Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wordpress-seo domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6131
КӘСІПКЕРЛЕР ҚИРАҒАН АЛМАТЫНЫ ЖӨНДЕУГЕ АТСАЛЫСУДА - САЙЫПҚЫРАН.KZ Ақпаратты-сараптамалық порталы
Home » Business » КӘСІПКЕРЛЕР ҚИРАҒАН АЛМАТЫНЫ ЖӨНДЕУГЕ АТСАЛЫСУДА

КӘСІПКЕРЛЕР ҚИРАҒАН АЛМАТЫНЫ ЖӨНДЕУГЕ АТСАЛЫСУДА

       Алматыда кәсіпкер су жаңа жедел жәрдем көлігін ауруханаға тарту етті.
        Естеріңізге сала кетейік, қаңтардың 4інен басталған митингі соңы дүрбелеңге ұласып, бірнеше ірі сауда үйлері тоналған, полиция мен жедел жәрдем көліктері бүлініп іске жарамсыз болып қалған. Осыған орай кәсіпкерлер бұзақылар бүлдірген техникалар мен автокөліктердің шығынын толықтай мемлекетке артпау керек деп санайды. Миллиардтаған шығынның барлығын халық қазынасынан өтеу мемлекеттің жоспаралған әлеуметтік жобаларының уақытылы жүзеге асуына кедергі келтіреді. Сондықтан, бүлінген дүниенің орын толтыруға мүмкіндігі бар азаматтар да қол ұшын беру керек деп санайды кәсіпкерлер.
          Атыраулық кәсіпкер Алматының Орталық клиникалық ауруханасына толықтай заманауи құралдармен жабдықталған жедел жәрдем көлігін «Барыс жылы біздің еліміз үшін өте қайғылы күндермен басталып жатыр. Оның үстіне коронавирус қатты таралып жатып. Осыны ескеріп Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлының ұсынысы қабыл алып, осы қалалық клиникалық ауруханасына жедел жәрдем көлігін тарту етіп жатырмын. Еліміз кешегі оқиғадан соң қатты шығына батты. Полция, өрт сөндіру, оның ішінде аурханалардың да отыздан аса көлігі отқа оранып немес қираған. Оның сыртында қаншама әкімдіктің ғимараттары, бизнес нысандары қиарды. Оның бәрін бюджетке салмақ қылып түсірек ауыр тиеді. Мектеп, балабақша, аурухана салу сынды әлеуметтік жобалардың жүзеге асуына кедергі келтіреді. Осы елде кәсіп қылдық, азды-көпті табыс таптық, өмір сүрдік. Енді осындай қиын кезде бір жағынан шығысып, көмек көрсету азаматтық борышымыз деп өзгеде әріптестерімді осы іске шақырамын», — деді кәсіпкер Әділ ЖҰБАНОВ.
            Лаңкестер Алматыда 140 көлікті қиратқан. Елуге жуық көлік өртенсе, тағы осыншалықты арнайы техникаларға оқ атылған. Бұзақылар 32 жедел жәрдем көлігін қиратқан. Оның ішінде төрт машина мүлдем жарамсыз. Жедел жәрдем көлігінің бір данасы кемінде 20 миллион теңге тұрады. Кезекшілік кезінде бір көлік тәулігіне оншақты рет науқастарды тасуға жолға шығады екен. Шығын көлемі әлі анықталған жоқ. Кәсіпкердің аурханаға сыйға тартқан су жаңа жедел жәрдем көлігі қажетті медициналық құралдармен толықтай жабдықталған.
         «Бұл жедел медициналық көмек көрсету машинасын біз ауыр жағдайдағы науқастарды басқа қаладан немесе өзге ауруханаларға, емдеу мекемелеріне тасымалдауға қолданамыз. Амбулаторлық гемодиализ қабылдайтын науқастарға да қолданамыз. Клиникаға күніне 250-300 адам медициналық көмекке жүгінеді. Шамамен олардың 50 шақтысы ауруханаға жатқызамыз», -деді Орталық қалалық клиникалық аурханасы директорының орынбасары Гүлбану Қонаева.
Аида КОЖМАМБЕТОВА,
Алматы қаласы.

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

ОЗЕРКИ АУЫЛЫ МЕКТЕБІНДЕ «КІТАПҚА – ЕКІНШІ ӨМІР СЫЙЛА» АКЦИЯСЫ ӨТТІ

        ...

«ХАЛЫҚАРАЛЫҚ МҮГЕДЕКТІГІ БАР АДАМДАР КҮНІНЕ» АРНАЛҒАН ҚОҒАМДЫҚ ІС-ШАРАСЫ ӨТТІ

        ...

STAEM ӘДІСІНІҢ БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫН ДАМЫТУДАҒЫ РӨЛІ

        ...

МҚІА ТҮКІСТАН ОБЛЫСЫ БОЙЫНША ДЕПАРТАМЕНТІ: ҚЫЗМЕТ АЛУШЫНЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ ҚАЛПЫНА КЕЛТІРІЛДІ

        ...

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ САПАСЫ – БАСТЫ НАЗАРДА

        ...

АГРОӨНЕРКӘСІП КЕШЕНІНДЕГІ ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯЛАР МЕН КООПЕРАЦИЯ — АУЫЛ ДАМУЫНЫҢ КІЛТІ», БИОГУМУС ӨНІМІ ТУРАСЫНДА ДӘРІС–ЖИЫНЫ ӨТТІ

        ...

«СЕМЕЙ ПОЛИГОНЫНЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК ЖӘНЕ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ЗАРДАПТАРЫ» ҚОҒАМДЫҚ ІС-ШАРАСЫ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ

        ...

ЕҢБЕКТІ СҮЙГЕН ЖАНДАРДЫҢ МАРАПАТЫ

        ...

ОЛЖАС СҮЛЕЙМЕНОВ «НОБЕЛЬ СЫЙЛЫҒЫН» АЛАДЫ МА?

      Олжас ...

АЛМАТЫНЫҢ АУАСЫН ТАЗАРТАТЫН ТЕХНОЛОГИЯ ІСКЕ АСПАҚШЫ

        ...