Home » Әдебиет » ЖЕТІСАЙ ЖҰРТЫ АҚЫНЫН АРДАҚТАДЫ

ЖЕТІСАЙ ЖҰРТЫ АҚЫНЫН АРДАҚТАДЫ

           Мырзашөл топырағы талай-талай тума таланттарды өмірге әкеліп, томағасын сыпырып, өнер, спорт әлеміне қанат қақтырған қасиетті жер. Туған жердің топырағы мен нұрынан нәр алып, аядай елді әлемге танытып жүрген жандар аз емес бүгінде.
          Мырзашөлдің сондай марқасқа ұлдарының бірі, ақын-сазгер Мұхтар Құралов 75 жасқа толып отыр. Елдің алақанында жүріп, тамаша туындыларын тарту еткен азаматының мерейлі мерекесін жетісайлық жұртшылық жоғары деңгейде атап өтті.
           Жетісай Аудандық Мәдениет Үйінде өткен әдеби-сазды кешке Жетісай ауданы әкімінің орынбасары Серик Примбеков пен «Nur Otan» партиясы Жетісай аудандық филиалы төрағасының орынбасары Әділхан Асауов, аудандық мәслихат депутаты Гульмира Саржанова, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Айтбай Махамбетов пен әжелер алқасының төрайымы Айжамал Қоңырбаева, зиялы қауым өкілдері мен мәдениет саласының майталмандары, жыр сүйер жастар қатысты.
          «Мұхтар ағамыз тек жетісайлықтардың ғана емес, күллі қазақтың мақтанышы. Ақынның «Бұлқынды жүрек», «Ақ тілек», «Алтынай», «Нұр Астана», «Шырайлым», «Өзіңсің әсем Астана» сынды әндері халық арасында кеңінен таралып, жиі айтылатын танымал әндердің қатарында.
        Ағамызды бүгінгі мерейлі мерекесімен құттықтай отырып деніне саулық, шығармашылық шабыт тілеймін! Елге тарту етер тамаша туындыларыңыз таусылмасын» деген Серік Пірімбеков мерей той иесіне аудан әкімі Мұрат Болатұлының құттықтау хатын табыстап, иығына зерлі шапан жапты.
       1947 жылы 24 ақпанда Оңтүстік Қазақстан облысы, Жетісай ауданы, ХХ партсъезд кеңшарында шаруа отбасында дүниеге келген Мұхтар Құралов алғашқы еңбек жолын да осы кеңшарда қатардағы жұмысшы болып бастаған. Жергілікті басылымдарда тілші болып, 1980 жылдан 2012 жылы зейнеткерлікке шыққанша Киров және Жетісай аудандарының мәдениет үйлерінде түрлі лауазымдарда абыроймен қызметтер атқарған. Туған жердің мәдениеті мен әдебиетін дамытуда еткен еңбегі еленіп «Мақтарал ауданының Құрметті азаматы», «2017 жылдың Үздік сазгері» атанып, «ел Тәуелсіздігінің 20 жылдығы», «Облысқа сіңірген еңбегі үшін» медальдарының иегері болды. 60-тан аса әндер мен өлеңдердің авторы 2007 жылы өз әндерінен «Бұлқынды жүрек» облыстық әншілер байқауын өткізген.
         Кеш барысында Т.Молдағалиевтің «Бойжеткен», И.Сапарбаевтың «Лала гүл», М.Мақатаевтың «Бесік жыры», Т.Айбергеновтың «Сәлем саған, Қажымұқан» және М.Шахановтың «Мені неге Мұхтар қойған?», «Жороков көшесіндегі кездесу» өлеңдеріне ән жазған Мұхтар Құраловтың әндері шырқалып, өлеңдері оқылды.
          Жазба ақындығымен қатар суырып салма айтыскерлігі, сазгерлігі қатар жүретін мерей той иесі 2009 – 2011 жылдар аралығында Астана, Алматы, Шымкент секілді еліміздің ірі қалаларында бірнеше рет шығармашылық кештерін өткізген. «Алпысқа келді бір ақын», «Айдай әсем Мақтаралым», «Ақ алтынды ауылым» атты жыр жинақтары мен «Айтамын десең өзің біл» атты ән жинағы жарық көрген.
          «Алдағы күндері ақынның мерей тойын тиісті дәрежеде атап өту мақсатында аудандық ардагерлер кеңесінің ұйымдамтыруымен бірнеше кездесулер мен әдеби-сазды кештер ұйымдастырылатын болады. Бұл мақсатта аудандық ардагерлер алқасы тиісті жұмыстарды атқарып жатыр» дейді аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Айтбай Махамбетов.
Б.НАЙМАНОВ.

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

СУ ТАСҚЫНЫНАН ЗАРДАП ШЕККЕН АЙМАҚТАРҒА 1,3 МИЛЛИАРД ТЕНГЕ БӨЛДІ

        ...

Туризмді одан әрі дамыту туралы сөз қозғалды

        ...

КНИГУ БРИТАНСКОГО БИЗНЕСМЕНА ОБ ОТНОШЕНИИ РУССКИХ И КОЧЕВНИКОВ В НАЧАЛЕ XXВЕКА ПЕРЕВЕЛИ ДЛЯ КАЗАХСТАНЦЕВ

        ...

КНИГУ БРИТАНСКОГО БИЗНЕСМЕНА ОБ ОТНОШЕНИИ РУССКИХ И КОЧЕВНИКОВ В НАЧАЛЕ XXВЕКА ПЕРЕВЕЛИ ДЛЯ КАЗАХСТАНЦЕВ

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ-ТӘЖІРИБЕЛІК КОНФЕРЕНЦИЯ

        ...

КӘСІПОРЫНДАР 7540,4 МЛН. ТЕҢГЕНІҢ ӨНІМІН ШЫҒАРҒАН

     Мақтаарал ауданының ...

«23 сәуір ұлттық егемендік және балаларды қорғау күні» аталып өтті

        ...

22 СӘУІР – АЛТЫН АДАМ КҮН!

Алтын адам алтын тұлға ...

ӘЛЕУМЕТТІК ЖАУАПКЕРШІЛІКТІҢ ЖАРҚЫН ҮЛГІЛЕРІН КӨРСЕТІП КЕЛЕДІ

        ...

САЯХАТТЫҢ ТӘРБИЕЛІК МӘНІ ДЕ ЗОР БОЛДЫ

        ...