Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the jetpack-social domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6121

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wordpress-seo domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6121
ҚҰҚЫҚТЫҚ РЕФОРМАЛАР ЖӨНІНДЕ БАЯНДАМА ЖАСАЛЫП, ЗАҢ ҮСТЕМДІГІ АЙТЫЛДЫ - САЙЫПҚЫРАН.KZ Ақпаратты-сараптамалық порталы
Home » Билік » ҚҰҚЫҚТЫҚ РЕФОРМАЛАР ЖӨНІНДЕ БАЯНДАМА ЖАСАЛЫП, ЗАҢ ҮСТЕМДІГІ АЙТЫЛДЫ

ҚҰҚЫҚТЫҚ РЕФОРМАЛАР ЖӨНІНДЕ БАЯНДАМА ЖАСАЛЫП, ЗАҢ ҮСТЕМДІГІ АЙТЫЛДЫ

           Мемлекет басшысының «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын жүзеге асыра отырып билік пен бұқара арасындағы байланыстың ашықтығын нығайту мақсатындағы Жетісай ауданының әкімі Мұрат Кадырбектің бекітілген кестеге сәйкес есептік кездесуі Қызылқұм ауылдық округінің тұрғындарымен өтті.
         Еркін форматта өткен кездесуге аудандық мәслихат депутаттары Кахарбай Исаев пен Эльмира Темирбаева, аудан прокурорының орынбасары Максат Ералиев, аудандық полиция бөлімінің инспекторлары мен дербес бөлім басшылары, округ тұрғындары қатысты.
         2021 жылы ауданда атқарылған жұмыстар мен жыл басынан бері атқарылып жатқан жұмыстар жайында кеңінен баяндама жасаған аудан басшысы алдағы атқарылатын жұмыстар мен жобаларға да тоқталды.
           Аудан прокурорының орынбасары М.А. Ералиевпен Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың референдум қорытындысы бойынша Қазақстан халқына жасаған үндеуі, Қазақстан Республикасының Конституциясына, Қазақстан Республикасының Жер, Қылмыстық, Қылмыстық процестік, Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстеріне және «Нотариат туралы» заңнамаларға енгізілген өзгерістер мен толықтырулар туралы.
        Сонымен қатар халыққа, ұлтаралық және конфессияаралық татулықты бұзатын кез келген әрекет конституциялық емес деп танылатыны, бұл үшін заңнамаларда көзделген жауапкершіліктер, заң үстемдігі, атап айтқанда:
— шаруа фермер қожалығы үшін берілген ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерінің пайдалану құқығын азаматтық-құқықтық мәмілелер негізінде иеліктен шығару тәртібі;
— жылжымайтын мүліктермен жасалатын мәмілелер Еліміздің кез келген аумағында орналасқан нотариустарға жүгіну арқылы азаматтық-құқықтық мәмілелер жасалатыны;
— егістік алқаптарға мал жаю, ол үшін ҚР ӘҚБтК-нің 147-бабымен 20 АЕК, егер бір жыл ішінде қайталап жасағаны үшін 40 АЕК мөлшерінде әкімшілік айыппұл түріндегі жауапкершілік көзделгені, келтірген материалдық шығынды азаматтық тәртіппен сот арқылы өндіріп алу тәртібі;
— заңсыз қаржы пирамидасы ол үшін қарастырылған жауапкершіліктер (ҚР ӘҚБтК-нің 150-бабы, ҚР ҚК-нің 217, 190-баптар);
— «атаулы әлеуметтік көмек (АСП) қайтарымсыз (580 000 теңге) алып беремін»,- деп алдау;
— адамдардың жеке мәліметтерін алдау не ұрлау арқылы атынан жасырын несие рәсімдеу секілді алаяқтық тәсілдері өршіп тұрғаны;
— сондай-ақ, әскери қызмет, отан алдындағы борышты өтеу, бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және оның тәртібі, бұзғаны үшін (ҚР ӘҚБтК-нің 488-бабында, ҚР ҚК-нің 387, 400-баптарында әкімшілік, қылмыстық) жауапкершіліктер туралы;
— ҚР ҚК-не мал ұрлығына арнайы 188-1 бап енгізілгені, үйге, қораға, көлікке кіріп ұрлық жасағаны үшін жазаның ауырлап, ауыр санаттағы қылмыстық құқық бұзушылыққа ауыстырылғаны;
— жыныстық тиіспеушілік, оның ішінде кәмелетке толмағандарға қарсы жасау және олар үшін қарастырылған жауапкершілік;
— адам саудасы, малды сырғалау, босатып жібермеу, жол көлік оқиғасы, бұл үшін (материалдық және әкімшілік) жауапкершіліктер қарастырылғаны туралы;
— халықтың жайылымдық жерге қажеттілігін қамтамасыз ету және төрт түлік малдың жайылуына жағдай жасау;
— жол көлік оқиғасын мас күйінде жасау, ол үшін жаза ауырлап 15 тәулікке қамаққа алу және 7 жылға көлік жүргізу құқығынан айыру, қайталап жасалса қылмыстық жауапкершілік көзделгені және т.б. мәселелер бойынша ақпараттар мен мағлұматтар айтылып, халықтың құқықтық санасы мен құқықтық мәдениетінің артуына ықпал етілді.
Жетісай аудандық прокуратурасы.

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

«АБАЙ ТОЙЫ» ЖОҒАРЫ БАҒАЛАНДЫ

        ...

ОРАЛДА «AUYL FEST. ҚОЙ ШАРУАШЫЛЫҒЫ – 2025» БІРІНШІ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ФЕСТИВАЛІ ӨТТІ

        ...

СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ЖОЛ БЕРМЕУДІҢ ЕЛ ҮШІН МАҢЫЗЫ ЕРЕКШЕ

        ...

СЕМЕЙДЕГІ «САҢЫРАУЛАР ҚОҒАМЫНДАҒЫ» «БАСТАУЫШ ПАРТИЯ ҰЙЫМЫНЫҢ» МҮШЕЛЕРІ ЖИДЕБАЙҒА САПАРЛАП БАРДЫ

       2025 ...

«ҮЛКЕНГЕ – ҚҰРМЕТ»: СЕМЕЙДЕ МҮГЕДЕК ШЕБЕРГЕ КӨМЕК КӨРСЕТІЛДІ

        ...

ТЕГЕУРІН ТӨЗІМ ИЕСІ ОЛ – «ТЕМІРЖОЛШЫ»

        ...

Абайдың 180 жылдығында – текті әулеттен шыққан Жетісайдың қызы «Жеті қазынаға» енді

        ...

ЖЫР ЖОЛЫНДАҒЫ ЖҰМБАҚ ЖОЛ

        ...

ДАНА АБАЙДЫҢ 180 ЖЫЛДЫҚ МЕРЕЙТОЙЫ – КЕҢ КӨЛЕМДЕ ТОЙЛАНДЫ

        ...

ТАРИХИ ТҮЙЕМОЙНАҚТАҒЫ «ЭТНО-АУЫЛҒА» САПАР

        ...