Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wordpress-seo domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6131
ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕРДІҢ ЖАҺАНДЫҚ ШЛЮЗІН ҚҰРУ ТУРАЛЫ БАСТАМА КӨТЕРДІ - САЙЫПҚЫРАН.KZ Ақпаратты-сараптамалық порталы
Home » PRESS RELEASE » ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕРДІҢ ЖАҺАНДЫҚ ШЛЮЗІН ҚҰРУ ТУРАЛЫ БАСТАМА КӨТЕРДІ

ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕРДІҢ ЖАҺАНДЫҚ ШЛЮЗІН ҚҰРУ ТУРАЛЫ БАСТАМА КӨТЕРДІ

       ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин ақпараттық қоғам жөніндегі дүниежүзілік саммит форумы шеңберінде Женевада Министрлердің дөңгелек үстелінде баяндама жасады.
        Отырыс барысында Министрлік басшысы шетелдік әріптестеріне Қазақстанның цифрландыру саласындағы жетістіктері, мемлекеттік қызметтерге инновацияларды енгізу барысы жайлы айтып,  сондай-ақ мемлекеттік қызметтердің жаһандық шлюзін әзірлеу бойынша  ұсыныс білдірді.
         Бағдат Мусин қазіргі заманғы жағдайлар — азаматтардың өмірін жеңілдету үшін, мысалы, оларға «цифрлық паспорттар» мен басқа да құжаттарды пайдалануға мүмкіндік беру үшін әртүрлі елдердің мемлекеттік ақпараттық жүйелерін интеграциялауды талап ететінін атап өтті.
        «Біз ақпараттық жүйелердің мемлекетаралық интеграциясы туралы байыпты ойлануымыз керек.  Азаматтарымыздың, бизнес пен мемлекеттік билік органдарының өзара іс-қимылын неғұрлым ыңғайлы және адамға бағдарлы ету біздің басты мақсатымыз болуы тиіс. Интеграциялаудың пайдасы туризм, медицина, сауда, білім сияқты түрлі салаларға оң әсер ететіні айқын. Мен Халықаралық Электр байланысы одағы осы бағытта бастама көтеретініне сенемін» —деді министр.
         Алайда, оның айтуынша, мұндай ауқымды жобаны жүзеге асыру үшін нақты әдістеме, стандарттар мен ережелер қажет. Бағдат Мусин Қазақстан үкіметі бұл тұрғыда көмек көрсетуге әзір екенін атап өтті.
        Бағдат Мусиннің бастамасын халықаралық электрбайланыс одағының Бас хатшысы Хоулинь Чжао қолдап, тиісті бюроға осы мәселені пысықтау бойынша арнайы топ құруды  тапсырды.
        Сондай-ақ, форум аясында ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин Халықаралық Электр байланысы одағының стандарттау бюросы зерттеу топтары департаментінің басшысы Билал Джамуссимен екіжақты кездесу өткізді.
            Кездесу барысында Бағдат Мусин Департаменттің осы ұйымға мүше елдердің, әсіресе Қазақстанның технологиялық дамуына қосқан үлесін атап өтіп, Билал Джамуссиді қыркүйек айында Нұр-сұлтан қаласында өтетін Digital Bridge 2022 форумына қатысуға шақырды.
Пресс-служба Министерства цифрового развития,
инноваций и аэрокосмической промышленности РК
press@mdai.gov.kz

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

«ЖАС ҰРПАҚ ЖӘНЕ АБАЙ МҰРАСЫ» ТАҒЫЛЫМДЫ ФОРУМЫ ӨТТІ

        ...

«ТӘУЕЛСІЗДІК КҮНІ» — ҰЛТТЫҢ ҰЛЫҚ МЕРЕКЕСІ!

        ...

«ЕҢБЕК АДАМЫ» КЕЙІПКЕРІ: АҒА МЕЙІРБИКЕНІҢ ЕҢБЕК ЖОЛЫ – ЖАСТАРҒА ӨНЕГЕ!

        ...

АЯГӨЗ АУДАНЫНДА «АУЫЛ» ПАРТИЯСЫНЫҢ МЕДАЛЬДАРЫ ТАБЫСТАЛДЫ

        ...

АУЫЛДЫҚ МЕКТЕП КІТАПХАНАСЫНДА «КІТАПҚА — ЕКІНШІ ӨМІР СЫЙЛА» АКЦИЯСЫ ӨТТІ

        ...

«ТАРИХ ТАРТУЫ — ТӘУЕЛСІЗДІК» КВИЗ САЙЫСЫ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ

        ...

«АУЫЛ» ПАРТИЯСЫНЫҢ БЕЛДІ МҮШЕСІ ВИЦЕ-МИНИСТРДЕН МАРАПАТ АЛДЫ

        ...

«ҮЛКЕНГЕ – ҚҰРМЕТ» АКЦИЯСЫ ӨТТІ

        ...

«ЕҢБЕКҚОРЛЫҚ ЖӘНЕ КӘСІБИЛІК» ИДЕОЛОГЕМАСЫ НЕГІЗІНДЕ ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ ӨТКІЗІЛДІ

        ...

«АУЫЛ» ПАРТИЯСЫ (АОБӨФ) ТӨРАҒАСЫ — «ОЙШІЛІК» АУЛЫНДА БОЛДЫ

        ...