Home » Экономика » Кәсіпкерлік » ЖЕТІСАЙДА 422 ОТБАСЫҒА АЗЫҚ-ТҮЛІК ТАРАТЫЛДЫ

Notice: Undefined index: tie_sidebar_pos in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-content/themes/jarida/includes/post-head.php on line 5

ЖЕТІСАЙДА 422 ОТБАСЫҒА АЗЫҚ-ТҮЛІК ТАРАТЫЛДЫ

Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай «Халық» Қайырымдылық Қорының қолдауымен «Ел тірегі – Елбасы» атты акциясы жалғасын табуда.

Еліміздің барлық өңірлерінде өткізіліп жатқан игі шараның бірінші кезеңіне Жетісай аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі арқылы қиын қаржылық жағдайға тап болған аз қамтылған, көпбалалы, сондай-ақ, ерекше қажеттіліктері бар балаларды өсіріп отырған 98 отбасы қатысса, екінші кезеңде қала, кент, ауылдық округтерден 146 отбасы қамтылған. Бұл жолы 422 отбасы қамтылса, оның ішінде 127 отбасы Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Естайұлының бастамасымен қолға алынған «ҚАМҚОРЛЫҚ» бағдарламасы аясындағылар болса, 295-і ерекше қамқорлықты қажет ететін отбасылар.

Әр отбасыға күріш, қарақұмық, ұн, макарон, өсімдік майы, бұқтырылған ет, қант, шай және тәттілер салынған 50 келіден азық-түлік қораптары үлестірілді.
«Өңірлердегі табысты кәсіпкерлер мен қайырымдылық ұйымдарының демеушілігімен бастау алған «Халық» Қайырымдылық Қорының «Ел тірегі – Елбасы» акциясы бүгінде қызу қолдауға ие болып, жалғасын тапты. Топтастырылған азық-түлік себеттері тағдырдың түрлі қиындықтарына тап болған отбасыларға үлестірілуде. Өзінде барды өзгемен бөлісіп, қолұшын созған азаматтарға айтар алғысымыз шексіз. Аталмыш шара арқылы қайырымдылықтың қазақы қанымызға сіңген қасиет екеніне тағы да бір рет көз жеткізіп отырмыз» дейді Жетісай аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Әділхан Әбжанов.

«Халық» Қайырымдылық Қоры Қамқоршылар кеңесінің шешімімен «Ел тірегі – ЕЛБАСЫ» акциясының бірінші кезеңінде республика бойынша 15 мың мұқтаж отбасылар қамтылса, екінші кезеңде 20 мың отбасы, ал, үшінші кезеңінде тағы 20 мың отбасы қамтылып отыр.

Айта кетейік, 2020-2021 жылдар аралығында Республикада аз қамтамасыз етілген, көпбалалы, мүмкіндігі шектеулі балалары бар отбасыларға 4 млн теңгені құрайтын 80 мың дана азық-түлік топтамасы берілсе, желтоқсан айында тағы 20 мың отбасыға 520 млн теңгенің 1 млн келінің азық-түлігі таратылуда.

Бауыржан НАЙМАНОВ,

Жетісай ауданы.

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

ШЕТЕЛДЕГІ ЗАҢСЫЗ ДІНИ БІЛІМ АЛУ

        ...

ТАРТЫНА ТҰРСАҚ, ТУЫСҚАН!

        ...

Эвакуацияланғандар жатақханаларға көшірілді

        ...

КИЕЛІ МЕКЕН: ЖЕТІСУДА ТАЗАЛЫҚ АКЦИЯСЫ ЖАЛҒАСУДА

        ...

ОРТАЛЫҚ АЗИЯДАН КЕЛГЕН МЕДИЦИНАЛЫҚ ОҚУ ОРЫНДАРЫНЫҢ СТУДЕНТТЕРІНЕ ҚАЗАҚСТАН ОҚУТУ ЖҮРГІЗУДЕ

        ...

ИНСУЛЬТ ДЕГЕНІМІЗ НЕ?

       Бас ...

БІЗДІҢ ҰЛАНЫМЫЗ АЙТУЛЫ БАЙҚАУДА ЖҮЛДЕГЕР АТАНДЫ!

        ...

МЕЙІРГЕР – МЕДИЦИНАНЫҢ ЖАҢА МОДЕЛІ

        ...

ТЫНЫС ЖӘНЕ ЖҮРЕК ЖҰМЫСЫНЫНҢ ТОҚТАУЫНДАҒЫ КӨМЕК

        ...

ҚЫЗЫЛША АУРУЫ

       Қызылша ...