Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the jetpack-social domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6121

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wordpress-seo domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6121
АУДАНДА АУҚЫМДЫ СЕНБІЛІК ӨТТІ - САЙЫПҚЫРАН.KZ Ақпаратты-сараптамалық порталы
Home » Билік » АУДАНДА АУҚЫМДЫ СЕНБІЛІК ӨТТІ

АУДАНДА АУҚЫМДЫ СЕНБІЛІК ӨТТІ

            Түркістан облысы әкімінің бірінші орынбасары А.Жетпісбайдың жергілікті жерлердегі тазалық шараларын ұйымдастырып өткізу туралы хатына сәйкес, басқа өңірлер секілді біздің Жетісай ауданында да ауқымды сенбілік жұмыстары жүргізілді.
           Жетісай ауданының әкімі Мұрат Болатұлының қатысуымен қала, кент және барлық ауылдық округтерде өткен жаппай сенбілік жұмыстарында аудан тұрғындары арасында көшелер мен елді мекендердегі тазалықты сақтауға жұмылдыру ісінде аудан басшысының орынбасарлары мен бөлім басшылары, жергілікті әкімдер мен тұрғындар белсенділік танытып, жер-жерлерде арнайы бекітілген кесте негізінде жұмыстар жүргізілді.
            Аталмыш сенбілік аясында мемлекеттік және квазимемлекеттік қызметкерлер өздеріне бөліп бекітілген көшелерде тазалық жұмыстарын жүргізсе, ауданның әрбір тұрғыны үй іргелік жерлерін күл-қоқыстардан, жапырақтардан тазартты. Сонымен қатар, сенбілік барысында саябақтар мен көшелер, арық-атыздар тазаланды.
          «Күн жылынғаннан бастау алатын тазалық жұмыстарымызға қатысушылардың саны күн санап артып келеді. Бұл дегеніміз – тұрғындардың туған өлкеге деген махаббаты, жанашырлығы деп білеміз. Қазірде аудан аумағында тазалықты сақтау мақсатында арнайы түсіндіру жұмыстарын тынымсыз жүргізіп жатырмыз. Құдай қаласа алдағы уақыттарда аудан аумағына түрлі көшеттерді отырғызып, жасыл аймаққа айналдыратын боламыз» дейді аудан басшысы.
          Сонымен қатар, Мұрат Болатұлы ауылдық округтерді аралап, көктемгі мезгілдерде орын алуы ықтимал су тасқындарының алдын алу, қажетті ағын суларды тұрғындардың егістіктер мен үй іргелік жерлеріне кедергісіз алуын қамтамасыз ету мақсатында тазалық жұмыстары жүргізіліп жатқан су шаруашылығы нысандары мен арық-атыздарды, ішкі каналдар мен көпірлердің астын көріп шықты.
            Бұдан бөлек аудан әкімі «SYRDARIYA SPORT» спорт кешенінің жұмысымен танысты. Мұнда келушілер мен спорттық үйірмелерге қатысушыларға жасалған жағдайларға жоғары бағасын берді.
             Айта кетейік, аудан көлемінде өткен сенбілік шарасын ұйымдастырушылар тазалық жұмыстары тек орталықтарда ғана емес барлық округтерде, елді мекендерде жыл он екі ай жалғасатындығын, әрбір мекеме мен әрбір аула тұрғындарға бекітіліп беріліп, тазалықты сақтауға ауыл ақсақалдары да жұмылдырылатынын айтады.
Б.НАЙМАНОВ, Жетісай ауданы.

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

«АБАЙ ТОЙЫ» ЖОҒАРЫ БАҒАЛАНДЫ

        ...

ОРАЛДА «AUYL FEST. ҚОЙ ШАРУАШЫЛЫҒЫ – 2025» БІРІНШІ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ФЕСТИВАЛІ ӨТТІ

        ...

СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ЖОЛ БЕРМЕУДІҢ ЕЛ ҮШІН МАҢЫЗЫ ЕРЕКШЕ

        ...

СЕМЕЙДЕГІ «САҢЫРАУЛАР ҚОҒАМЫНДАҒЫ» «БАСТАУЫШ ПАРТИЯ ҰЙЫМЫНЫҢ» МҮШЕЛЕРІ ЖИДЕБАЙҒА САПАРЛАП БАРДЫ

       2025 ...

«ҮЛКЕНГЕ – ҚҰРМЕТ»: СЕМЕЙДЕ МҮГЕДЕК ШЕБЕРГЕ КӨМЕК КӨРСЕТІЛДІ

        ...

ТЕГЕУРІН ТӨЗІМ ИЕСІ ОЛ – «ТЕМІРЖОЛШЫ»

        ...

Абайдың 180 жылдығында – текті әулеттен шыққан Жетісайдың қызы «Жеті қазынаға» енді

        ...

ЖЫР ЖОЛЫНДАҒЫ ЖҰМБАҚ ЖОЛ

        ...

ДАНА АБАЙДЫҢ 180 ЖЫЛДЫҚ МЕРЕЙТОЙЫ – КЕҢ КӨЛЕМДЕ ТОЙЛАНДЫ

        ...

ТАРИХИ ТҮЙЕМОЙНАҚТАҒЫ «ЭТНО-АУЫЛҒА» САПАР

        ...