Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wordpress-seo domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6131
КЕМЕЛ ТОҚАЕВ АТЫНДАҒЫ ДЕТЕКТИВ ШЫҒАРМАЛАР БАЙҚАУЫ БИЫЛ ДА ЖАЛҒАСАТЫН БОЛДЫ - САЙЫПҚЫРАН.KZ Ақпаратты-сараптамалық порталы
Home » PRESS RELEASE » КЕМЕЛ ТОҚАЕВ АТЫНДАҒЫ ДЕТЕКТИВ ШЫҒАРМАЛАР БАЙҚАУЫ БИЫЛ ДА ЖАЛҒАСАТЫН БОЛДЫ

КЕМЕЛ ТОҚАЕВ АТЫНДАҒЫ ДЕТЕКТИВ ШЫҒАРМАЛАР БАЙҚАУЫ БИЫЛ ДА ЖАЛҒАСАТЫН БОЛДЫ

         «Заң» медиа-корпорациясына» қарасты «Заң газеті» басылымының мұрындық болуымен өтетін Кемел Тоқаев атындағы детектив шығармалар байқауы биыл да жалғасын табатын болды!-деп хабарлайды  «Заң газеті» басылымы.
        Бесінші рет ұйымдастырылып отырған осы додаға Қызылорда облысының әкімдігі қолдау көрсетпек екен. Жүлдегерлер қазан айының соңына қарай қасиетті Сыр елінде марапатталады. Байқауды өткізудің мақсаты:
– Детектив жанрының атасы Кемел Тоқаевтан кейін кенжелеп қалған жанрды жандандыру;
– Детектив шығармалар жазуға деген көпшіліктің ынтасын ояту;
– Шытырман шығармаға қызығушылықты арттыру;
– Осы жанрдың көмегімен құқық қорғау, сот, адвокатура саласында еңбек етіп жүрген мамандардың еңбегін дәріптеу.
        Байқауға кімдер қатыса алады? Соңғы үш жылда осы байқауға қатысып, бас жүлде мен бірінші орын алған адамдар байқауға қатыстырылмайды.
        Басқа үміткерлердің бақ сынауына толық мүмкіндігі бар. Үміткерлер шығармасын zangazet@mail.ru эл.почтасына немесе Алматы қаласы, Досмұхамедов көшесі 68Б мекен-жайына «Байқауға!» деген белгімен жолдай алады.
        Байқауға жіберілген материал көлемі А4 форматында 14-шрифтпен жазылғанда 10 беттен аспауы керек. Шығармалар осы жылғы 30-қыркүйекке дейін қабылданады. Белгіленген мерзімнен кешігіп келген еңбектер байқауға қатыстырылмайды. Материалдар «Заң газетінде» және zanmedia.kz сайтында жарияланып тұрады. Сондай-ақ, детектив жанрының талаптарына сай келмейтін шығармалар қазылар назарына ұсынылмайды.
       Жүлде қоры қандай? Байқаудың бас жүлдесі – біреу, 1 орын – біреу, 2 орын – екеу, 3 орын – үшеу және бес ынталандыру сыйлығы қарастырылып отыр.
       Биылғы жылдың бір ерекшелігі – оқырманның дауысына (дауыс zanmedia.kz сайтында онлайн беріледі) ең көп ие болған үміткерге бірінші орынға тең дәрежеде жүлде тағайындалады. Сонымен бірге, жазуға қабілеті бар студент жастарды, жоғары сынып оқушыларын ынталандыру мақсатында арнайы жүлде белгіленіп отыр екен.

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

«ҚАЗАҚ ТІЛІН ОҚЫТУДЫҢ ЗАМАНАУИ ӘДІСТЕРІ» ТАҚЫРЫБЫНДА ҒЫЛЫМИ-ӘДІСТЕМЕЛІК СЕМИНАР ӨТТІ

        ...

ҰЛТТЫҚ БАСЫЛЫМ КҮНІ

        ...

МЫСЛИ ТЕРЗАЮТ НОЧАМИ…

ЕРІК ҚАЙРАТБЕКҰЛЫ ОМАРҒАЛИЕВ. Абай ...

«АБАЙ» ЖУРНАЛЫНЫҢ ОҚЫРМАНДАРЫНА ҮНДЕУ!

         ...

ТІЛДІ ДАМЫТУ, МӘДЕНИЕТ ПЕН РУХАНИЯТТЫ НЫҒАЙТУ, АҚПАРАТ САЛАСЫН ӨРКЕНДЕТУ – ЖАҢҒЫРУДЫҢ ӨЗЕГІ

        ...

Не прошли мимо: как войсковой наряд помог потерявшемуся школьнику

        ...

Бейжай қалмады: әскери жасақ адасып қалған оқушыға көмек көрсетті

        ...

«АРАЙЛЫ КҮНІМ — АЗАТТЫҚ!» ЖАС АҚЫНДАР АЙТЫСЫ

     2025 жылдың ...

МӘДЕНИЕТ САЛАСЫНЫҢ ЖЫЛ ҚОРЫТЫНДЫ ЖИЫН-СЕМИНАРЫ МЕН МЕРЕКЕЛІК ШАРАСЫ ӨТТІ

        ...

«ЖАС ҰРПАҚ ЖӘНЕ АБАЙ МҰРАСЫ» ТАҒЫЛЫМДЫ ФОРУМЫ ӨТТІ

        ...