Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wordpress-seo domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6131
ЖЕТІСАЙЛЫҚ ЖАС СПОРТШЫЛАР ЖАҚСЫ НӘТИЖЕЛЕР КӨРСЕТУДЕ - САЙЫПҚЫРАН.KZ Ақпаратты-сараптамалық порталы
Home » Sports » ЖЕТІСАЙЛЫҚ ЖАС СПОРТШЫЛАР ЖАҚСЫ НӘТИЖЕЛЕР КӨРСЕТУДЕ

ЖЕТІСАЙЛЫҚ ЖАС СПОРТШЫЛАР ЖАҚСЫ НӘТИЖЕЛЕР КӨРСЕТУДЕ

        Ағымдағы жылдың 11-13 маусым күндері аралығында Түркістан облысының, Түлкібас ауданынындағы «Ер-Жәнібек спорт кешенінде», «Ауыл жасөспірімдерінің IV-жазғы ойындарына» іріктеу аясында, спорттың еркін күрес түрінен 2005-2007 жылы туылған  жасөспірімдер арасында Түлкібас аудандық №2 балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің ашық біріншілігі болып өткен болатын.
       Осы маңызды спорттық іс-шараға қатысқан облысымыздың 200-ге жуық спортшыларының қатарында, Жетісай аудандық «№2 балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің» бір топ спортшылары да болып жақсы нәтижелермен көзге түсіп, ауданымыздың абыройын асқақтатты.   Нақты айтар болсақ, жетісайлық жас өрен спортшылар – 92 кг. салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен Сержан Көпжасаров пен 110 кг. салмақ дәрежесіндегі Айсұлтан Пошаев, жақсы нәтижелерінің арқасында үстіміздегі жылдың  шілде айында Алматы облысындағы Талдықорған қаласында өтетін Қазақстан Республикасы «Ауыл жасөспірімдерінің IV жазғы ойындарында» өз бақтарын сынайтын болды.
       Сондай-ақ, 10-12 маусым күндері аралығында Жетісай қаласында орналасқан «Сырдария» спорт кешенінде биылғы «Балалар жылына»  орай,  «Ауыл жасөспірімдерінің ІV жазғы ойындарына» үміткерлерді іріктеу мақсатында грек-рим күресінен 2005-2007 жылы туылған жасөспірімдер арасында облыстық турнир болып өтті.
      Тартысты өткен бұл жарысқа – Түркістан, Сайрам, Отырар, Мақтаарал, Жетісай, Сарыағаш, Төлеби, Шардара және Қазығұрт аудандарынан, барлығы он команда қатысып, 210 спортшы өз бақтарын сынады.
      Жалпы командалық есепте негізінен Жетісай ауданының №1 «Балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің» оқушыларынан тұратын Жетісай командасы бірінші орынды иеленді.
       Жарыстың ашылу салтанатына Азия чемпионы, Түркістан облысының жасөспірімдер құрама командасының бас бапкері М,Каришалов, Жетісай ауданы әкімінің орынбасары С.Пірімбеков, Жетісай ауданы әкімі аппаратының басшысы Е.Алданиязов пен Жетісай ауданының №1 «Балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің» директоры Ғ.Жанаев қатысып сөз сөйлеп, жас спортшыларға сәттіліктер тіледі.
         Тартысты өткен жарыстын нәтижесінде «Ауыл жасөспрімдерінің ІV ші жазғы ойындарына» 71кг. – Әбілқасым Нұрасыл, 92 кг. – Тұрсын Райымбек, 110 кг. – Өмірбек Ерасыл және осы жарыста екінші орын иеленген 65 кг. – Сламбек Даниял, 80 келі дәрежесінде Қосбатыр Қадыр – қосалқы құрамда сайысу жолдамасын жеңіп алды.
        Қуантарлығы ауданымызда спортшыларға деген құрмет ерекше. Дүбірлі сайыстарда өнер көрсетіп, аудан абыройын асқақтатқан спортшыларға айырықша құрмет жасалып тұрады. Оған Жетісай аудандық ішкі саясат бөлімінің «Жастар ресурстық орталығы»-ның басшысы Нұрлыбек Мутаев пен ауданымыздың белсенді жастары және жанашыр азаматтарының –Алматы қаласында өткен кәсіпқойлар арасында «OCTAGON 31» атты  халықаралық турнирінде Әзербайжан спортшысынан басым түсіп жеңіске жеткен жерлес чемпионымыз Махсуда Джапарованы айрықша қошеметпен қарсы алғаны дәлел бола алады.
        1997 жылдың 31 мамыр күні Мақтарал ауданы, Дихан ауылында дүниеге келген Махсуда Джаппарова,  спорттың жекпе-жек түрінен халықаралық дәрежедегі спорт шебері, Gamma MMA-дан Азия чемпионы. Жекпе-жектен Әлем Чемпионы. ММА-дан, Кәсіпқойлар арасындағы рейтингі 6:3:0. Қазіргі таңда жекпе-жектен Жетісай қаласындағы «Мұхаммедали – Жауынгер» спорт мектебінің жаттықтырушысы болып қызмет атқарады.
        Өз кезегінде жастарымызды  қызықтырған сауалдарға жан-жақты жауап берген даңқты спортшымыз Махсуда Джапарова, жанкүйерлеріне осы көрсеткен құттықтаулары мен марапаттар үшін шынайы алғысын білдірді.
Ұлжан ДӘУЛЕТБАЕВА, Жетісай ауданы.

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

ОЗЕРКИ АУЫЛЫ МЕКТЕБІНДЕ «КІТАПҚА – ЕКІНШІ ӨМІР СЫЙЛА» АКЦИЯСЫ ӨТТІ

        ...

«ХАЛЫҚАРАЛЫҚ МҮГЕДЕКТІГІ БАР АДАМДАР КҮНІНЕ» АРНАЛҒАН ҚОҒАМДЫҚ ІС-ШАРАСЫ ӨТТІ

        ...

STAEM ӘДІСІНІҢ БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫН ДАМЫТУДАҒЫ РӨЛІ

        ...

МҚІА ТҮКІСТАН ОБЛЫСЫ БОЙЫНША ДЕПАРТАМЕНТІ: ҚЫЗМЕТ АЛУШЫНЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ ҚАЛПЫНА КЕЛТІРІЛДІ

        ...

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ САПАСЫ – БАСТЫ НАЗАРДА

        ...

АГРОӨНЕРКӘСІП КЕШЕНІНДЕГІ ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯЛАР МЕН КООПЕРАЦИЯ — АУЫЛ ДАМУЫНЫҢ КІЛТІ», БИОГУМУС ӨНІМІ ТУРАСЫНДА ДӘРІС–ЖИЫНЫ ӨТТІ

        ...

«СЕМЕЙ ПОЛИГОНЫНЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК ЖӘНЕ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ЗАРДАПТАРЫ» ҚОҒАМДЫҚ ІС-ШАРАСЫ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ

        ...

ЕҢБЕКТІ СҮЙГЕН ЖАНДАРДЫҢ МАРАПАТЫ

        ...

ОЛЖАС СҮЛЕЙМЕНОВ «НОБЕЛЬ СЫЙЛЫҒЫН» АЛАДЫ МА?

      Олжас ...

АЛМАТЫНЫҢ АУАСЫН ТАЗАРТАТЫН ТЕХНОЛОГИЯ ІСКЕ АСПАҚШЫ

        ...