Warning: Trying to access array offset on value of type bool in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-content/themes/jarida/functions/common-scripts.php on line 150
ОРТАЛЫҚ МАМАНДАРЫ ЕСЕПТЕ ТҰРҒАНДАРҒА ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ КЕҢЕСТЕР ӨТКІЗДІ - САЙЫПҚЫРАН.KZ Ақпаратты-сараптамалық порталы
Home » Қоғам » Жас буын » ОРТАЛЫҚ МАМАНДАРЫ ЕСЕПТЕ ТҰРҒАНДАРҒА ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ КЕҢЕСТЕР ӨТКІЗДІ

ОРТАЛЫҚ МАМАНДАРЫ ЕСЕПТЕ ТҰРҒАНДАРҒА ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ КЕҢЕСТЕР ӨТКІЗДІ

        Жетісай аудандық Ішкі саясат бөлімінің «Жастар ресурстық орталығы» коммуналдық мекемесі,  осы орталықтың  психологтары  – Жетісай ауданы бойынша қылмыстық атқару жүйесі департаментінің құрамындағы Пробация қызметінің есебінде тұратын жастармен, олардың қоғамдық өмірге қатысу белсенділігі мен өзара қарым-қатынас мәдениетін арттыру, бойларында мінез-құлықтың әлеуметтік жағымды дағдыларын қалыптастыру мақсатында психологиялық кеңестер өткізгендерін хабарлады.
       Психологиялық тұрғыдан маңызы ерекше осы іс-шара барысында Жетісай аудандық Пробация қызметінің есебінде тұрған әрбір жастың жеке басы жан-жақты зерделенді және тәрбиелік ықпал етуді жағымды қабылдауға және қоршаған ортаның жағымсыз ықпалын теріске шығаруға психологиялық дайындық дәрежесі анықталған екен. Сонымен қатар, осы орталықтың психологтары сотталғандардың түзелулері мақсатында олардың өздерін қоғамымыздың толыққанды құқылы мүшесі екендіктерін сезіндіріп, әлеуметтік мәртебелерінің қалпына келуіне, тәртіптің жалпыға бірдей қабылданған нормалары мен құқық нормалары негізінде қоғамда өз бетінше өмір сүруіне оралуына кеңестер беруде.
        Осындай психологиялық іс-шараларды алдағы уақыттарда да белгіленген кестелерге сәйкес тұрақты түрде өткізіп тұру, олардың өздеріне белгіленген жазаны өтеудің «сұр» күндерін бояйтын және рухани-адамгершілік қайта тәрбиесіне әсер ететін болады-деп санайды психологтар. Сондай-ақ, осындай психологиялық кңестердің нәтижесінде сотталғандардың жазаларын өтеп, қоғамға қайта оралғандарынан кейін қайтадан теріс жолға түсіп кетулеріне немесе жағымсыз мінез-құлыққа жол бермеулеріне, олардың қоғамға, айналаға көзқарасын жақсартуға ықпал жасайтын болады деп санайды осы орталықтың психолог мамандары.
Ұлжан СӘБИТ,
Жетісай ауданы.

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДАҒЫ АРХИВ ІСІНЕ – 100 ЖЫЛ. ОТЫЗ ЖЫЛДЫҚ ЕҢБЕК – ҰЛТ ЖАДЫНА ҚЫЗМЕТ

     Архив… Бұл ...

АППАРАТТЫҚ МӘЖІЛІСТЕ САНИТАРИЯЛЫҚ ҚАУІПСІЗДІК, ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУ ЖӘНЕ ЕҢБЕК ҚАТЫНАСТАРЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ

Мақтаарал ауданында аудан әкімі ...

Лайықты таңдау – жарқын болашақтың бастауы!

        ...

Белсенді сайлаушы – берік қоғамның кепілі

        ...

Әрбір дауыс – жауапкершілік, әрбір таңдау – болашаққа қосылған үлес

        ...

ЖАҢА ҚОНЫС ИЕЛЕРІНЕ ПӘТЕР КІЛТТЕРІ ТАБЫСТАЛДЫ

        ...

ЕРІКТІ ҚОНЫС АУДАРУҒА МЕМЛЕКЕТТІК ҚОЛДАУ КҮШЕЙТІЛДІ

        ...

ҚҰРЫЛТАЙ САЙЛАУЫ ЖӘНЕ ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЖАҢА САЯСИ МОДЕЛІ: ҚОҒАМ НЕ ҰТАДЫ?

       Қазақстан ...

РУХАНИ МҰРАНЫ ҰЛЫҚТАҒАН ТАҒЫЛЫМДЫ КЕЗДЕСУ

        ...

ӨЗ ТАҢДАУЫҢ – ӨЗ БОЛАШАҒЫҢ!

       Ағымдағы ...