Warning: Trying to access array offset on value of type bool in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-content/themes/jarida/functions/common-scripts.php on line 150
СТРИТБОЛДАН ОБЛЫС ЧЕМПИОНЫ АТАНДЫ - САЙЫПҚЫРАН.KZ Ақпаратты-сараптамалық порталы
Home » PRESS RELEASE » СТРИТБОЛДАН ОБЛЫС ЧЕМПИОНЫ АТАНДЫ

СТРИТБОЛДАН ОБЛЫС ЧЕМПИОНЫ АТАНДЫ

      Түркістан облысы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқармасының ұйымдастыруымен «Балалар жылы» аясында ересектер арасында Түркістан облысының ІV спартакиадасы өтіп жатыр.
      Ел Президентінің салауатты өмір салтын қалыптастыру және бұқаралық спортты дамыту жөніндегі Жолдауын іске асыру, жастарды отансүйгіштікке тәрбиелеу, облыс тұрғындары арасында бірлік пен өзара татулықты нығайту — спартакиаданың негізгі мақсаты.
      Спартакиада аясында 29-30 қыркүйек күндері Мақтаарал ауданының орталығы Мырзакент кентінде спорттың стритбол түрінен жарыс өтіп, облыстың 12 ауданынан келген командалар өзара бақ сынасты.
        Жарыстың ашылу салтанатына аудан әкімінің орынбасары Алтын Ешанқұлова, облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының өкілі Бекжан Адамбеков, аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Жандарбек Тәтеевтер қатысып, жарысқа қатысушыларға сәттілік тіледі.
       2 күндік жарыстың нәтижесінде Мақтаарал ауданының құрамасы І орынды жеңіп алып, стритболдан облыстың чемпионы атанды. Сонымен қатар, ІІ орынды Кентау қаласы, ІІІ орынды Сарыағаш ауданының құрамалары иеленді.
 Мақтаарал ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі.

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

ЖӘРМЕҢКЕ – ЖҰРТҚА ТИІМДІ БАСТАМА

        ...

ДӘСТҮРЛІ ТАМЫЗ КЕҢЕСІ ӨТТІ

       Мемлекеттік ...

Құрылтай – қоғам үніне құлақ асатын маңызды алаң

        ...

ҚҰРЫЛТАЙДА КӨТЕРІЛГЕН БАСТАМАЛАР ЕЛ ДАМУЫНЫҢ БАҒЫТЫН АЙҚЫНДАЙДЫ

        ...

ҚҰРЫЛТАЙ: ҚОҒАМДЫҚ БАСТАМАЛАРДЫ ІСКЕ АСЫРУДЫҢ ТИІМДІ АЛАҢЫ

        ...

Сайлауға қатысып, ел болашағына өз үлесіңді қос!

       Елдің ...

Алматы облысында онкологиялық көмектің жаңа мүмкіндіктері кеңеюде

Түркітілдес журналистер қорының мүшелері ...

ЖАҢА ОҚУ ЖЫЛЫНА ДАЙЫНДЫҚ ЖАҒДАЙЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ

        ...

Құрылтай сайлауының маңызы

        ...

ҰЛТТЫҚ ЖОБА АЯСЫНДА ЖАҢА ФОРМАТТАҒЫ 217 МЕКТЕП САЛЫНДЫ

       Елімізде ...