Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wordpress-seo domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6121
ЕЛІМІЗДІҢ БІЛІМ БЕРУ ОРДАЛАРЫНА ҮЛГІ БОЛАР ТЫҢ ЖОБА - САЙЫПҚЫРАН.KZ Ақпаратты-сараптамалық порталы
Home » Қоғам » Білім саласы » ЕЛІМІЗДІҢ БІЛІМ БЕРУ ОРДАЛАРЫНА ҮЛГІ БОЛАР ТЫҢ ЖОБА

ЕЛІМІЗДІҢ БІЛІМ БЕРУ ОРДАЛАРЫНА ҮЛГІ БОЛАР ТЫҢ ЖОБА

       Біздің ауданымызда орын тепкен 34 Ә.Молдағұлова атындағы жалпы орта мектебінде 2021-2022 оқу жылында «Оқуға құштар мектеп» атты игі жоба жүзеге асырылған болатын. Осы жобаның аясында мектеп ұстаздары – оқушыларының кітап оқуға деген қызығушылықтарын арттырып, оларға көркем шығарманы талдауды үйренулерін мақсат еттті. Сонымен қатар, мектеп оқушыларының әдебиет саласындағы талғамдарын мықтап қалыптастыру мақсатында біршама жұмыстар атқарылған еді.
        Қарапайым тілмен айтсақ – «Оқуға құштар мектеп» жобасы арқылы білім ордасының ұстаздары жас буынның қимыл-әрекетін тежеуші, олардың өз құрбы-құрдастарынмен тікелей жанды түрде қарым-қатынас жасауына кедергі келтіруші интернет ойындары мен әлеуметтік желіге деген тәуелділіктерін бәсеңдетуді көздеген екен.
       Бұл жоба аясында мектепте  жүйелі түрде танымал балалар жазушысы Б.Соқпақбаевтың «Менің атым — Қожа» повесі, Т.Ахтановтың «Қаһарлы күндер» романы және Б.Момышұлының «Ұшқан ұя» повесінің желілері бойынша «Оқырмандар бәйгесі» өткізілсе, әр аптаның сәрсенбі күні «Сыныппен кітап оқу» күні болып бекітілген еді. Сонымен қатар, «Кітапханаға кітап сыйла» акциясы да өз деңгейінде ұйымдастырылып, әріптестер мен мектеп қонақтары мектептің кітапхана қорын молайтуға игі үлестерін қосты.
         Педагогтардың белсенді әрекеттерінің арқасында ол жоба мектеп оқушыларының арасында тез қолдау тауып, кітапханаға келуші оқырмандар саны біраз молайды. Бір қуантарлығы осындай шағын да болса, айтулы жетістікке жеткен мектептің әдісін аудандағы басқа да білім ордалары алдағы уақытта оны өз білім ордаларында қолданып көруді жоспарлауда екен. Егер ол жақтарда да бұл жоба зор табыстарға жетсе, онда алдағы уақытта аудан мұғалімдерінің тәсілі бүкіл республика мектептерінде қолданысқа енері анық.
          Ә.Молдағұлова атындағы жалпы орта мектебінің ұжымы болса, өз кезегінде алдағы оқу жылында да осы игі бастамаларын жалғастырып, оны одан әрі мазмұнды да қызықты, тағылымға толы етуді жоспарлап отырғандарын мәлімдеді.
Ұлжан СӘБИТҚЫЗЫ,
Жетісай ауданы.

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

РЕСПУБЛИКА КҮНІНЕ АРНАЛҒАН ИНТЕЛЛЕКТУАЛДЫҚ КВИЗ-САЙЫСЫ

        ...

«ҰЛЫ ДАЛА» балабақшасында «Ауыл» партиясының «Бастауыш партия ұйымы» ашылды

       Семей ...

ШЕКАРАДАН БАСТАЛҒАН СЕРІКТЕСТІК: ҚЫТАЙ КӘСІПКЕРЛЕРІНІҢ САПАРЫ НЕНІ КӨРСЕТТІ?

        ...

НҰРАЛХАН КӨШЕРОВ: ТҮРКІСТАН ӨНДІРІСІ ДАМЫҒАН ӨҢІРЛЕР ҚАТАРЫНАН ТАБЫЛАДЫ

        ...

«АГРОХАКАТОН – 2025» ЖАС ҒАЛЫМДАР ЖОБАСЫНДА СЕМЕЙЛІК – “CAMPUS TEAM” КОМАНДАСЫ ЖҮЛДЕГЕР АТАНДЫ

        ...

СЕМЕЙДЕ «АУЫЛ» ПАРТИЯСЫ АБАЙ ОБЛЫСЫ БОЙЫНША ӨҢІРЛІК ФИЛИАЛ АКТИВІНЕ АРНАЛҒАН СЕМИНАР ӨТТІ

        ...

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТКЕ ІРІКТЕУДІҢ ЖАҢА КЕЗЕҢІ

        ...

АБАЙ ОБЛЫСЫНДА «ИННОВАЦИЯЛАР. ТҰРАҚТЫЛЫҚ. БОЛАШАҚ» ХАКАТОНЫНЫҢ ОБЛЫСТЫҚ ІРІКТЕУ КЕЗЕҢІ ӨТТІ

        ...

СЕМЕЙДЕ АЛҒАШ РЕТ ТІКЕЛЕЙ ҚАЛА ӘКІМІНІҢ САЙЛАУЫ ӨТТІ

        ...

ҰСТАЗДАР КҮНІНЕ АРНАЛҒАН ІС-ШАРА

        ...