Home » Business » HALYK HOMEBANK-ТА ЕНДІ ОСЫНДАЙДА ҚОСЫМША ПАЙДА БОЛДЫ

HALYK HOMEBANK-ТА ЕНДІ ОСЫНДАЙДА ҚОСЫМША ПАЙДА БОЛДЫ

      Енді пәтер иесі тек смартфон және Halyk Homebank қосымшасын пайдалана отырып, үйіңізге тіркелген адамды тіркеуден онлайн шығаруға болады. Бұрынғыдай ХҚКО барудың қажеті жоқ, ал қызметті қолдану уақыты 20 минуттан аспайды.
     Halyk Homebank қолданушылары үшін жаңа әрі ыңғайлы сервис іске қосылды. Бұл қызмет Halyk Bank, ҚР Ішкі істер министрлігі және ҚР цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі ынтымақтастығының нәтижесі.
     Уақытша немесе тұрақты тіркеуден шығару үшін жылжымайтын мүлік иесі Halyk Homebank қосымшасындағы «мем.қызметтер» бөліміне кіріп, «тіркеу» – «тіркеуден шығару» бөлімін ашып, жылжымайтын мүлікті таңдап, тіркеуден шығару қажет тұрғынды белгілеп, өтінімге қол қойып, нәтижемен танысу қажет. Сервис Қазақстан Республикасының азаматтарына ғана арналған. Егер тұрғын үйдің бірнеше иесі болса, онда тіркеуден шығару кезінде тұрғын үйді қоса иеленуші Halyk Homebank қосымшасында келісімін бере алады.
       Банк тұрғын үй иесі туралы деректер қауіпсіздігін қамтамасыз етеді және ақпаратты үшінші тұлғаларға беруден қорғауға кепілдік береді. Мемлекеттік органға қызметті қолдану үшін қажет деректерді ғана ұсынады.
     «Мемлекеттік қызметтерді жүзеге асыру бағытымыз қазақстандықтар үшін жаңа мүмкіндік береді. Біз іске қосқан қызметтер әр адам үшін ыңғайлы болуы керек. Маған, министр ретінде, әр қазақстандық мемлекеттік қызметтерді өзіне ыңғайлы сервистер арқылы және кезексіз, артық уайымсыз қолдануы маңызды. «Тіркеуден шығару» қызметі – ең сұранысқа ие сервистің бірі және енді оны өз смартфоныңыз арқылы қолдану әрине қуанышты жаңалықтың «, – деп атап өтті ҚР цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин.
      Halyk Bank Басқарма Төрайымы Үміт Шаяхметова жаңа сервистің іске қосылуы туралы айта келе, қазақстандықтар үшін күн сайын ыңғайлы әрі цифрлы қызметтер артып келе жатқанын атап өтті: «Бүгінде барлық қызметтің 80%-ға жуығы электронды форматта ұсынылады. Біз банк ретінде қазақстандықтар талап ететін онлайн-қызметтерді енгіземіз, бұл мемлекеттік ведомстволармен тиімді интеграция есебінен жүзеге асырылады. Осындай нәтижелі серіктестік клиенттердің алғысына айналады. Себебі тиісті ведомстволарға бармай-ақ түрлі қызметтерді тез әрі оңай қолдана алады».
      ҚР ІІМ Министрінің орынбасары Сәкен Сәрсенов айтқандай, » ІІМ Қазақстан азаматтарына көрсетілетін мемлекеттік қызметтерді цифрландыру және автоматтандыру жұмыстарын жалғастыруда. Айта кету керек, ҚР Ішкі істер министрлігі банк қосымшалары арқылы азаматтар мен автокөліктерді тіркеу саласында қызмет көрсетуді жеңілдететін бірнеше жобаны іске қосты. Мысалы, ағымдағы жылдың сәуір айынан бастап Halyk Homebank қосымшасы арқылы тұрғылықты жері бойынша үйге тіркеуге тұру немесе егер сіз тұрғын үй иесі болсаңыз, өзіңіз тіркеле аласыз».
       Айта кетейік, Halyk Homebank қосымшасында ғана ұсынылған бірегей сервис алғаш рет Мемлекет басшысының қатысуымен ҚР Ішкі Істер Министрлігінің 30 жылдығына арналған форумда ұсынылды.

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

КНИГУ БРИТАНСКОГО БИЗНЕСМЕНА ОБ ОТНОШЕНИИ РУССКИХ И КОЧЕВНИКОВ В НАЧАЛЕ XXВЕКА ПЕРЕВЕЛИ ДЛЯ КАЗАХСТАНЦЕВ

        ...

КНИГУ БРИТАНСКОГО БИЗНЕСМЕНА ОБ ОТНОШЕНИИ РУССКИХ И КОЧЕВНИКОВ В НАЧАЛЕ XXВЕКА ПЕРЕВЕЛИ ДЛЯ КАЗАХСТАНЦЕВ

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ-ТӘЖІРИБЕЛІК КОНФЕРЕНЦИЯ

        ...

КӘСІПОРЫНДАР 7540,4 МЛН. ТЕҢГЕНІҢ ӨНІМІН ШЫҒАРҒАН

     Мақтаарал ауданының ...

«23 сәуір ұлттық егемендік және балаларды қорғау күні» аталып өтті

        ...

22 СӘУІР – АЛТЫН АДАМ КҮН!

Алтын адам алтын тұлға ...

ӘЛЕУМЕТТІК ЖАУАПКЕРШІЛІКТІҢ ЖАРҚЫН ҮЛГІЛЕРІН КӨРСЕТІП КЕЛЕДІ

        ...

САЯХАТТЫҢ ТӘРБИЕЛІК МӘНІ ДЕ ЗОР БОЛДЫ

        ...

ШЕТЕЛДЕГІ ЗАҢСЫЗ ДІНИ БІЛІМ АЛУ

        ...

ТАРТЫНА ТҰРСАҚ, ТУЫСҚАН!

        ...