Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wordpress-seo domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6121
EGOV MOBILE ҚОСЫМШАСЫНА КІРУ БИОМЕТРИЯ АРҚЫЛЫ ҚОЛЖЕТІМДІ - САЙЫПҚЫРАН.KZ Ақпаратты-сараптамалық порталы
Home » PRESS RELEASE » EGOV MOBILE ҚОСЫМШАСЫНА КІРУ БИОМЕТРИЯ АРҚЫЛЫ ҚОЛЖЕТІМДІ

EGOV MOBILE ҚОСЫМШАСЫНА КІРУ БИОМЕТРИЯ АРҚЫЛЫ ҚОЛЖЕТІМДІ

        EGov Mobile мобильді қомысшасына бір жолмен – бометрия арқылы кіруге болады. Жаңартулар азаматтарға қосымшаның көбірек функционалын пайдалануға мүмкіндік береді және қазақстандықтардың жеке деректерінің қауіпсіздігін сақтауға бағытталған.
         Енді eGov mobile қосымшасында авторизациядан өту оңайырақ болды. Ол үшін Digital ID бейне идентификациясынан өтіп, ЭЦҚ кілттерін алу керек. Айта кету керек, бұрын қосымшаға кіру қысқа SMS коды немесе ЭЦҚ кілттері арқылы жүзеге асырылды. Енді кіру тек биометрия арқылы жүзеге асырылатын болады.
        EGov Mobile қомысшасында биометрияны пайдалану мынадай мүмкіндіктер береді:
  • Қосымша функционалды мүмкіндіктер, оның ішінде Face ID, саусақ ізі немесе қысқа код арқылы қосымшаға кейіннен кіру (смартфонға және ондағы параметрлерге байланысты);
  • Push-хабарламаларды алу мүмкіндігі;
  • E-otinish платформасы арқылы сұраныстарды жіберу және т.б.;
  • Мемлекеттік қызмет көрсету тарихында, егер процесті аяқтауға уақыт болмаса, қызметті алуды жалғастыру мүмкін болады;
  • Жеке деректерді неғұрлым сенімді қорғау.
        «Бұрын бізге пайдаланушылардан авторизациялау кезінде бір реттік SMSпарольден бас тарту біршама қолайсыздықтарға әкеліп соғатыны туралы шағымдар келіп түсетін, олар биометрия рәсімінен өткісі келмейді. Бірақ шын мәнінде Digital ID қазақстандықтарға бір реттік парольден гөрі қызметтерді алу мүмкіндігін береді. Енді биометрияны қолдану арқылы авторизациялау процесі әлдеқайда жеңіл және жылдам болды. Біз әрқашан қазақстандықтардың жеке деректерінің қауіпсіздігіне мән береміз және бұл ретте авторизацияның осы түрінің артықтықшылықтары көп»,- деді «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ Басқарма Төрағасы Ростислав Коняшкин.
            Толық бейне нұсқаулыққа сілтеме бойынша өтіңіз: https://www.youtube.com/watch?v=EBRnNfJlBJA&feature=youtu.be
       Сәтті авторизациядан өту және ЭЦП кілттерін жасағаннан кейін қосымшаға келесіде Face ID, Touch ID (саусақ ізі) және/ немесе қысқа код арқылы жүзеге асырылады.
        Айта керейік, бүгінгі күні eGov mobile мобильді қосымшасында 400-ге жуық eGov.kz порталының мемлекеттік қызметі мен  жеке тұлғаларға арналған элекрондық лицензия қызметтері қолжетімді. Ай сайын шамамен 2,4 млн. қазақстандық eGov mobile қосымшасын  белсенді қолданады.
        Пайдаланушылар арасында «Цифрлық құжаттар» сервисінде 18 құжат бар. Бүгінде цифрлық құжаттарды мына жағдайларда қолдануға болады:
  • ішкі рейстерге арналған елдің әуежайларында;
  • теміржол вокзалдарында вагондарға отырғызу және «ҚТЖ» АҚ билеттерін сатып алу кезінде;
  • «Отбасы банк» АҚ және «БЖЗҚ» АҚ филиалдарында;
  • Beeline ұялы байланыс операторының бөлімшелерінде;
  • Екінші деңгейлі банктерде (Kaspi.kz, Halyk Bank қызметтерін алу кезінде);
  • «Freedom finance» АҚ және «Қазақтелеком» АҚ кеңселерінде;
  • «Қазпошта» АҚ пошталық сәлемдемелерді қабылдау және жөнелту, кассалық операцияларды қолдану кезінде;
  • Халыққа қызмет көрсету орталықтарында (көші-қон қызметін қоспағанда) мемлекеттік қызметтерді алу кезінде;
  • Валюта айырбастау пункттері мен нотариустарда пайдалануға болады.
        «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ
         Қоғаммен байланыс басқармасы
www.nitec.kz
            Анықтама үшін: «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ «электрондық үкіметтің» инфокоммуникациялық инфрақұрылымының және мемлекеттік органдардың бірыңғай көлік жүйесінің операторы болып табылады, сондай-ақ орталық және өңірлік мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелеріне жүйелік-техникалық қызмет көрсетуді жүзеге асырады.
Толық ақпарат алу үшін мына телефон арқылы хабарласыңыз:
Динара МАЖИТОВА.
+7 775 270 03 48, dinara.mazhitova@nitec.kz

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

РЕСПУБЛИКА КҮНІНЕ АРНАЛҒАН ИНТЕЛЛЕКТУАЛДЫҚ КВИЗ-САЙЫСЫ

        ...

«ҰЛЫ ДАЛА» балабақшасында «Ауыл» партиясының «Бастауыш партия ұйымы» ашылды

       Семей ...

ШЕКАРАДАН БАСТАЛҒАН СЕРІКТЕСТІК: ҚЫТАЙ КӘСІПКЕРЛЕРІНІҢ САПАРЫ НЕНІ КӨРСЕТТІ?

        ...

НҰРАЛХАН КӨШЕРОВ: ТҮРКІСТАН ӨНДІРІСІ ДАМЫҒАН ӨҢІРЛЕР ҚАТАРЫНАН ТАБЫЛАДЫ

        ...

«АГРОХАКАТОН – 2025» ЖАС ҒАЛЫМДАР ЖОБАСЫНДА СЕМЕЙЛІК – “CAMPUS TEAM” КОМАНДАСЫ ЖҮЛДЕГЕР АТАНДЫ

        ...

СЕМЕЙДЕ «АУЫЛ» ПАРТИЯСЫ АБАЙ ОБЛЫСЫ БОЙЫНША ӨҢІРЛІК ФИЛИАЛ АКТИВІНЕ АРНАЛҒАН СЕМИНАР ӨТТІ

        ...

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТКЕ ІРІКТЕУДІҢ ЖАҢА КЕЗЕҢІ

        ...

АБАЙ ОБЛЫСЫНДА «ИННОВАЦИЯЛАР. ТҰРАҚТЫЛЫҚ. БОЛАШАҚ» ХАКАТОНЫНЫҢ ОБЛЫСТЫҚ ІРІКТЕУ КЕЗЕҢІ ӨТТІ

        ...

СЕМЕЙДЕ АЛҒАШ РЕТ ТІКЕЛЕЙ ҚАЛА ӘКІМІНІҢ САЙЛАУЫ ӨТТІ

        ...

ҰСТАЗДАР КҮНІНЕ АРНАЛҒАН ІС-ШАРА

        ...