Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the jetpack-social domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6121

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wordpress-seo domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6121
ЕҢБЕК АДАМЫНЫҢ ҚҰҚЫҒЫН ҚОРҒАУДЫ БАСТЫ МАҚСАТ ЕТКЕН ҰЙЫМ - САЙЫПҚЫРАН.KZ Ақпаратты-сараптамалық порталы
Home » Әлеумет » ЕҢБЕК АДАМЫНЫҢ ҚҰҚЫҒЫН ҚОРҒАУДЫ БАСТЫ МАҚСАТ ЕТКЕН ҰЙЫМ

ЕҢБЕК АДАМЫНЫҢ ҚҰҚЫҒЫН ҚОРҒАУДЫ БАСТЫ МАҚСАТ ЕТКЕН ҰЙЫМ

          Еңбек адамының әлеуметтік-экономикалық, еңбек құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауды мақсат тұтқан кәсіподақтар қозғалысының бай тарихы бар. Еліміздегі кәсіподақтар қозғалысын танып-білу және зерделеу – кәсіподақ ұйымдарының мақсат-міндеттері мен қызметі туралы дұрыс ойды қалыптастыруға мүмкіндік берері сөзсіз.
         Қазақстан кәсіподақтар қозғалысының басталуы ХХ-ғасырдың алғашқы (1905 жыл) жылдарынан алады. Тарих бетіне үңілетін болсақ, кәсіподақтар азаматтық қоғамның ажырамас бір бөлігі ретінде маңызды  оқиғалардың  басы-қасында жүріп қана қоймай, қиын кездері қарапайым еңбеккерлерге қажетті көмекті де көрсете білді. Еңбеккерлердің құқығын қорғау мақсатында құрылған алғашқы қоғамдық ұйымдар революциялық  жағдайларда жұмыс атқарды. Ұлы Отан соғысы кезінде кәсіподақтардың  қызметі негізінен кәсіпорындар мен мекемелерді әскери тәртіпте қайта құруға, жаңа кадрларды жаппай оқытуға бағытталды. Соғыстан кейінгі кезеңдегі кәсіподақтардың негізгі міндеттері – халық шаруашылығын қалпына келтіру және дамыту, жұмысшылардың еңбек белсенділігін арттыру, олардың әл-ауқатын жақсарту үшін жұмыстар алып барды.
       Қазақстан Республикасының кәсіподақтар қозғалысының заманауи тарихы 1990 жылғы 10 қазаннан бастау алады. 10 қазан 1990 жылы Қазақстан кәсіподақтарының съезінде ҚазКеңесКәсіптің (КазСовПроф-тың) мирасқоры болып табылатын Қазақ КСР Кәсіподақтар федерациясын  құру туралы Декларация қабылданды.
       Бүгінгі әлемде орын алып жатқан әлеуметтік-экономикалық өзгерістер еңбеккерлердің өміріне зор ықпал ететіндігі сөзсіз. Бұл орайда кәсіподақтар қозғалысына жаңа талаптар мен міндеттер қойылып, аса жауапкершіліктер жүктелуде. 2020 жылғы 2 қыркүйекте өткен Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясының XXVI – съезінде еліміздегі кәсіподақтар қозғалысын түбегейлі жаңғырту үшін үлкен мәнге ие бағдарламалық құжаттар қабылданды. Осыған орай, Қазақстан кәсіподақтарының қызметі жаңартулар мен жаңғыртуларды басшылыққа алуда. Кәсіподақтардың басты құндылығы әрқашан да Еңбек адамы мен оның мүддесі болып табылады.
       Кәсіподақ ұйымдары еңбек адамдарының құқығы мен мүддесін қорғауға атсалысып, еңбек дауларының алдын алуға, саяси реформаларды сауатты іске асыруға атқарушы және өкілетті органдармен бірге ұдайы қатысуда.
        Қазіргі таңда ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына арнаған 1 қыркүйектегі Жолдауын және онда қарастырылған            5 бағдар: «Жаңа экономикалық саясат, нақты секторды дамыту, ел болашағына арналған стратегиялық инвестиция, мемлекет басқару ісін қайта жаңғырту, заң және тәртіп бойынша бастауыш кәсіподақ ұйымдарында кәсіподақ мүшелерін жеткізу бойынша жанданған жұмыстар жүргізілуде.
        Президентіміздің «Күшті Президент, ықпалды Парламент, есеп беретін Үкімет» қағидаты – әділетті жаңа Қазақстанның қарышты дамуы жолындағы  Қазақстан халқы мен қоғамдық ұйымдары ұстануы тиіс негізгі бағдарлама болуы керек. Президентіміздің Жолдауын басшылыққа алған аудандық мемлекеттік қызметкерлерінің кәсіподақ ұйымдары, аудандық комитетінің басшылығында күн талабына сай айналысуда.
      10 қазан Қазақстан кәсіподақтарының күнімен, ауданымыздың барлық кәсіподақ мүшелерін құттықтаймын. Жұмыстарына табыс, отбасыларына тыныштық пен береке тілеймін.
Қасымбек ХАМЕТОВ,
 «Қызмет» мемлекеттік, банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлерінің Мақтаарал аудандық комитетінің төрағасы.

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

«АБАЙ ТОЙЫ» ЖОҒАРЫ БАҒАЛАНДЫ

        ...

ОРАЛДА «AUYL FEST. ҚОЙ ШАРУАШЫЛЫҒЫ – 2025» БІРІНШІ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ФЕСТИВАЛІ ӨТТІ

        ...

СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ЖОЛ БЕРМЕУДІҢ ЕЛ ҮШІН МАҢЫЗЫ ЕРЕКШЕ

        ...

СЕМЕЙДЕГІ «САҢЫРАУЛАР ҚОҒАМЫНДАҒЫ» «БАСТАУЫШ ПАРТИЯ ҰЙЫМЫНЫҢ» МҮШЕЛЕРІ ЖИДЕБАЙҒА САПАРЛАП БАРДЫ

       2025 ...

«ҮЛКЕНГЕ – ҚҰРМЕТ»: СЕМЕЙДЕ МҮГЕДЕК ШЕБЕРГЕ КӨМЕК КӨРСЕТІЛДІ

        ...

ТЕГЕУРІН ТӨЗІМ ИЕСІ ОЛ – «ТЕМІРЖОЛШЫ»

        ...

Абайдың 180 жылдығында – текті әулеттен шыққан Жетісайдың қызы «Жеті қазынаға» енді

        ...

ЖЫР ЖОЛЫНДАҒЫ ЖҰМБАҚ ЖОЛ

        ...

ДАНА АБАЙДЫҢ 180 ЖЫЛДЫҚ МЕРЕЙТОЙЫ – КЕҢ КӨЛЕМДЕ ТОЙЛАНДЫ

        ...

ТАРИХИ ТҮЙЕМОЙНАҚТАҒЫ «ЭТНО-АУЫЛҒА» САПАР

        ...