Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wordpress-seo domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6131
ЖАСТАР - ҰЛТ БОЛАШАҒЫ - САЙЫПҚЫРАН.KZ Ақпаратты-сараптамалық порталы
Home » Қоғам » ЖАСТАР — ҰЛТ БОЛАШАҒЫ

Notice: Undefined index: tie_sidebar_pos in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-content/themes/jarida/includes/post-head.php on line 5

ЖАСТАР — ҰЛТ БОЛАШАҒЫ

Бүгінгі жас ұрпақ – болашақ заман адамы. Қаймағы бұзылмаған қазақ халқының қарқынды дамуы, ел болашағаның кепілі. Даму барысында негізгі рөл жастарға артыларын ескерсек, сол жастар өз қара басының қамын қамдамай, ел болашағының беріктігін қалқалап жүруі керек. Ол үшін негізгі міндет — сапалы білім. Білімді азамат атанып, ел мерейін асқақтатары тақиямызға тар келмесі анық. Сондай-ақ, айрандай ұйып, басы біріккен озық елдер қатарына қосылып көшбасшы атану көкірегімізде жалындап тұрған алау – үміттердің бірі. Тереземіз тең, керегеміз кең болуы үшін де зияткер ұл-қыз, білікті балалар тәрбиелеуіміз шарт. Еліміздегі татулықтың арқасында бейбіт күн кешіп, жыл сайын жылжып, күн сайын өсіп отырған мемлекетіміздің алар асуы алда екеніне сенеміз. Дамыған елдерден даралану үшін, әр Алаш азаматы қол қусырып жатпасы хақ.
Мен – жас маманмын: соның ішінде ұстазбын! Кешегі балғын бөбектен «адам» деген жаратылысты тәрбиелеп шығудан абыройлы іс жоқ шығар тегінде. Даналықтың қайнар көзі — білім. Даналыққа жету жолы қиын да ұзақ. Біз төл тарихын жетік білетін, бағалайтын және мақтан ететін және алған білімін әлемдік өркениетпен үндестіре білетін өскелең ұрпақты ұлттық рухта тәрбиелеуіміз қажет. Ел боламын десен, бесігіңді түзе,-дегендей, еңсесін енді ғана көтеріп келе жатқан біздің еліміз үшін дарынды, білімді, жігерлі ұрпақтардың орны бөлек қой. Ал барлық жігер, қайрат, еліміздің болашағы тек жастардың қолында. Елбасымыздың Халыққа Жолдауында: Біздің ұрпақ алдында бабалар қол жеткізген игілікті сақтау, қайта қалпына келтірілген мемлекетімізді нығайту және дүниежүзілік қауымдастық талаптарына сай жаңа сапалық деңгейге көтерілу міндеті тұр,- деп, жастарға зор сенім мен үміт артып отыр. Сол сенімді ақтап, болашағымызды жарқын қылайық.

C.Турсунова,
Мақтаарал ауданы тәжік этносының өкілі.

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

«ЖАС ҰРПАҚ ЖӘНЕ АБАЙ МҰРАСЫ» ТАҒЫЛЫМДЫ ФОРУМЫ ӨТТІ

        ...

«ТӘУЕЛСІЗДІК КҮНІ» — ҰЛТТЫҢ ҰЛЫҚ МЕРЕКЕСІ!

        ...

«ЕҢБЕК АДАМЫ» КЕЙІПКЕРІ: АҒА МЕЙІРБИКЕНІҢ ЕҢБЕК ЖОЛЫ – ЖАСТАРҒА ӨНЕГЕ!

        ...

АЯГӨЗ АУДАНЫНДА «АУЫЛ» ПАРТИЯСЫНЫҢ МЕДАЛЬДАРЫ ТАБЫСТАЛДЫ

        ...

АУЫЛДЫҚ МЕКТЕП КІТАПХАНАСЫНДА «КІТАПҚА — ЕКІНШІ ӨМІР СЫЙЛА» АКЦИЯСЫ ӨТТІ

        ...

«ТАРИХ ТАРТУЫ — ТӘУЕЛСІЗДІК» КВИЗ САЙЫСЫ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ

        ...

«АУЫЛ» ПАРТИЯСЫНЫҢ БЕЛДІ МҮШЕСІ ВИЦЕ-МИНИСТРДЕН МАРАПАТ АЛДЫ

        ...

«ҮЛКЕНГЕ – ҚҰРМЕТ» АКЦИЯСЫ ӨТТІ

        ...

«ЕҢБЕКҚОРЛЫҚ ЖӘНЕ КӘСІБИЛІК» ИДЕОЛОГЕМАСЫ НЕГІЗІНДЕ ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ ӨТКІЗІЛДІ

        ...

«АУЫЛ» ПАРТИЯСЫ (АОБӨФ) ТӨРАҒАСЫ — «ОЙШІЛІК» АУЛЫНДА БОЛДЫ

        ...