Warning: Trying to access array offset on value of type bool in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-content/themes/jarida/functions/common-scripts.php on line 150
АЙТАР АЛҒЫСЫМЫЗ КӨП БОЛСЫН! - САЙЫПҚЫРАН.KZ Ақпаратты-сараптамалық порталы
Home » Қоғам » АЙТАР АЛҒЫСЫМЫЗ КӨП БОЛСЫН!

АЙТАР АЛҒЫСЫМЫЗ КӨП БОЛСЫН!

          Құрметті қазақстандықтар, аудан тұрғындары!!!
Сіздерді 1 наурыз — Алғыс айту күнімен шын жүректен құттықтаймын!

          Елімізде 1 наурыз — «Алғыс айту күні» болып 2016 жылдан бастап атап өтілуде. 2016 жылғы 14 қаңтарда Елбасы Н.Ә.Назарбаев Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылған күні 1 наурызды елімізде «Алғыс айту күні» деп жариялап, Жарлыққа қол қойған болатын. Бұл күні халқымыздың бір-біріне өзара қамқорлығы, береке-бірлігі мен ынтымағы кеңінен дәріптеледі. Біз осы құндылықтардың арқасында түрлі сынақтардан сүрінбей өттік. Тәуелсіздігіміздің арқасында толағай табыстарға қол жеткіздік.

         Қазіргі таңда Қазақстанда тұрып жатқан 130 дан астам этнос өкілдері бір атаның баласындай егемен елімізді дамытуға, бейбітшілікті, татулық пен келісімді нығайтуға өлшеусіз үлес қосуда. Ендеше, көңілді жадырататын жақсылық істеріміз бен айтар алғысымыз көп болсын.

        Еліміз өркендеп, бір шаңырақ астындағы халқымыздың ынтымағы мен бірлігіміз нығая түсіп, достық, бірлік мәңгі жасай берсін! Еліміз тыныш, туған жеріміз аман болып, әр отбасында шат көңіл, бақыт және береке салтанат құрсын! 1 наурыз – Алғыс айту күні құтты болсын!

Ізгі ниетпен!
Асан Сапарбекұлы Ботабеков,
Түркістан облысының қоғамдық даму басқармасы «Қоғамдық келісім» КММ Мақтаарал аудандық филиалының басшысы.

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

Лайықты таңдау – жарқын болашақтың бастауы!

        ...

Белсенді сайлаушы – берік қоғамның кепілі

        ...

Әрбір дауыс – жауапкершілік, әрбір таңдау – болашаққа қосылған үлес

        ...

ЖАҢА ҚОНЫС ИЕЛЕРІНЕ ПӘТЕР КІЛТТЕРІ ТАБЫСТАЛДЫ

        ...

ЕРІКТІ ҚОНЫС АУДАРУҒА МЕМЛЕКЕТТІК ҚОЛДАУ КҮШЕЙТІЛДІ

        ...

ҚҰРЫЛТАЙ САЙЛАУЫ ЖӘНЕ ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЖАҢА САЯСИ МОДЕЛІ: ҚОҒАМ НЕ ҰТАДЫ?

       Қазақстан ...

РУХАНИ МҰРАНЫ ҰЛЫҚТАҒАН ТАҒЫЛЫМДЫ КЕЗДЕСУ

        ...

ӨЗ ТАҢДАУЫҢ – ӨЗ БОЛАШАҒЫҢ!

       Ағымдағы ...

МЕМЛЕКЕТТІК КӨРСЕТІЛЕТІН ҚЫЗМЕТТЕР БОЙЫНША I ЖАРТЫЖЫЛДЫҚТА АТҚАРЫЛҒАН ЖҰМЫС ҚОРЫТЫНДЫСЫ

        ...

ӨЗ ТАҢДАУЫНДЫ ЖАСА!

       Әрбір ...