Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the jetpack-social domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6121

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wordpress-seo domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6121
ҚАЗАҚ ТІЛІНЕ ДЕГЕН ҚҰРМЕТ КҮШЕЮДЕ - САЙЫПҚЫРАН.KZ Ақпаратты-сараптамалық порталы
Home » Қоғам » Білім саласы » ҚАЗАҚ ТІЛІНЕ ДЕГЕН ҚҰРМЕТ КҮШЕЮДЕ

ҚАЗАҚ ТІЛІНЕ ДЕГЕН ҚҰРМЕТ КҮШЕЮДЕ

              «Ұстаздық еткен жалықпас – үйретуден балаға» деп ұлы ақын Абай айтып кеткендей, ұрпақ тәрбиесі жолында аянбай тер төгіп келе жатқан ұстаздардың өмірі көпке үлгі-өнеге боларлықтай.
Өзге ұлт өкілдерінің ана тлімізді жетік меңгеріп, ана тілімізде мүдірмей сөйлеп дәріс беруі тіптен көңіл қуантарлық дүние. Сондай ұлағатты ұстаздардың бірі – Жетісай ауданы, «М.Байзақов»  атындағы жалпы орта мектебінің мұғалімі Раджапкүл Қолдашева.  Ұлты тәжік болса да орта мектепті қазақ тілінде бітіріп, қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі мамандығын таңдаған жас ұстаз қоғамдық істерде де белсенді.
         
           60-тан астам ұлттар мен ұлыстардың құтты мекеніне арналған қасиетті Жетісай топырағы тек қана ақ алтынымен ғана емес ынтымағымен де үлгі боларлық мекен.
             Ауданда бүгінде 5 мәдени орталық бар.   Десек те, әрбір мәдени орталықатың мүшелері ауданның әлеуетінің артуына өзіндік үлесін қосып келеді. Сондай ауданның белсенді жас ұстаздарының бірі – Раджапкүл Қолдашева «М.Байзақов» атындағы орта мектебінде 2014-жылдан бері қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі. Орта мектепті қазақ тілінде бітіріп, жоғары оқу орынын да қазақ тілінде оқыған тәжік ұлтының өкілі бүгінде аудандағы қоғамдық, саяси істерге де белсене араласып келеді. Облыстық, аудандық байқаулардың жүлдегері. Өзі еңбек ететін мектепте шәкірттерінің де заман талабына сай жаңалықтардан артта қалғанын қаламайды, үнемі ізденіс үстінде.
          «Менің қазақ тіліне деген қызығушылығым мектеп қабырғасында басталған. Сол кездердің өзінде мектептегі іс-шараларға белсене араласып, қазақ тілінде өлең шығарып жүрдім. Қазір де қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімімін.
Оқушыларға қазақ тілін оқытып, қазақ тілінде сөйлету қиындық туғызбайды. Өйткені, біздің отбасыларымыздағы қолданыс тіліміз – мемлекеттік тіл, қазақ тілі» дейді Раджапкүл Қолдашева.
             Бүгінде аталмыш білім ұясында қызметін абыроймен атқарып келе жатқан ардагер ұстаздар да жоқ емес. Осы жылдар ішінде мектептің материалдық-техникалық базасын нығайтып, оқытудың жаңа инновациялық әдістерін енгізуге күш салып, қаншама жас маманға жол көрсетіп, нағыз ұстаз болып қалыптасуына еңбек сіңірген ұлағатты жандарға ауыл-аймақтың құрметі үлкен. Олардың тынымсыз еңбегі мен ізденісінің нәтижесінде білім ошағынан талай түлек қанаттанып ұшып, бүгінде еліміздің түкпір-түкпірінде түрлі салаларда қызмет атқаруда. Білім ордасын басқарып отырған Сағит Дүйсенбиев мектеп мұғалімдерінің ауданның қоғамдық-саяси өміріне де белсене араласатынын мақтанышпен тілге тиек етеді. Өйткені – көпұлтты Қазақстанда ұлттар мен ұлыстардың ынтымағы, бірлігі бірінші кезекте екені рас. Олардың да еш кемсітусіз білім алуларына да барлық жағдай жасалған.
             «Біздің мектебімізде 485 оқушыға 64 мұғалім сабақ береді. Оқушылардың 30-ға жуығы тәжік ұлтының балалары болғанымен мемлекеттік тілде сауаттарын ашып, білім алып келеді. Нәтижесі де жаман емес. Алтын белгі мен үздік аттестатқа мектепті тәмамдап жатқандары да бар. ҰБТ-ға қатысып, еліміздің жоғары оқу орындарында қатарластарының алды болып та жүр» дейді «М.Байзақов» атындағы жалпы орта мектебінің директоры Сағит Дүйсенбиев.
            Бүгінде аталмыш мектепте мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеру мақсатында түрлі бағыттарда арнайы жоспар бекітіліп, жұмыс жүргізіп келеді. Мұнда ауылда мекен ететін тәжік ұлтының балалары қазақ тілінде хат танып, қазақ тілінде дәріс алуда. Мұның өзі – елімізді мекен еткен ұлттардың қазақ тіліне деген құрметінің бір айғағы.  Ия, «М.Байзақов» атындағы жалпы орта мектебінің мұндай игілікті бастамалары мен нәтижелі еңбектері үлгі аларлық-ақ дүние.
Бауыржан НАЙМАНОВ,
Жетісай ауданы.

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

«АБАЙ ТОЙЫ» ЖОҒАРЫ БАҒАЛАНДЫ

        ...

ОРАЛДА «AUYL FEST. ҚОЙ ШАРУАШЫЛЫҒЫ – 2025» БІРІНШІ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ФЕСТИВАЛІ ӨТТІ

        ...

СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ЖОЛ БЕРМЕУДІҢ ЕЛ ҮШІН МАҢЫЗЫ ЕРЕКШЕ

        ...

СЕМЕЙДЕГІ «САҢЫРАУЛАР ҚОҒАМЫНДАҒЫ» «БАСТАУЫШ ПАРТИЯ ҰЙЫМЫНЫҢ» МҮШЕЛЕРІ ЖИДЕБАЙҒА САПАРЛАП БАРДЫ

       2025 ...

«ҮЛКЕНГЕ – ҚҰРМЕТ»: СЕМЕЙДЕ МҮГЕДЕК ШЕБЕРГЕ КӨМЕК КӨРСЕТІЛДІ

        ...

ТЕГЕУРІН ТӨЗІМ ИЕСІ ОЛ – «ТЕМІРЖОЛШЫ»

        ...

Абайдың 180 жылдығында – текті әулеттен шыққан Жетісайдың қызы «Жеті қазынаға» енді

        ...

ЖЫР ЖОЛЫНДАҒЫ ЖҰМБАҚ ЖОЛ

        ...

ДАНА АБАЙДЫҢ 180 ЖЫЛДЫҚ МЕРЕЙТОЙЫ – КЕҢ КӨЛЕМДЕ ТОЙЛАНДЫ

        ...

ТАРИХИ ТҮЙЕМОЙНАҚТАҒЫ «ЭТНО-АУЫЛҒА» САПАР

        ...