанына адал қызмет етуге ант беретін сәт те туды.
       Ағымдағы жылдың күзінде әскер сапына шақырылған сарбаздардың арасында әскерден кейін Шекара қызметінде қалып, әскери қызметін келісімшарт негізінде жалғастырғысы келетіндер аз емес. Ант қабылдаушылардың арасынан ҰҚК Шекара академиясына оқуға түсіп, болашақтарын ел шебімен байланыстырғысы келетін сарбаздарды да аз кездестірген жоқпыз.
        …Таңғы 10.00-ге белгіленген рәсім ҰҚК Шекара қызметі Алматы облысы бойынша департаментінің бастығы полковник Әлібек Каюповтың бұйрығымен ашылып, салтанатты саптың қатарынан Жауынгерлік Туды көтеруші топ орын алған соң еліміздің Әнұраны орындалды. Осыдан кейін жас сарбаздар ант қабылдауға кірісті.
        «…Мен, қатардағы жауынгер…» деп басталатын Ант мәтіні әрбір сарбаздың аузынан жалын болып шығып жатты. Бұл – олардың бүгіннен бастап, нағыз шекарашыға айналғандарын білдіріп тұрған болатын. Ең бастысы, бүгін өздеріне артылған сенімге селкеу түсірмеуге сөз берген шекарашылар үшін ертеңнен бастап, шекара басқармасының далалық оқу орталығында көрсетілімдер мен дәрістер басталады. Мұнда олар ҰҚК Шекара қызметінің қолданысындағы барлық қару түрлерімен танысып, өздерінің әскери шеберліктерін шыңдауға кіріседі.
       …Бүгінгідей айтулы шараға ата-аналармен бірге Шекара қызметінің ардагерлері де қатысып, жас сарбаздардың алдағы қызметтеріне сәттілік тіледі. Шекараның шетіне жаудың табанын тигізбеу үшін «күн отырмаған, түн ұйықтамаған» Тоныкөк бастаған батыр бабаларымыздың ізбасарлары – шекарашылар екенін айта келіп, «Отан қорғаушы» деген қастерлі мамандыққа сызат түсірмеуге шақырды.
       Маңызды шараның соңында шекара басқармасының арнаулы мақсаттағы ұтқыр іс-қимылдар тобының сайыпқырандары қалың жұртшылықтың назарына шекара бұзушыларды құрықтау операциясынан сахналық көрсетілім ұсынды. Сондай-ақ, сайдың тасындай іріктелген әскери қызметшілер қоян-қолтық ұрыстан тамаша өнер көрсетті.
      Бүгінгі ант қабылдау рәсімін салтанатты сапқа тұрған шекарашылар «Мен қазақпын» атты патриоттық рухтағы тамаша әнмен аяқтады.
Тамара ДӘУЛЕТБАЕВА,
ҰҚК Шекара қызметінің запастағы подполковнигі.

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

КНИГУ БРИТАНСКОГО БИЗНЕСМЕНА ОБ ОТНОШЕНИИ РУССКИХ И КОЧЕВНИКОВ В НАЧАЛЕ XXВЕКА ПЕРЕВЕЛИ ДЛЯ КАЗАХСТАНЦЕВ

        ...

КНИГУ БРИТАНСКОГО БИЗНЕСМЕНА ОБ ОТНОШЕНИИ РУССКИХ И КОЧЕВНИКОВ В НАЧАЛЕ XXВЕКА ПЕРЕВЕЛИ ДЛЯ КАЗАХСТАНЦЕВ

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ-ТӘЖІРИБЕЛІК КОНФЕРЕНЦИЯ

        ...

КӘСІПОРЫНДАР 7540,4 МЛН. ТЕҢГЕНІҢ ӨНІМІН ШЫҒАРҒАН

     Мақтаарал ауданының ...

«23 сәуір ұлттық егемендік және балаларды қорғау күні» аталып өтті

        ...

22 СӘУІР – АЛТЫН АДАМ КҮН!

Алтын адам алтын тұлға ...

ӘЛЕУМЕТТІК ЖАУАПКЕРШІЛІКТІҢ ЖАРҚЫН ҮЛГІЛЕРІН КӨРСЕТІП КЕЛЕДІ

        ...

САЯХАТТЫҢ ТӘРБИЕЛІК МӘНІ ДЕ ЗОР БОЛДЫ

        ...

ШЕТЕЛДЕГІ ЗАҢСЫЗ ДІНИ БІЛІМ АЛУ

        ...

ТАРТЫНА ТҰРСАҚ, ТУЫСҚАН!

        ...