Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wordpress-seo domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6121
АЛМАТЫ АКАДЕМИЯСЫ АЛҒАШҚЫ КИБЕРҚАУІПСІЗДІК МАМАНДАРЫНА ДИПЛОМ ТАБЫСТАЛДЫ - САЙЫПҚЫРАН.KZ Ақпаратты-сараптамалық порталы
Home » PRESS RELEASE » АЛМАТЫ АКАДЕМИЯСЫ АЛҒАШҚЫ КИБЕРҚАУІПСІЗДІК МАМАНДАРЫНА ДИПЛОМ ТАБЫСТАЛДЫ

АЛМАТЫ АКАДЕМИЯСЫ АЛҒАШҚЫ КИБЕРҚАУІПСІЗДІК МАМАНДАРЫНА ДИПЛОМ ТАБЫСТАЛДЫ

         Бүгінгі таңда сұранысқа ие заманауи мамандар даярлайтын Қазақстан Республикасы ІІМ Мақан Есболатов атындағы Алматы академиясы биыл алғаш рет киберқылмыстарды ашатын IT мамандар даярлап шығарды.
       Алматы академиясын биыл 276 курсант бітіріп шыса, оның ішінде 42 курсант – ақпаратттық жүйелер мен радиотехника, электроника және телекоммуникация бойынша білім беру бағдарламасын аяқтады.
          Жылдан жылға қарқын алып келе жатқан киберқылмыс тек Қазақстанды ғана емес, бүкіл дүниежүзін алаңдатып отырғаны белгілі. Бұл орайда елімізде кибершабуылдарға қарсы атқарылып жатқан жұмыстар да ауқымды.
         Елбасының «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» Жолдауында киберқылмысқа қарсы күресті күшейту туралы нақты міндеттер қойылса, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ішкі істер органдарының қызметкерлеріне озық техникаларды пайдалана отырып, электронды қылмыстық істерді тергеуді және ашуды жаңа деңгейге көтеруді тапсырған болатын. Осындай маңызды міндеттерді орындау мақсатында 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап ІІМ М.Есболатов атындағы Алматы академиясында кадрлар біліктілігін арттыру және қайта даярлау факультетінің жанынан Киберқылмысқа қарсы іс-қимыл жөніндегі мамандарды даярлау орталығы ашылған болатын.
         «Бұл орталық киберқылмыстарды ашумен және анықтаумен айналысатын мамандардың біліктілігін арттырумен айналысады. Орталықты ашу қарсаңында біз шетелдердің киберқылмысқа қарсы күрес және осы сала мамандарын даярлау тәжірибесін зерттедік.
          Соңғы жылдары елімізде интернет арқылы жасалатын қылмыстар екі есеге артып отыр. Интернет алаяқтық әсіресе онлайн қызмет көрсету дамыған сайын артуда. Бізді алаңдататыны – басқа елдің аумағында отырып-ақ арам ойларын оп-оңай жүзеге асыратындардың көбейіп бара жатқаны.
          Ал, биыл тұңғыш рет Алматы академиясы осындай киберқылмыстарды анықтаумен айналысатын 42 IT мамандарын оқытып шығарды. IT мамандардың екеуі ҚР ІІМ Орталық аппаратында қызмет атқаруға жолдама алды»- дейді Академия бастығы полиция полковнигі Айдар Сайтбеков.
        Академияның Кәсіби дайындық факультетінің 2022 жылғы бітіруші түлектеріне алғашқы полиция лейтенанты арнаулы атағы мен диплом тапсыру рәсіміне ҚР Ішкі істер министрінің орынбасары полиция генерал-майоры Е.Саденов, Академия Ардагерлер кеңесінің төрағасы генерал-майор Т. Қабденов, «Генералдар кеңесі» РҚҚ төрағасының бірінші орынбасары генерал-лейтенант Б.Сарсеков және М.Оразалиев, М.Нүкенов, Ж.Кенжетаев сиқты генерал-майорлар, отставкадағы полиция полковнигі Д. Құсайынов, ҚР ІІМ Қоғамдық кеңесінің төрағасы Р. Ошақбаев және Академияны бітірушілердің ата-аналары мен туыстары қатысты.
        Бітіруші түлектерді салтанатты түрде құттықтаған Ішкі істер министрінің орынбасары Е. Саденов, Т. Қабденов және Р. Ошақбаев оларға ел тыныштығын күзетуде абыройлы еңбек ету үшін сәт-сапар тіледі.
        Академия түлектері атынан сөз алған полиция лейтенанты Н.Тойлыбай ішкі істер органдарында қызмет атқару барысында Отан алдындағы антқа адал болып, Жаңа Қазақстанның жарқын болашағы үшін аянбай еңбек ететіндеріне сенім білдірді.
Гүлнар МАҒЗҰМОВА,
Алматы қаласы.

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

АУЫЛ ЖАСТАРЫ – ЕЛДІҢ ЕРТЕҢІ

        ...

АУЫЛДЫҢ ДАМУЫ – ЕЛ ДАМУЫНЫҢ КЕПІЛІ

          ...

«ЖЕТІСАЙ» ӨҢІРЛІК МАҢЫЗЫ БАР ИНДУСТРИЯЛЫҚ АЙМАҒЫН ҚҰРУҒА ҚАЖЕТТІ ЖҰМЫСТАР ЖҮРГІЗІЛУДЕ

        ...

ҚАЛАДА ЖОЛ ҚАУІПСІЗДІГІНЕ АРНАЛҒАН РЕЙДТІК ШАРА ӨТТІ

        ...

ЖЕТІСАЙЛЫҚ ҰСТАЗ МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫНЫҢ ҚОЛЫНАН МАРАПАТ АЛДЫ

        ...

Мақтаарал ауданында құқықтық көмек көрсетілуде

       Мақтаарал ...

ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТ МҮМКІНДІГІН БАРЫНША ПАЙДАЛАНУЫМЫЗ КЕРЕК

        ...

АДАМГЕРШІЛІК — РУХАНИ ТӘРБИЕНІҢ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ

      Адамгершілікке ...

«АУЫЛ» ПАРТИЯСЫ (АОБӨФ) «ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТ ЖАСҚА ҚАРАМАЙДЫ» ТАҚЫРЫБЫНДА СЕМИНАР-ТРЕНИНГ ӨТКІЗДІ

        ...

«АУЫЛ ОЙЫНДАРЫ – 2025»: АБАЙ ОБЛЫСЫНЫҢ ЖАСТАРЫ ҰЛТТЫҚ СПОРТТА БАҚ СЫНАДЫ

       Қарағанды ...