Home » Билік » АУДАН ӘКІМІ АБАЙ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНІҢ ТҰРҒЫНДАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ

АУДАН ӘКІМІ АБАЙ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНІҢ ТҰРҒЫНДАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ

           Мемлекет басшысы, Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлының Жарлығына сәйкес барлық деңгейдегі әкімдердің жыл бойы халықпен кездесулер өткізіп, жергілікті жерлерде жүргізіліп жатқан жұмыстары туралы тұрғындардың хабардар болуын, Қазақстанды жаңғыртудың жаңа бағдарының негізгі бағыттары туралы хабардар ету, билік органдарының беделін арттыруға, халықты толғандыратын проблемалық мәселелерді шешудің жолдары мен мерзімдерін түсіндіру бағытындағы Жетісай ауданының әкімі Мұрат Болатұлының кезекті кездесуі Абай ауылдық округінде жалғасты.
         Кездесуге аудандық мәслихат хатшысы Алихан Утанов пен аудан прокурорының орынбасары Мақсат Ералиев, аудандық ішкі істер бөлімі басшысының орынбасары Есімжан Надиров, бөлім басшылары, жергілікті тұрғындар қатысты.
        Аудан басшысы Мұрат Болатұлы округ тұрғындарын ауданда өткен жылы атқарылған жұмыстардың барысымен таныстырып, қоғамдық мәселелерге қатысты сұрақтарына жауап берді.
       Ауданымыздың әкімі келтірген мәліметтеріне сәйкес, 79,3 мың гектар егістік жер көлемі бар ауданда өткен жылы 48 мың гектарға мақта шиті, 20,2 мың гектарға картоп, бақша, көкөністер, 4,9 мың гектарға көп жылдық мал азығы мен басқа да дақылдар егілген. Бір алқаптан жылына 2-3 өнім алу жобасы 1,1 мың гектар жерге дейін жеткізілген. Сонымен қатар, ауданда 2022-2023 жылдары жалпы инвестиция көлемі 50,8 млрд теңгені құрайтын 7 жобаны іске асыру жоспарланып, онда 3247 адам тұрақты жұмыс орнымен қамтылатын болады.
         Облыстық және жергілікті бюджеттерден 10 ауылдық округтегі 44 елді мекенді табиғи газбен қамтамасыз ету мақсатында жобалау-сметалық құжаттарын рәсімдеуге 127,3 млн теңге бөлініп, тиісті жұмыстар жүргізілуде.
        Абай ауылдық округінің «Алтын кемер», «Халықтар достығы» елді мекендерін табиғи газбен қамтамасыз ету мақсатында жобалау-сметалық құжаттамаларын әзірлеу жұмыстарына аудандық бюджеттен 8 млн. 760 мың теңге қаржы қаралып, тиісті құжаттар әзірленуде. Жобаға мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысы алынғаннан соң, құрылысына қаржы бөлдіруге ұсынылатын болады.
      2022 жылға «Ауыл – Ел Бесігі» бағдарламасы аясында Жылы су ауылдық округіндегі 3 елді мекенде 18,9 шақырымды құрайтын 23 көшені 288,5 млн теңгеге, Абай ауылдық округі «Алтын кемер» елді мекеніндегі 2,8 шақырымды құрайтын 2 көшені 42,9 млн теңгеге, Мақталы ауылдық округі, Мақталы елді мекеніндегі 11,1 шақырымды құрайтын 13 көшені 167,6 млн теңгеге орта жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарлануда.
       Осы және өзге де ауданда атқарылған жұмыстардың барысымен таныстырған аудан әкімі есептік кездесуден соң Абай ауылдық округінің тұрғындарына жеке қабылдау өткізді.
       Кездесу барысында тұрғындар 5 маусым күні өтетін бүкілхалықтық референдумға қатысып, азаматтық белсенділік танытатындықтарын жеткізді.
         Жеке қабылдауда тұрғындар елді мекеннің ішкі көшелерін жөндеуден өткізу және аяқжолдар салу, округ аумағында халық санының өсуіне және тұрғын үй салуға жер телімін алуға кезекке тұрушылар санының артуына байланысты, елді мекен шегін ұлғайтуға арналған жерлерден тұрғын үй құрылысын салуға жер бөліп беру сынды мәселелерді көтерді.
        Айтылған өтініштер мен ұсыныстар хаттамаға енгізіліп, тиісті сала мамандарына заң шеңберінде жұмыс жүргізуді тапсырған аудан басшысы нәтижесін өз бақылауына алатындығын айтты.
Бауыржан НАЙМАНОВ,
Жетісай ауданы.

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

КНИГУ БРИТАНСКОГО БИЗНЕСМЕНА ОБ ОТНОШЕНИИ РУССКИХ И КОЧЕВНИКОВ В НАЧАЛЕ XXВЕКА ПЕРЕВЕЛИ ДЛЯ КАЗАХСТАНЦЕВ

        ...

КНИГУ БРИТАНСКОГО БИЗНЕСМЕНА ОБ ОТНОШЕНИИ РУССКИХ И КОЧЕВНИКОВ В НАЧАЛЕ XXВЕКА ПЕРЕВЕЛИ ДЛЯ КАЗАХСТАНЦЕВ

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ-ТӘЖІРИБЕЛІК КОНФЕРЕНЦИЯ

        ...

КӘСІПОРЫНДАР 7540,4 МЛН. ТЕҢГЕНІҢ ӨНІМІН ШЫҒАРҒАН

     Мақтаарал ауданының ...

«23 сәуір ұлттық егемендік және балаларды қорғау күні» аталып өтті

        ...

22 СӘУІР – АЛТЫН АДАМ КҮН!

Алтын адам алтын тұлға ...

ӘЛЕУМЕТТІК ЖАУАПКЕРШІЛІКТІҢ ЖАРҚЫН ҮЛГІЛЕРІН КӨРСЕТІП КЕЛЕДІ

        ...

САЯХАТТЫҢ ТӘРБИЕЛІК МӘНІ ДЕ ЗОР БОЛДЫ

        ...

ШЕТЕЛДЕГІ ЗАҢСЫЗ ДІНИ БІЛІМ АЛУ

        ...

ТАРТЫНА ТҰРСАҚ, ТУЫСҚАН!

        ...